Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 318 · қабылданған 29.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36953/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 318 ·29.12.2007
09.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 318 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
318
Қабылданған күні
29.12.2007
Көрсетілген редакция
09.12.2014 AI36953_4.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07Z0002999
ЭКБ идентификаторы
36953
Редакция идентификаторы
AI36953_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:18

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігінің "Батыс қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттік қатысу үлесін басқару мәселелері" туралы 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 279 қаулысын орындау үшін, қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестендіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 23 тамыздағы N 182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 10 қыркүйекте N 2278 тіркелген, облыстық "Приуралье" газетінің 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 112 және "Орал өңірі" газетінің 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 112 сандарында жарияланған, "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамыздағы N 182 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Батыс қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 111 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 29 сәуірде N 2928 тіркелген, облыстық "Приуралье" газетінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 52 және "Орал өңірі" газетінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 52 сандарында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
"Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздер "Жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлеріне сәйкес коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықта:
6-тармақтағы:
"облыстың" деген сөз "жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлеріне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. - тармақ алынып тасталды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2008.08.28 N 219 Қаулысымен.

3 3. Батыс қазақстан облысының қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. А. Ноғаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.

Қолданыстағы