Об организации социальных рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 397
- Қабылданған күні
- 21.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2007 36929_359433.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SF000064
- ЭКБ идентификаторы
- 36929
- Редакция идентификаторы
- 36929_359433
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:31
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасьшдағы жергілікті басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 5-4) тармақшасына, 18 бабына сәйкес, жұмыс орындарына орналастыру арқылы нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту ережелерін анықтау мақсатында, «Солтүстік Қазакстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемелекеттік мекемесі ұсынған конкурсдтық іріктеу нәтижелері негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2008 жылға нысаналы топтағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін қызметін ұсынатын жұмыс
берушілер тізілімі анықталсын. (№1 қосымша).
2 2. Халықтың нысаналы топтары болып тұлғалардың келесі санаттары анықталсын (№ 2 қосымша).
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсетсін және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етсін;
нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына олардың келісімі бойынша жіберсін;
әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың саны, жұмыс берушілердің тізілімі және жұмысшылардың еңбегіне төлеу үшін жергілікті бюджет қаражатынан аударылған сомаларға мониторинг жүргізсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т.Мұқашевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Есіл ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қызметін ұсыну конкурсына қатысатың жұмыс берушілердің тізілімі.
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы «21» желтоқсан
№ 397 қаулысына №1 қосымша
Есіл ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қызметін ұсыну конкурсына қатысатың жұмыс берушілердің тізілімі.
№ п/п
Кәсіпорындардың атауы
Жұмыс орындарының саны
1
«Насихат-Есиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
2
«Столыпинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
10
3
Кирюхина жеке кәсіпкер
5
4
Топорищева жеке кәсіпкер
2
5
Фоменко жеке кәсіпкер
5
6
Лосева жеке кәсіпкер
2
7
«Тамаша» шаруа кожалығы
5
Барлығы аудан бойынша
34
7 Жұмысқа орналасуда қиындық бар және әлеуметтік қорғауды кажет ететін халықтың нысаналы топтарының тізілімі
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы «21» желтоқсан
№ 397 қаулысына №2 қосымша
Жұмысқа орналасуда қиындық бар және әлеуметтік қорғауды кажет ететін халықтың нысаналы топтарының тізілімі