Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы от 03.01.2008 г. № 1 (Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы)
1. Қазақстан Республикасының 1991 жылы туылған азаматтары 2008 жылғы қаңтар-наурыз аралығында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен тіркеуден өткізілсін.
2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу, есепке алу, олардың санын аныктау және ұйымдастыру үшін аудандық комиссия төмендегі құрамда кұрылсын:
Аликулов Талғат Шымкентбайұлы-
аудандық корғаныс істері жөніндегі бөлім
бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Абишов Нұржан Орынбасарұлы-
аудан әкімі аппаратының бас маманы,
комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Бөлегенов Нұрлан Құрманұлы -
аудандық ішкі істер бөлім бастығының
орынбасары (келісімі бойынша)
Мыңбаев Пазылхан Нәліханұлы -
Шардара аудандық медицина
бірлестігінің ұйымдастыру-әдістемелік
бөлім жетекшісі, медициналық
комиссияның төрағасы (келісімі бойынша)
Ходжемкулова Хатима Султанғалиқызы -
Шардара аудандық медицина
бірлестігінің мейірбикесі, комиссия
хатшысы (келісімі бойынша)
3. Қала және ауылдық округтер әкімдері:
1) азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс жүргізуі үшін талаптарға сай келетін ғимараттармен қамтамасыз етсін;
2) шақыру учаскелеріне 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және әскери жасына дейінгілерді әскери есепке алуды, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуге көмек көрсетсін;
3) шақыру учаскелеріне тіркелу үшін аудандық, ауылдық тіркеу учаскелеріне азаматтарды шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың
дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4. Қала, ауыл әкімдері осы қаулыға сәйкес шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2008 жылғы 10 сәуірге қарай аудан әкімі аппаратына тапсырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әліповке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.