Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Акжарского района Северо-Казахстанской области» по регистрации и постановке на учет безработных граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Акжарского района Северо-Казахстанской области» по регистрации и постановке на учет безработных граждан
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 24.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2007 36629_354256.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SD000058
- ЭКБ идентификаторы
- 36629
- Редакция идентификаторы
- 36629_354256
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:27
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою мемлекеттік қызметін көрсету стандарты бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
24 желтоқсан № 410 қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
1 1. Жалпы ереже
1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы (мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқытық анықтамасы):
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі - жарым-жартылай автоматтандырылған.
3
3. Нормативтік құқықтық кесімнің атауы және бабы (тармағы) (заңнамалық кесім, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімі), олар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 15 бабы, 6 тармағы, «Уәкілетті орган осы баптың 2, 3, 4 және 5 тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынган күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша жұмыссыз ерітнде келген тұлғаларды формасы орталық атқарушы органмен бекітілетін персоналдық есеп жүргізу карточкасына (мәліметтердің компъютерлік базасы) мәліметтерді енгізу жолымен тіркейді».
4 4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:
«Ақжар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй.
5 5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі):
Персоналдық есеп жүргізу карточкасы.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:
Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ыхтиярлыкхаты және ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісімен куәлігі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен берілген оралман куәлігі бар оралмандар.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
құжаттарды тапсырған күннен бастап он кунтізбелік күннен кешіктірмей.
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету. Ақылы болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету құнын (төлем жинағын) төлеу кезінде толтыру талап етілетін құнын, төлеу формасын, құжаттың қажетті формасын (түбіртектерді) көрсету керек.
Мемлекеттік қызмет көрсету: Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою тегін көрсетіледі.
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жеткізілімділігіне талаптар туралы ақпараттық қайнар көз ретінде міндетті түрде орналастыру орындарын көрсету. Бүл стандартты ресми жариялаудың қайнар көзіне сілтеме, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектілердің сайттарына сілтеме, немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары.
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 3 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд оналастырылған.
10 10. Жұмыс кестесін көрсету (күндерін, сағатын, үзілісті), қызмет көрсетулерді пайдалану үшін алдын ала жазылып қою бар ма, әлде жоқ па екендігі (шарттар мен талаптарды көрсету), жылдамдатылған қызмет көрсетудің бар не жоқ екендігі (шарттар мен талаптарды көрсету).
Арызданушыларды қабылдау кестесі: күнсайын сағат 9-00-ден 16-00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден -14-00-ге дейін.
11 11. Қызмет көрсету орындарының шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті камтамасыз ету, физикалық мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін шарттар, кезекте тұрып күтудің құптауға лайық шарттары және қажетті құжаттарды даярлау (күту залы, үлгі қағаздары бар үлдірлік және т.б.).
«Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында креслолар, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12 12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету (мысалы, арызданушының электрондық сандық қолының бар болуы), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:
1 1) жеке куәлік;
2 2) еңбек қызметін растайтын құжат;
3 3) алынған табыстары туралы мәлімет (арыздану сипатында болады);
4 4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ыхтиярхатын және ішкі істер органында теркелгені туралы белгісімен азаматтағы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады;
5 5) оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен берілген оралман куәлігін ұсынады;
6 6) персоналдық есеп жүргізу карточкасы (мәліметтердің компьютерлік базасы).
13 13. Сайттар сілтемелерін немесе мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін толтыруға қажетті бланктар беру орындарын көрсету (арыз қалыпы т.б.).
Бланктар Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі.
14 14. Сайтқа сілтемені, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар, қалыптар, арыздар және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін көрсету.
Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Ақжар селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 3 кабинет мекен-жайы бойынша «Акжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.
15 15. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану күні жазылған мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрін көрсету.
Арызданушының үзінді талоны.
16 16. Қызмет көрсетудің тәсілдері мен нәтижеге жеткізу регламентінің толық тізбесін көрсету - электрондық пошта, сайт арқылы, жеке қатынасу, курьер және т.б.. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты тұлға сайтының сілтемесін, немесе мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету.
Хабарлама поштамен жіберіледі немесе Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 3 кабинет мекен-жайы бойынша «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу.
17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету.
1 1) жұмыссыз ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың болмауы;
2 2) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының «Жұмыспен қамтылған халық» 2 бабына сәйкес жұмыспен қамтылған санатқа жатқызу.
3 3. Жұмыс принціпі
18
18. Қызмет көрсетулерді тұтынушыларға қатысты мемлекеттік орган басшылық ететін жұмыс принціптерін түгендеп шығу (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, сақтауды, тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялығын, жабықтылығын камтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
1 1) жұмыссыз ерітнде тіркеу және есепке қою тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алуға;
2 2) сақтауды, тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты және құпиялығын, жабықтылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3 3) мамандардың әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне арқа сүйей алады.
4 4. Жұмыс нәтижелері
19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушідігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.
5 5. Шағымдану тәртібі
21
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымдар дайындауға кемектесетін (комектеспейтін) мемлекеттік органның электрондық пошта мекен-жайын, телефон шалуларды өндеу орталығының телефон нөмірлерін (саІІ-орталықтар), немесе лауазымды тұлға кабинетінің нөмірін көрсету.
Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 1 кабинет немесе орынбасарға № 2 кабинет мекен-жайы бойынша «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
22 22. Шағым түскен мемлекеттік органның атауы, электрондық поштасының мекен-жайы, немесе лауазымды тұлга кабинетінің нөмірін көрсету.
«Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесінің басшысы, №1 кабинет; бастықтың орынбасары - №2 кабинет; Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64.
23 23. Қабылданған шағымдарды растайтын және берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны, шағымды қарау барысында білуге болатын лауазымды тұлғалардың байлыныс мәліметтері қаралатын құжаттар атуын көрсету.
Үзінді талон.
6 6. Байланыс ақпарат
24 24. Мемлекеттік органның, мекеменің және тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектінің басшыларының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтерін (сайтын, электрондық пошта мекен-жайын, жұмыс және қабылдау кестесін, мекен-жайы, телефондарын) көрсету.
«Акжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі - Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, электрондық пошта мекен-жайы: ro_akgar@mail.online.kz.
Мекеме бастығы, телефон 21949, № 1 кабинет;
Бастықтың орынбасары, телефон 21904, № 2 кабинет;
Әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі - № 3 кабинет;
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және үгіттік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, 465648 телефон, № 213 кабинет, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
25 25. Тұтынуға басқа да пайдалы акпарат (шақыртуларды өңдеу орталығының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.).
Уәкілетті орган:
1 1) келген азаматтар мен жұмыссыздарды жұмыс алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыруға;
2 2) жұмыссыздарды олардың келесімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
3 3) жұмыссыздарды кәсіби оқуларға жіберуге;
4 Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
4) жұмыссызға ол жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама беруге міндетті
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына
қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
2. Сапа
2.1. қызмет көрсету үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өңдірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қазметі % (үлесі)
4. Шағымдану процесі
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
5. Сыпайлық
5.1. персоналдық сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)