Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к внутрифирменным системам экспортного контроля участников внешнеэкономической деятельности (заявителей)

Қаулы · № 1375 · қабылданған 29.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36681/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к внутрифирменным системам экспортного контроля участников внешнеэкономической деятельности (заявителей) Күшін жойған Қаулы ·№ 1375 ·29.12.2007
24.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к внутрифирменным системам экспортного контроля участников внешнеэкономической деятельности (заявителей)

Күшін жойған Қаулы ·№ 1375 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к внутрифирменным системам экспортного контроля участников внешнеэкономической деятельности (заявителей)
Атауы (қаз.)
Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1375
Қабылданған күні
29.12.2007
Көрсетілген редакция
24.11.2015 AI36681_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001375_
ЭКБ идентификаторы
36681
Редакция идентификаторы
AI36681_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:18

0 Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары

2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1375 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын көздейді:

1 1) бұйрық (өтініш, меморандум) нысанында көрініс табатын экспорттық бақылау талаптарын сақтау жөніндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) міндеттемелері;

2 2) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

3 3) басқа бөлімшелермен олардың өзара іс-қимылы тәртібін көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылауының ұйымдастырушылық құрылымының, сондай-ақ өнімді жеткізуге арналған тапсырыстарды өңдеудің схемасы;

4 4) сыртқы экономикалық қызметтің мәселелерімен айналысатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) персоналын оқыту жоспары;

5 5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жоспары;

6 6) экспорттық бақылауға жататын өніммен сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу жүйесі.

Қолданыстағы