Об утверждении стандарта оказания государственной услуги «Назначение государственного пособия семьям, имеющим детей до восемнадцати лет» государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгі стандартын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланган кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2007 жылғы 6 желтоқсан
№ 247 қаулысымен бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің аныктамасы:
Он сегіз жасқа дейнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін қызметтің анықтамасы:
Іішінара автомттандырылған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік - құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атау мен бабы (тармағы), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №'1092 қаулысымен бекітілген 29 тармағына, балалары бар отбалылырға жәрдемақылар тағайындау және төлеу туралы ережесін 29 тармағына байланысты
«Балаларға жәрдемақылар тағайындайтын және төлейтін өкілетті органдар өтініш жазған адамнан немесе аулдық (селолық) округтерден келген құжаттар он жұмыс күні ішінде іс құрастырады және балаларға жәрдемақы тағайындау туралы (тағайындамау туралы) шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге субъектілердің атауы:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мусірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі. Новоишимское селосы, Мектеп көшесі,19.
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):
Жазбаша хабарлау.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет корсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санат:
Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылардың айлық кірістері отбасының әр мүшесіне шақканда айына азык- түлік корзинасының мөлшерінен аз болғанда.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік кызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері.
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті алу ушін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік кызмет көрсету мерзімдері: он күн.
Тармақша 2
2) кажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұксат берілген ен ұзақ уақыт: отыз минут.
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзак уақыт, файылдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: отыз минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету.
Мемлекеттік көмек: «Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» тегін көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және кол жетімділегіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету.
«Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау», мемлекеттік көмек көрсету стандарты «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратының залындағы тақтада орналысқан. Мекенжайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі,19.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесін көрсету қызметті алу үшін алдын ала жазылуға бола ма, жедел қызмет корсету бар ма:
Өтініш қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00 ден 18.00 ге дейін, үзіліс сағат 13.00 ден 14.00 ге дейін. Алдынан алып жазу және жедел қызмет көрсету қажеті жоқ.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күту залы, креслолар, орындықтар, ақпарат тақталары орналасқан. Мүгедектер үшін шакыру түймесі бар.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық колтаңбасының болуы), көрсету:
Тармақша 1
1) балалар үшін жәрдемақы тағайындауға өтініш;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтінушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) отбасының, мекенін растайтын кұжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) отбасының мүшелері жөнінде мәлімет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1092, 02.11.2005 жылы Қаулысымен бектілген балалары отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу ережесі бойынша)
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерің кірісі туралы мәлімет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1092 , 02.11.2005 жылы Қаулысымен бектілген балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемакылар тағайындау және төлеу ережесі бойынша) құжаттарын растайтын қосымшаларымен;
Құжаттар түп нүскасы және көшірмесі арқылы тапсырылады, құжаттардың қосымшаларын тексеру үшін, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтінушіге қайтаралады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы кажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары) көрсету.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеде бланкілер беріледі; Мекенжайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі, 19, 5 ші бөлмесі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайын және кабинетінін нөмірін көрсету.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеге өтініш толық пакетті керекті құжаттар мен тапсырылады. Мекен-жайы: новоишимское селосы, Мектеп көшесі,19, 5 ші бөлмесі.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын корсету.
Өтініш үзбелі талоны.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінін толық тізбесін көрсету -электрондық почта, сайт арқылы, жеке бару, курьер.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтка сілтемені не жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ескерту хат почта арқылы жіберіледі немесе жеке баруы керек. Мекен-жай: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі,19; 5,2 іс бөлмелері.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті үсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету.
- өтінушішінің тапсырған мәліметтерінің қүмәнділігі;
- тапсырылған құжаттардың сәйкесіздігі;
- токсанға сәйкес азық-түлік корзинасының мөлшерінен отбасының әрбір мүшесінің бір айлық кірісінің көп болуы.
Тарау 3. 3. Жүмыс қағидаттары
3. Жүмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмысқа қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету) Мемлекеттік кызмет көрсетуді сұраған кезде тұтынушы күте алады:
- бөлім мамандарының сыпаылығы, жаупкершілігі және іскерлігі;
- белгіленген түрдегі өтінішті тегін алуы;
- әр тоқсан сайын «Қазпошта» Акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның пошта байланыс торабының есеп шотына тағайындалған төлемдердің түсуі;
Тарау 4. 4. Жүмыс нәтижелері
4. Жүмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (саll-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
Лаузымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бастығына хабарлау аркылы жүргізіледі. Мекен -жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19/1 ші; бөлмесі немесе орынбасарына 6 ші бөлмесі.
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы -1 ші бөлмесі, бастықтың орынбасары- 6 іс бөлмесі; Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті - Абай көшесі ,64
Тармақ 23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілгең, шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету.
Узбелі талон.
Бастықтың орынбасары: телефон 23009, № 6 ші бөлме.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24. Кесте. Сапа және жетімділік көрсеткіштерінің мәні
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін корсету (сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары).
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мусірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - Новоишимское селосы Мектеп кошесі,19 электронды почта: ro_celin@mаil.online.kz,
Мекеменің бастығы: телефон 21060, № 1 ші бөлме.
Бастықтың орынбасары: телефон 23009, № 6 ші бөлме.
Атаулы әлеуметтік көмек бөлімі: телефон 21357, № 5 ші бөлме.
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру қадағалау департаменті — Абай көшесі, 64
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің процент үлесі жағдайлары
95
80
75
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар процент үлесі
95
50
40
2. Сапа
2.1. қызмет көрсету үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар процент үлесі
90
70
60
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өңдірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) процент үлесі
95
85
75
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар процент үлесі
80
60
50
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары процент үлесі
80
45
30
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қазметі процент үлесі
Интернетпен берілмейді
4. Шағымдану процесі
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар
5
25
30
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар процент үлесі
95
25
20
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар процент үлесі
90
25
18
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар процент үлесі
90
25
18
5. Сыпайлық
5.1. персоналдық сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылар процент үлесі
90
70
60