Жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланатын аудан елді мекендеріне сыртқы /визуалды/ жарнама объектілеріне орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшері туралы Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланатын аудан елді мекендеріне сыртқы /визуалды/ жарнама объектілеріне орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемақы мөлшері туралы» Кодексіне сәйкес талқылап және қарап аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан орталығы Көктөбе ауылында:
- аумағы 3 шаршы метрге дейін – айлық есептік көрсеткіш 0,5 мөлшерінде белгіленсін;
- аумағы 3 шаршы метрден жоғары – айлық есептік көрсеткіштің 1,0 мөлшерінде белгіленсен;
Тармақ 2
2. Ауданның басқадай елді мекендерінде :
- аумағы 3 шаршы метрге дейін – айлық есептік көрсеткіштің 0,3 мөлшерінде белгіленсін;
- аумағы 3 шаршы метрден жоғары – айлықесептік көрсеткіштің 0,6 мөлшерінде белгіленсін;
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихатының экономикалық реформа және бюджет жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді.