Об утверждении формы Типового договора на проведение профессиональной практики
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы Типового договора на проведение профессиональной практики
- Атауы (қаз.)
- Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 582
- Қабылданған күні
- 29.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2016 AI36482_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070005053_
- ЭКБ идентификаторы
- 36482
- Редакция идентификаторы
- AI36482_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:45
0 Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (C.М. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице - министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
0 Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 582 бұйрығымен бекітілген
Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны
___________________________________________________________________
бірінші тараптың білім беру ұйымының атауы
___________________________________________________________________
(басшысының немесе басқа уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
екінші тараптан заңды тұлғанын атауы
___________________________________________________________________
(басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
төмендегілер туралы осы шартты жасады:
1. Білім беру ұйымдары міндеттенеді:
1. Кәсіптік практиканың басталуынан екі ай бұрын (мекемеге, ұйымға) кәсіптік практика бағдарламаны практикадан өтудің күнтізбелік кестесін және білім алушы практиканттардың санын келісу кәсіпорынға үшін ұсыну.
2. Практика басталуынан бір апта бұрын кәсіби практикаға жіберілген студентердің тізімін (тегі, аты, әкесінің аты) кәсіпорынға (мекеме, ұйым) ұсыну.
3. Білім беру ұйымдарының білікті оқытушыларының практиканың жетекшілерін тағайындау.
4. Кәсіпорынның (мекеме, ұйым) қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын студенттер еңбек тәртібінің және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақталуын қамтамасыз ету.
5. Кәсіпорынның (мекеме, ұйым) басшылары мен қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету.
2. Кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) міндеттері:
1. Ұсынылған күнтізбелік жоспарға сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін білім беру ұйымдарының орын бөлуі.
2. Әр жұмыс орнында білім алушылардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
3. Еңбек қорғау жөніндегі нұсқамалар өткізу
4. Білім алушылардың кәсіби практика бағдарламасын орындауына қажетті жағдай жасау.
5. Кәсіби практиканың басшылығы үшін білікті оқушы мамандарды қамтамассыз ету.
6. Кәсіби практика аяқталған соң әрбір білім алушы практиканттың жұмысын және дайындаған есебінің сапасын бағалау туралы мінездеме беру
3. Тараптар жауапкершілігі
1. Тараптар бірлескен қызмет процессінде белгілі болған жеке өндірістік тәртіп мәліметтерін таратпауға міндеттенеді.
4. Шарттың мерзімі
1. Осы шарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және тұрақты негізде қолданыста болады.
2. Шарт екінші тарапқа шарттың тоқтатылуы туралы мәліметті жіберген соң екі ай ішінде жазбаша хабарлау арқылы ғана бұзылады.
3. Өзара келісім шарт екі жақтың келісімі бойынша бұзылуы тиіс.
5. Тараптардың заңды мекен-жайы:
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
Басшы Басшы
(қолы) (қолы)
" " жылы " " жылы
(мөрдің орны) (мөрдің орны)