Құжат мәтініне өту

Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы

Қаулы · № 3/16 · қабылданған 17.11.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 03.03.2017 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-36669/?version=36669_176485.kaz
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы Қолданыста Қаулы ·№ 3/16 ·17.11.2007

Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы

ҚАЗЖаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы

Қолданыста Қаулы ·№ 3/16 · қабылданған 17.11.2007

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/16
Қабылданған күні
17.11.2007
Көрсетілген редакция
03.03.2017 · қолданыстағы 36669_176485.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
03.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07MB011266
ЭКБ идентификаторы
36669
Редакция идентификаторы
36669_176485
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:48

0 Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы

Қала халқының Арай, Астана шағын аудандарының, Рахат ауылының аумақтарын бірнеше шағын аудандарға бөлу және оларға жаңадан пайда болған көшелерге ат қою туралы талаптарын (пікірлерін), қалалық ономастикалық комиссиясының осы мәселелер жөніндегі ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Арай, Астана шағын аудандарының және Рахат ауылының аумақтарын бірнеше шағын аудандарға бөліп, оларға төмендегідей атаулар берілсін және кейбір шағын аудан атауына өзгерістер енгізілсін:

Солтүстік жағы "Болашақ" жанар-жағар май бекеті, батыс жағы газ өңдеу зауытына баратын темір жол аймағы, шығыс жағы Ақтау-Кендірлі автокөлік жолымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Арай-2 шағынауданы)- Мамыр шағынауданы;
солтүстік жағы "Энергомұнай" базасына баратын автокөлік жолы, батыс жағы "Болашақ" жанар-жағар май бекеті, оңтүстігі "Гүларша" жанар-жағар май бекеті, шығысы Мұнайлы шағынауданымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Арай-3 шағынауданы)-Бостандық шағынауданы;
шығыс жағы Қашаған көшесі, солтүстігі Т.Алдашев көшесі, батысы Мамыр шағынауданы, оңтүстігі темір-жол стансасымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Арай-4 шағынауданы)- Ақбұлақ шағынауданы;
солтүстігі Астана шағынауданы, оңтүстігі өндірістік базаға баратын теміржол, батысы № 5 гимназия мектебі, шығыс жағы "Өзенинвест" МКҚК-на баратын автокөлік жолымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Астана-2 шағынауданы)- Бәйтерек шағынауданы;
солтүстігі Жаңаөзен қаласының әуе жайына баратын автокөлік жолы, оңтүстігі Құланды ауылына баратын жол, батысы Рахат шағын ауданы, шығысы Мерей шағын ауданымен шектелетін аудан – Ақсу шағын ауданы;
солтүстігі Құланды ауылына баратын жол, оңтүстігі жоғарғы қысымды газ құбыры, батысы «Теміртас» аймағы, шығысы газ компрессор базасына баратын жолмен шектелетін аудан – Жұлдыз шағын ауданы;
солтүстігі Жаңаөзен қаласының әуе жайына баратын автокөлік жолы, оңтүстігі Құланды ауылына баратын жол, батысы Ақсу шағын ауданы, шығысы
газ компрессор базасына баратын жолмен шектелетін аудан – Мерей шағын ауданы болып табылады.

2 2. Жаңадан пайда болған көшелерге, (бұған дейін нөмірленіп келген) төмендегідей аттар берілсін және кейбір көшелер аттарына өзгерістер енгізілсін:

Арай және Мамыр шағын ауданы аралығындағы «Болашақ» жанар - жағар май бекетінен бастап Теңге ауылындағы темір жол қиылысына дейінгі көше – Нәсіпқали Марабаев көшесі болып аталсын.
"Бостандық" шағынауданы бойынша:
№ 19 көшеге –Асау Барақ
№ 20 көшеге –Сәлім Салахиев
№ 21 көшеге –Шыңғыс Қожаев
№ 22 көшеге –Фани Қатпашев
№ 24 көшеге – Орынғали Нұрмағанбетов
Рахат» ауылы бойынша:
Жаңаөзен қаласының нан зауыты жанындағы жол қиылысынан бастап қала әуежайына дейінгі көше- Өтеп Балғымбаев көшесі болып аталсын.

3 3. Жаңадан аталған шағынаудандар және көшелер аттарын жаздыртып қою қала әкіміне тапсырылсын.

4 4. Осы шешім және қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.