О проведении приписки к призывному участку государственного учреждения "Управление по делам обороны города Кокшетау" граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки к призывному участку государственного учреждения "Управление по делам обороны города Кокшетау" граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет
- Атауы (қаз.)
- "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 06.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2008 36494_179242.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07BA000071
- ЭКБ идентификаторы
- 36494
- Редакция идентификаторы
- 36494_179242
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:42
0 "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскериміндеттілік және әскери қызмет туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, әскери есепке азаматтарды қабылдау, олардың санын, денсаулық жағдайын және әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, физикалық дайындық деңгейін анықтау, шақырылушыларды алдын ала тағайындау, әскери оқу орындарына түсуші және әскери - техникалық мамандарды дайындауға үміткерлерді іріктеу мақсатында, қала әкімі ШЕШТІ:
1 1. "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 2008 жылдың 10 қаңтарынан 31 наурызға дейін осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу өткізсін.
2 2. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың тұрғын үй пайдалану ұйымдарының меншік нысаны мен бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, білім ұйымдарының басшылары:
1 1) белгіленген нысанда шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті 1991 жылы туған жасөспірімдердің тізімін "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұсынсын;
2 2) шақыру алдындағыларды есепке қоюмен байланысты міндеттерін орындау үшін азаматтарды қажетті уақытта, жұмыс орны мен лауазымын сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.
3 3. "Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін:
1 1) офтальмолог, психиатр, отоларинголог, невропатолог, терапевт, стоматолог, хирург, дерматолог, рентгенолог дәрігер-мамандары және 8 медбике бөлінсін;
2 2) "Қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны электрокардиограмма, қан сараптауы, микрореакциялар, қан тобын айқындау, зәр сараптауы анализдарды өткізу бойынша қажетті құралдармен, мүліктермен және мүкәммалмен медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
3 3) тіркелуге тиіс азаматтарды флюорографиялық тексерістен өткізсін;
4 4) қалалық ауруханада азаматтарды стационарлық байқаудан өткізу үшін мақсаты белгіленген 15 кереует орын бөлінсін.
4
4. "Көкшетау қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы және білім ұйымдарының директорлары тіркелуге тиіс оқушыларға қажетті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етіп белгіленген күні және сағатта алғашқы әскери дайындық мұғалімі мен медицина қызметкерлерінің ілесуімен "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұйымдасып келуді қамтамасыз етсін.