Құжат мәтініне өту

О создании специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк"

Жарлық · № 495 · қабылданған 19.12.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36657/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк" Қолданыста Жарлық ·№ 495 ·19.12.2007
25.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк"

Қолданыста Жарлық ·№ 495 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк"
Атауы (қаз.)
"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
495
Қабылданған күні
19.12.2007
Көрсетілген редакция
25.11.2016 AI36657_6.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U070000495_
ЭКБ идентификаторы
36657
Редакция идентификаторы
AI36657_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:32

0 "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) АЭА туралы ереже;

2 2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

4 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 495 Жарлығымен
бекітілген
"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.

АЭА-ның аумағы 3475,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

2 2. АЭА:

1 1) қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

2 2) мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетіктерінің негізінде мұнай-химия өндірістерін салуға және оларды кешенді дамытуға инвестициялар тарту;

3 3) өзара байланысты, тиімділігі жоғары және инновациялық жаңа мұнай-химия өндірістерін салу;

4 4) қазақстандық мұнай-химия өнімінің өндіру мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне кірігуін жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық мұнай-химия өнімін жасау;

5 5) мұнай-химия өндірістерін және көмірсутек шикізатын тазалау, тереңдете өңдеу жөніндегі технологияларды құру мен жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобалар әзірлеу және іске асыру;

6 6) халықаралық стандарттарға сәйкес мұнай-химия өндірістері үшін мамандар даярлау және қайта даярлау мақсатында құрылады.

3 3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

4 4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

1 1) мыналарды:

тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2 2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

3 3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру болып табылады.

2 2. АЭА-ны басқару

5 5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. АЭА-ның аумағында салық салу

6 6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4 4. Кедендік реттеу

7 7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі АЭА-ның аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін.

9 9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

10 10. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.

11 11. АЭА аумағында Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

12 12. АЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де3 кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.

13 13. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды. сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретінде қаралады.

14 14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5 5. Қоршаған ортаны қорғау

15

15. Экологиялық реттеу бөлігіндегі АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделеді.

6 6. Қорытынды ережелер

16 16. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.

17 17. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

18 18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

41 Қазақстан Республикасы Президентінің

2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 495 Жарлығымен бекітілген
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі»
арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША
1 - Мұнай-химия кешенінің (бұдан әрі - МХК) аумағы
1.1 - МХК зауытының алаңы - 463,7 га
1.2 - МХК теміржол станциясы - 95,93 га
1.3 - МХК вахталық кенті - 4,01 га
1.4 - МХК булану су қоймасы - 375,02 га
2 - Ароматика «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - 336,25 га
3 - МХК газ сепаратор қондырғысы - 100 га
4 - Атырау мұнай өндіру зауыты мен кәзіргі полипропилен
зауытының арасындағы өнеркәсіптік аймақ - 285 га
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-ның МХК инфрақұрылымдық объектілері орналасқан аумағы - 1816 га
5 - Құрғақ газ құбыры - 163,79 га
6 - Шикі газ құбыры - 1435,74 га
7 - Отындық газ құбыры - 28,32 га
8 - Кіреберіс автожолы - 17,8 га
9-2 - Электр беру желісі - 9,49 га
10 - Темір жол - 27, 69 га
11 - Су құбыры - 89,67 га
12 - Электр беру желісі - 43,36 га
Жалпы көлемі 3475,9 га құрайды

42 «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағадарысты деңгейі

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 495 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағадарысты деңгейі
№ р/с
Мақ­сат­та­ры, мін­дет­те­рі және көр­сет­кіш­те­рі (ата­уы)
Өл­шем бір­лі­гі
Ба­за­лық ке­зең (2012 жыл)
2017 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
2022 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
2027 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
2027 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1.
Жал­пы ин­ве­сти­ция кө­ле­мі, оның ішін­де:
млрд. тең­ге
-
945
472
950
475
955
478
960
481
1)
ше­тел­дік ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
млрд. тең­ге
-
96,75
48
97,75
49
98,75
50
99,75
51
2)
отан­дық ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
млрд. тең­ге
-
848,25
424
852,25
426
856,25
428
860,25
430
2.
Ар­найы эко­ио­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
млрд. тең­ге
-
297,12
148,56
1369,13
684,57
1784,12
892,06
1878,52
939,26
3.
Қа­ты­су­шы­лар са­ны
Ком­па­ни­я­лар
-
8
6
13
9
18
11
23
14
4.
Қыз­мет­тің қо­сал­қы тү­рін жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың са­ны
адам
-
15
7
30
15
45
20
60
30
5.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
адам
-
440
220
490
245
540
270
590
295
6.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
%
-
30
15
40
20
50
25
60
30

Қолданыстағы