Облыс аумағындағы жекелеген елді мекендерді тарату туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Облыс аумағындағы жекелеген елді мекендерді тарату туралы
- Атауы (қаз.)
- Облыс аумағындағы жекелеген елді мекендерді тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40/322
- Қабылданған күні
- 12.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2015 · қолданыстағы 36666_704739.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07L0004196
- ЭКБ идентификаторы
- 36666
- Редакция идентификаторы
- 36666_704739
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:39
0 Облыс аумағындағы жекелеген елдi мекендердi тарату туралы
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазалы ауданындағы халқының саны 50 адамнан кем төмендегідей елді мекендер таратылып, қалған шаруа және басқа да қоныстар сол ауылдық округтегі ең жуық елдi мекендердің құрамына енгiзiлсін:
Көларық ауылдық округінің Шерекен және Мырзабек елді мекендері Ақтан батыр елді мекені құрамына;
Сарыкөл ауылдық округінің Сағыр, Ізтілеубазы, Қазанқап елді мекендері Жұбан елді мекені құрамына;
Сарыкөл ауылдық округінің Ботбай, Шоратай, Маймақ, Мырзабек елді мекендері Абай елді мекені құрамына;
Майлыбас ауылдық округінің Кеңтүп, Дарбас, Жаңаарық елді мекендері Ақсуат елді мекені құрамына.
2 2. Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округінің Самұратбазы елді мекенінде тұрғындардың болмауына байланысты оның аумағы осы ауылдық округтің Жұбан елді мекені құрамына енгізіліп, таратылсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
4 4. Қазалы ауданының әкімі шаруа және басқа да қоныстардың тұрғындарын елді мекендерге көшу және оларды келешекте жайластыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
5 5. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Келiсiлдi"
Қызылорда облысының статистика
басқармасының бастығы
Б. Сапар