Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Акжарского района Северо-Казахстанской области» по назначению государственной адресной социальной помощи

Қаулы · № 411 · қабылданған 24.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36630/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Акжарского района Северо-Казахстанской области» по назначению государственной адресной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 411 ·24.12.2007
24.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Акжарского района Северо-Казахстанской области» по назначению государственной адресной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 411 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Акжарского района Северо-Казахстанской области» по назначению государственной адресной социальной помощи
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
411
Қабылданған күні
24.12.2007
Көрсетілген редакция
24.12.2007 36630_354258.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07SD000059
ЭКБ идентификаторы
36630
Редакция идентификаторы
36630_354258
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:27

0 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік қызметін көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
24 желтоқсан № 411 қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

1 1. Жалпы ереже

1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы (мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқытық анықтамасы):

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі - жарым-жартылай автоматтандырылған.

3

3. Нормативтік құқықтық кесімнің атауы және бабы (тармағы) (заңнамалық кесім, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімі), олар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі - «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 17 шілдедегі № 246-ІІ Заңының 4 бабы, «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге сәйкес бюджетпен қарастырылган сома шегінде уәкілетті органмен іске асырылады».

4 4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:

«Ақжар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй.

5 5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі):

Хабарлама (хат).

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:

Атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығына Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқын мәртебесі бар тұлғалар, ыхтиярлықхаты бар азаматтығы жоқ шетелдіктер, жан басына шаққандағы табысының кедейшілік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғалар ие болады.
Атаулы әлеуметтік көмек мүгедектер және бір айдан көп стационарлық емдеуде жүрген тұлғалардан, оқушылар мен студенттерден, магистратура мен аспирантураны қосқанда күндізгі оқу түрінің тыңдаушылары мен курсанттарынан, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектерді, он сегіз жастан асқан тұлғаларды күтумен айналысатын азаматтардан, 7 жасқа дейінгі балалардан басқа жұмыссыздық мәселесі бойынша уәкілетті органда тіркелмеген жұмыссыздарға тағайындалмайды.
Дәлелді себептерсіз жұмыс беру ұсынысынан немесе жұмысқа орналастырудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын алты айға дейін жояды.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1 1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері (тіркеу, талон алу күнінен бастап т.б.): 10 күн;

2 2) қажетті кұжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты (тіркеліп талон алған уақыттан бастап т.б.): 30 минут;

3 3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты, мемлекеттік қыз көрсетудің нәтижесі ретінде максималды мөлшері: 30 минут.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету. Ақылы болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету құнын (төлем жинағын) төлеу кезінде толтыру талап етілетін құнын, төлеу формасын, құжаттың қажетті формасын (түбіртектерді) көрсету керек.

Мемлекеттік қызмет көрсету: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тегін көрсетіледі.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жеткізілімділігіне талаптар туралы ақпараттық қайнар көз ретінде міндетті түрде орналастыру орындарын көрсету. Бүл стандартты ресми жариялаудың қайнар көзіне сілтеме, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектілердің сайттарына сілтеме, немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд оналастырылған.

10 10. Жұмыс кестесін көрсету (күндерін, сағатын, үзілісті), қызмет көрсетулерді пайдалану үшін алдын ала жазылып қою бар ма, әлде жоқ па екендігі (шарттар мен талаптарды көрсету), жылдамдатылған қызмет көрсетудің бар не жоқ екендігі (шарттар мен талаптарды көрсету).

Жұмыс кестесі: күнсайын сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден -14-00-ге дейін.

11 11. Қызмет көрсету орындарының шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті камтамасыз ету, физикалық мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін шарттар, кезекте тұрып күтудің құптауға лайық шарттары және қажетті құжаттарды даярлау (күту залы, үлгі қағаздары бар үлдірлік және т.б.).

«Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында креслолар, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету (мысалы, арызданушының электрондық сандық қолының бар болуы), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:

1 1) өтініш;

2 2) отбасы құрамы туралы мәлімет;

3 3) отбасы мүшелері мен арызданушының табыстары туралы мәлімет;

4 4) қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы мәлімет.

Құжаттар растайтын құжаттардың қосымшаларымен салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылып беріледі.

13 13. Сайттар сілтемелерін немесе мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін толтыруға қажетті бланктар беру орындарын көрсету (арыз қалыпы т.б.).

Бланктар Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі.

14 14. Сайтқа сілтемені, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар, қалыптар, арыздар және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін көрсету.

Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Ақжар селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, №4 кабинет мекен-жайы бойынша «Акжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.

15 15. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану күні жазылған мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрін көрсету.

Арызданушының үзінді талоны.

16 16. Қызмет көрсетудің тәсілдері мен нәтижеге жеткізу регламентінің толық тізбесін көрсету - электрондық пошта, сайт арқылы, жеке қатынасу, курьер және т.б.. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты тұлға сайтының сілтемесін, немесе мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету.

Хабарлама поштамен жіберіледі немесе Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету.

1 1) арызданушымен берілген мәліметтердің күмәнділігі;

2 2) ұсынылған құжаттардың сәйкес болмауы;

3 3) жан басына шаққандағы орташа табыстың сәйкес тоқсанның бір айындағы азық-түлік қржыны мөлшерінен асуы.

3 3. Жұмыс принціпі

18

18. Қызмет көрсетулерді тұтынушыларға қатысты мемлекеттік орган басшылық ететін жұмыс принціптерін түгендеп шығу (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, сақтауды, тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялығын, жабықтылығын камтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:

1 1) мамандардың әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;

2 2) белгіленген улгідегі өтінішті тегін алуға;

3 3) тағайындалған төлемдерді банктік шотқа тоқсансайын аударылып тұруына арқа сүйей алады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушідігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымдар дайындауға кемектесетін (комектеспейтін) мемлекеттік органның электрондық пошта мекен-жайын, телефон шалуларды өндеу орталығының телефон нөмірлерін (саІІ-орталықтар), немесе лауазымды тұлға кабинетінің нөмірін көрсету.
Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, № 1 кабинет немесе орынбасарға № 2 кабинет мекен-жайы бойынша «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.

22 22. Шағым түскен мемлекеттік органның атауы, электрондық поштасының мекен-жайы, немесе лауазымды тұлга кабинетінің нөмірін көрсету.

«Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесінің басшысы, №1 кабинет; бастықтың орынбасары - №2 кабинет; Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64.

23 23. Қабылданған шағымдарды растайтын және берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны, шағымды қарау барысында білуге болатын лауазымды тұлғалардың байлыныс мәліметтері қаралатын құжаттар атуын көрсету.

Үзінді талон.

6 6. Байланыс ақпарат

24 24. Мемлекеттік органның, мекеменің және тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектінің басшыларының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтерін (сайтын, электрондық пошта мекен-жайын, жұмыс және қабылдау кестесін, мекен-жайы, телефондарын) көрсету.

«Акжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі - Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Абылай-хан көшесі, 22 үй, электрондық пошта мекен-жайы: ro_akgar@mail.online.kz.
Мекеме бастығы, телефон 21949, № 1 кабинет;
Бастықтың орынбасары, телефон 21904, № 2 кабинет;
Әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі - №4 кабинет;
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және үгіттік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, 465648 телефон, № 213 кабинет, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.

25 Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

25. Тұтынушыға басқа да пайдалы ақпарат (шақыртуларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызмет көрсетулер туралы ақпарат және т.б.).
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына
қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
2. Сапа
2.1. қызмет көрсету үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өңдірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қазметі % (үлесі)
4. Шағымдану процесі
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
5. Сыпайлық
5.1. персоналдық сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

Қолданыстағы