Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Оформление документов на социальное обслуживание в психоневрологических медико-социальных учреждениях" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Оформление документов на социальное обслуживание в психоневрологических медико-социальных учреждениях" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1981
- Қабылданған күні
- 11.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2009 36942_203575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SA000103
- ЭКБ идентификаторы
- 36942
- Редакция идентификаторы
- 36942_203575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:41
0 "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" № 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" № 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" № 561 қаулыларына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1981 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу"
1 1. Негізгі ұғымдар
1 1. Психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу.
2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған.
3
3. Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік ұйымдарда және мемлекеттік дәрігерлік- әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген 2005 жылғы 1 желтоқсандағы "Мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемеде әлеуметтік қызмет көрсету бағытында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) уәкілетті орган жүзеге асырады" № 306-п Үлгі ережесінің 3 бабы 8 тармағы.
4 4. Мемлекеттік қызметті Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі ұсынады.
5 5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) - хабарлама.
6 6. Мемлекеттік қызмет бірінші және екінші топ мүгедектерге көрсетіледі.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 30 күнтізбелік күннен кем емес.
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысандарын, мемлекеттік қызметтің құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттардың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету: тегін.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орны:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 10, № 11, № 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.
10 10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
11 11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары - күту залы, мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін - пандус, отыру орындары.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1 1. ата-анасының (заңды өкілдердің) немесе медициналық ұйымның қолдаухаты бойынша;
2 2. жеке куәлік;
3 3. салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік;
4 4. әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
5 5. медициналық карта;
6 6. амбулаторлық картаның көшірмесі;
7 7. мүгедектігі жөніндегі анықтаманың көшірмесі;
8 8. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазылған үзіндінің көшірмесі;
9 9. тұлғаны іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың шешімі (бар болғанда).
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұмаға аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй, № 10, № 11, № 12, телефондары: 34-45-70, 31-11-27.
13 13. Барлық қажетті өтініш бланкілері қабылдау бөлмесіндегі маманда болады.
14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 11, № 12 кабинеттер.
15 15. Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырғаннан соң мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға қабылдау уақыты мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16 16. Қызмет көрсетудің тәсілі - баланың ата-аналары (заңды өкілдері) немесе медициналық ұйымдардың қолдаухаты.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, № 11, № 12 кабинеттер.
17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз - қасақана жалған мәліметтер мен құжаттарды беру.
3 3. Жұмыс қағидаттары
18 18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
қызмет көрсету тәртібі туралы толық және жан-жақты ақпарат алу;
сыпайылық, жауапкершілік және кәсібилік;
өтінішті және оған қоса берілетін белгіленген үлгідегі бланкілердің тегін алу;
қабылданған шешім туралы хабарлама алу, қабыл алмаған жағдайда хабарламада қабыл алмау себептері көрсетіледі.
4 4. Жұмыс нәтижелері
19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5 5. Шағымдану тәртібі
21 21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін лауазымдық тұлғалардан алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі № 24 кабинет, телефон: 34-47-18, электрондық почта мекенжайы: gu_pavl@mail.online.kz.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 24 кабинет.
22 22. Шағым беріледі:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 24, № 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu_pavl@mail.online.kz.
жоғары тұрған ұйымдарға;
сот.
23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат: жүгінудің қабылданғаны туралы талон, азаматтардың жүгінулерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алу орны: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 24, № 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu_pavl@mail.online.kz.
6 6. Байланыс ақпараты
24 24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почтаның адресі:gu_pavl@mail.online.kz.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі : gu_pavl@mail.online.kz.