Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"

Қаулы · № 1979 · қабылданған 11.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36946/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска" Күшін жойған Қаулы ·№ 1979 ·11.12.2007
17.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1979 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
Атауы (қаз.)
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1979
Қабылданған күні
11.12.2007
Көрсетілген редакция
17.07.2009 36946_203763.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07SA000107
ЭКБ идентификаторы
36946
Редакция идентификаторы
36946_203763
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:41

0 "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" № 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" № 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" № 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Петропавл қаласы әкімдігінің

2007 жылғы 11 желтоқсанда
№ 1979 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу"

1 1. Негізгі ұғымдар

1 1. Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- ішінара автоматтандырылған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысының 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек көрсету ережесінің 3 тармағы 2 азат жолы (мемлекеттік тіркеу 2006 жылғы 18 сәуір, № 1619, 2006 жылғы 24 мамыр "Северный Казахстан" № 50) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі- уәкілетті орган) - аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі".

4 4. Осы мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынады.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі)-хабарлама.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері- он күннен кем емес.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты орналасқан орын:

"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй.

10 10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін , түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.

11 11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары: мүмкіндіктері шектеулі адамдарға күту залы-пандус, отыруға орындықтар.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3 3) дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі;

4 4) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

5 5) тістерін протездеу бағасы туралы ұйымнан шот - фактура.

"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, № 10, № 11, № 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.

13 13. Барлық қажетті өтініштер бланкісі қабылдау бөлімінің маманында бар.

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 11, № 12 кабинет.

15 15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.

16 16. Қызмет көрсету тәсілі - өзінің келуі.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжайда беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 11, № 12 кабинеттер.

17 17. Жалған мәліметтер және анық емес мәліметтер беру мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіз болып табылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

қызмет көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі;
белгіленген үлгідегі өтініштерді және оған қоса берілетін бланкілерді тегін алу;
шешім қабылдағаны туралы хабарлама алу, қабыл алынбаған жағдайда хабарламада қабылдамаудың себептері көрсетіледі.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшада көрсетілген сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.

22 22. Шағым беріледі:

"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 24, № 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz;
Жоғарыда тұрған ұйымға;
сот.

23

23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды қарастыратын құжат: өтініштерін қабылдау туралы талон, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алатын орын-»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.

"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, № 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.

25 25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері тісті протездеуге әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі.

Қолданыстағы