Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности в сфере использования космического пространства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности в сфере использования космического пространства
- Атауы (қаз.)
- Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1395
- Қабылданған күні
- 29.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2013 AI36479_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001395_
- ЭКБ идентификаторы
- 36479
- Редакция идентификаторы
- AI36479_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:18
0 Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.11 № 22 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2 2) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2 2. Мыналардың:
1 1) "Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 431 қаулысының ;
2
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының;
3
3) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 17, 191-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1395 қаулысымен
бекітілген
10 Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Қазақтан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1395 қаулысымен
бекітілген
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1 1) дара кәсіпкер ретінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін - біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің;
заңды тұлға үшін:
тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазулармен немесе шарттармен расталған жоғары білімінің және басшы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілімен ұйым басшысының;
штатта біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуының;