Құжат мәтініне өту

О создании специальной экономической зоны "Бурабай"

Жарлық · № 512 · қабылданған 15.01.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36922/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании специальной экономической зоны "Бурабай" Қолданыста Жарлық ·№ 512 ·15.01.2008
25.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании специальной экономической зоны "Бурабай"

Қолданыста Жарлық ·№ 512 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании специальной экономической зоны "Бурабай"
Атауы (қаз.)
"Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
512
Қабылданған күні
15.01.2008
Көрсетілген редакция
25.11.2016 AI36922_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U080000512_
ЭКБ идентификаторы
36922
Редакция идентификаторы
AI36922_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:14

0 "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) АЭА туралы ереже;

2 2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА-ның қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

4 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
N 512 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
"Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында орналасқан.

АЭА-ның аумағы 370 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

2 2. АЭА:

1

1) келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттілігін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту; экологиялық таза көлікті, оның ішінде демалудың барлық объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шағын авиацияны пайдалану үшін базаны құру; туристерге қызмет көрсету үшін бірыңғай ақпараттық база құру;

2 2) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында құрылады.

3 3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

4 4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1 1) туристiк қызмет көрсету;

2

2) туристерді орналастыру орындары, санаторий және сауықтыру объектілерін мынадай шарттарды сақтай отырып салу және пайдалануға беру: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілердің ойын бизнесімен байланысты болмауы; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. АЭА-ны басқару

5 5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. АЭА-ның аумағында салық салу

6 6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4 4. Кедендiк реттеу

7 7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын АЭА аумағының бір бөлігінде қолданылады.

9 9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

10 10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

11 11. АЭА аумағында Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

12 12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

13 13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

14 14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5 5. Қоршаған ортаны қорғау

15

15. Экологиялық реттеу бөлiгiндегі АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6 6. Қорытынды ережелер

16 16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.

17 17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

18 18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

37 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағының ЖОСПАРЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен бекітілген
«Бурабай» арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағының ЖОСПАРЫ
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы = 370 га

38 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі
№ р/с
Мақ­сат­та­ры, мін­дет­те­рі және көр­сет­кіш­те­рі (ата­уы)
Өл­шем бір­лі­гі
Ба­за­лық ке­зең (2012 жыл)
2015 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
2017 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
Жал­пы ин­ве­сти­ция кө­ле­мі, оның ішін­де:
млрд. тең­ге
4
5
3
8
5
1)
ше­тел­дік ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
млрд. тең­ге
2
2,5
1,5
4
2,5
2)
отан­дық ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
млрд. тең­ге
2
2,5
1,5
4
2,5
2.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
млрд. тең­ге
1,78
6,512
5,18
16,132
11,248
3.
Қа­ты­су­шы­лар са­ны
ком­па­ни­я­лар
1
1
1
1
1
4.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
адам
540
1970
1680
3940
3480
5.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
%
100
100
-
100
-

Қолданыстағы