Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1991 жылы туылған азаматтары 2008 жылғы қаңтар-наурыз аралығында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен тіркеуден өткізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу, есепке алу, олардың санын аныктау және ұйымдастыру үшін аудандық комиссия төмендегі құрамда кұрылсын: Аликулов Талғат Шымкентбайұлы- аудандық корғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша) Абишов Нұржан Орынбасарұлы- аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Бөлегенов Нұрлан Құрманұлы - аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары (келісімі бойынша) Мыңбаев Пазылхан Нәліханұлы - Шардара аудандық медицина бірлестігінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлім жетекшісі, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша) Ходжемкулова Хатима Султанғалиқызы - Шардара аудандық медицина бірлестігінің мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Тармақ 3
3. Қала және ауылдық округтер әкімдері:
Тармақша 1
1) азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс жүргізуі үшін талаптарға сай келетін ғимараттармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелеріне 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және әскери жасына дейінгілерді әскери есепке алуды, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуге көмек көрсетсін;
Тармақша 3
3) шақыру учаскелеріне тіркелу үшін аудандық, ауылдық тіркеу учаскелеріне азаматтарды шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қала, ауыл әкімдері осы қаулыға сәйкес шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2008 жылғы 10 сәуірге қарай аудан әкімі аппаратына тапсырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әліповке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.