Қолданыстағы ред. 24.12.2007

Жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланатын аудан елді мекендеріне сыртқы /визуалды/ жарнама объектілеріне орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшері туралы от 24.12.2007 г. № 22/4 (Жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланатын аудан елді мекендеріне сыртқы /визуалды/ жарнама объектілеріне орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшері туралы)

0

Жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланатын аудан елді мекендеріне сыртқы /визуалды/ жарнама объектілеріне орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемақы мөлшері туралы» Кодексіне сәйкес талқылап және қарап аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан орталығы Көктөбе ауылында:
- аумағы 3 шаршы метрге дейін – айлық есептік көрсеткіш 0,5 мөлшерінде белгіленсін;
- аумағы 3 шаршы метрден жоғары – айлық есептік көрсеткіштің 1,0 мөлшерінде белгіленсен;

2

2. Ауданның басқадай елді мекендерінде :
- аумағы 3 шаршы метрге дейін – айлық есептік көрсеткіштің 0,3 мөлшерінде белгіленсін;
- аумағы 3 шаршы метрден жоғары – айлықесептік көрсеткіштің 0,6 мөлшерінде белгіленсін;

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихатының экономикалық реформа және бюджет жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

4

4. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді.