Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилогодома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тарғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмысты жәрдемақы беру ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 каңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесі бекітілсін (қосымша берілген).
Тармақ 2
2. Бұланды аудандық мәслихатының: Әділет департаментінде 2002 жылғы 10 маусымда №1161 тіркелген, «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 мамырдағы № С-16/2; 2005 жылғы 14 қаңтарда №2984 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2005 жылғы 04 ақпандағы №6 санында жарияланған, «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 мамырдағы №С-16/2 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 3С-16/3; 2007 жылғы 12 қазанда №1-7-53 тіркелген, «Бұланды таңы» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы №14 санында, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы №42 санында жарияланған, «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 мамырдағы №С-16/2 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 4С-3/3 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жариялануға тиіс.
Тармақ 5
5. Шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Бұланды ауданы әкімінің м.а. А.Бежин 12.12.07 ж. КЕЛІСІЛДІ Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің меңгерушісі К.Есмағамбетова 12.12.07 ж.
Басқа 6
Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4С-6/7 шешімімен бекітілген Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық кызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 1999 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты өзгерістер енгізу туралы» заңдарына, «Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі №949 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық жәрдемақы - отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызмет пен үшін байланыс қызметі үшін ақы төлеу жөніндегі шығынды өтеу үшін берілетін өтемақы.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызмет пен үшін байланыс қызметі үшін ақы төлеуге берілетін көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» болып табылады (бұдан әрі - уәкілетті орган). Тұрмыстық жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен Бұланды ауданының және Макинск қаласының аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйді меншіктенуші немесе жалдаушы (жалдап алған адамнан жалдаушы) болып табылатын адамдарға, егер тұрғын алаңы нормадан аспаған жағдайда тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметін тұтыну үшін ақы төлеуге шығатын шығындар отбасы бюджетіндегі жалпы табыстың 15 % асып кетсе беріледі.
Тармақ 4
4. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы пайдалы алаңы адам басына шаққанда 18 шаршы метр және жалғыз басты азаматтарға тұрғын алаңның нормасы 30 шаршы метр деп белгіленген, бірақ ол бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауға тиіс. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үйдің жалпы көлемі отбасы тұрған пайдалы алаңның нақты көлемінен аспауға тиіс.
Тармақ 5
5. Аудан тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтердің нормативтері (сумен, газбен, жабдықтау, канализация, электр қуатымен және жылумен жабдықтау) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 6
6. Бірден артық жеке меншік үйі бар немесе оларды жалға берген адамдар тұрмыстық жәрдемақы алу құқығынан айырылады.
Тармақ 7
7. Күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтумен, үш жасқа дейін бала тәрбиелеумен, сондай-ақ төрт және одан көп балалардың тәрбиесімен айналысатын, кіші баласы бірінші сыныпты бітіргенге дейін (бірақ 9 жастан аспауға тиіс), айналысатын адамдардан басқа, отбасында жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери кызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрмыстық жәрдемақы алуға құқығы жоқ.
Тармақ 8
8. Тұрмыстық жәрдемақы аудандық бюджеттен ағымдағы жылда осы мақсатқа көзделген қаржының шегінде тағайындалады, жәрдемақы тоқсан сайын тағайындалып ай сайын төленеді.
Тармақ 9
9. Жәрдемақы алушылар отбасының кұрамындағы, отбасы табысындағы барлық өзгерістер туралы 10 күндік мерзім ішінде уәкілетті органға хабарлауға тиіс. Жәрдемақыны асыра тағайындауға немесе заңсыз жәрдемақы тағайындауға әкеліп соғатын жалған мәліметтер үшін меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы өз еркімен қайтарады, егер одан бас тартса, онда сот арқылы қайтарылады.
Тарау 2. 2. Тұрмыстық жәрдемақыны есептеу
2. Тұрмыстық жәрдемақыны есептеу
Тармақ 10
10. Тұрмыстық жәрдемақыны уәкілетті орган арыз берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындайды. Тұрмыстық жәрдемақы төлеу туралы арыз отбасы мүшелерінің біреуінен ғана қабылданады. Тұрмыстық жәрдемақының көлемін белгілеу үшін отбасының алдыңғы тоқсандағы орташа айлық табысы есептеледі.
Тармақ 11
11. Тұрмыстық жәрдемақы тұрғын үйді меншіктенушінің (жалдаушы) арызы мен оған қоса берілген мына құжаттардың негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттар;
Тармақша 2
2) отбасыларының (азаматтың) тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) отбасындағы барлық мүшелерінің табысы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) жылжымайтын мүлікке (ауыртпалықтар) тіркелген құқықтары мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
Тармақша 5
5) жұмыс істемейтіндерге - уәкілетті органнан және салық комитетінен жәрдемақы алушы жұмыссыз ретінде және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі туралы анықтама;
Тармақша 6
6) тұрғын үй мен коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлегені туралы анықтама.
Тармақ 12
12. Берілген ақпараттардың дұрыстығына күдіктенген жағдайда уәкілетті орган тұрмыстық жәрдемақы алғысы келген үміткердің табысы туралы ақпарат сұратуға құқығы бар, ал заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арыз берушінің табысы туралы ақпаратты беруге міндетті.
Тармақ 13
13. Тұрмыстық жәрдемақының мөлшері жалдаушының (меншіктенуші) нормаға сәйкес өтемақы берілетін шекте тұрғын үйді ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметке төленетін нақты төлем мен отбасының осы мақсатқа жұмсалатын шығын деңгейінің шекті мөлшеріндегі айырмашылығы ретінде есептеледі.
Тармақ 14
14. Тұрмыстық жәрдемақы ақшалай төлем түрінде беріледі. Тағайындалған тұрмыстық жәрдемақы жазбаша арыз негізінде қызмет көрсетушінің шотына аударылады.
Тармақ 15
15. Тұрмыстық жәрдемақының заңсыз тағайындалуына кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауаптылықта болады
Тарау 3. 3. Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне байланысты өтемақы
3. Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне байланысты өтемақы
Тармақ 16
16. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненті (бұдан былай абонент) - осы мақсатқа абоненттік нөмір немесе идентификациялық код бере отырып, осындай қызмет көрсету туралы шарттың негізінде қалалық телекоммуникация желілерінің қызметін пайдаланушы жеке тұлға.
Тармақ 17
17. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненті болып табылатын, тұрмысы төмен азаматтардың телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне байланысты өтемақылары (бұдан былай - телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне байланысты өтемақы) - тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлемдері жөніндегі тұрмыстық жәрдемақының құрамына кіретін және телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеу үшін тағайындалатын ақшалай өтемақы.
Тармақ 18
18. Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне байланысты абоненттерге өтемақы төлеу телефон үшін абоненттік төлемнің айырмашылығын тұрғын үй мен коммуналдық қызмет шығындарына қосу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы алу үшін тұрмыстық жәрдемақы тағайындауға қажет құжаттарды алып уәкілетті органға өтініш береді.
Тармақ 20
20. Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне байланысты берілетін тұрмыстық жәрдемақының көлемі телефон үшін көтерілген абоненттік төлемнің айырмашылығынан аспауға тиіс.
Тармақ 21
21. Телефон үшін абоненттік төлемнің көтерілуіне байланысты айырмашылығын төлеу өтемеақы алушының жазбаша өтініші бойынша, уәкілетті орган бұл айырмашылықты алушының жеке шотына аудару арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу екінші деңгейдегі банк пен аудандық уәкілетті орган арасында заңмен белгіленген тәртіп бойынша тұрғызылған шартқа қосу жолымен екінші деңгейдегі банк арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Жиынтық табысты есептеу
4. Жиынтық табысты есептеу
Тармақ 23
23. Тұрмыстық жәрдемақы алудан үміттенетін отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеуді тұрмыстық жәрдемақыны тағайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Жиынтық табысқа отбасында есепке алынған барлық адамдардың тұрмыстық жәрдемақы тағайындау туралы өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсандағы (бұдан былай есептік кезең) табысы жатады. Құрамында өзгеріс болған отбасының жиынтық табысын есептегенде қосылған (шығып кеткен) отбасы мүшелерінің табысы келген (кеткен) бірінші айдан бастап есепке алынады (алынбайды); бас бостандығынан айырылуына немесе мәжбүрлеп емделуге жіберілуіне байланысты отбасы мүшелерінің біреуі жоқ болса, отбасының жиынтық табысын есептегенде кеткен (келген) адамның табысы кеткен сәтіне дейін (келген сәтінен бастап) есепке алынады. Бірақ көрсетілген отбасы мүшесінен алынатын алименттер мен басқа да кірістер отбасының жиынтық табысына кіреді; егер бұл адамдар аталған себептермен толық мерзімде отбасында болмаса, отбасының жиынтық табысын есептегенде олардың табыстары есепке алынбайды.
Тармақ 25
25. Отбасының (азаматтың) орташа жиынтық табысы есептік мерзімдегі табысын көрсетілген мерзімдегі айдың санына бөлу арқылы шығарылады.
Тармақ 26
26. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табысты есептейтін бір тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, оның осы тоқсанда жұмыс істеген барлық айлары есепке алынады, ал орташа айлық табысы оның еңбекақысы мен басқа да кірістерін сол тоқсандағы жұмыс істеген айларға бөлу арқылы шығарылады.
Тармақ 27
27. Жиынтық табысты есептеу кезінде тұрмыстық жәрдемақыдан, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмектен, 18 жасқа дейін баласы бар отбасына берілетін мемлекеттік балалар жәрдемақысынан, қайтыс болған адамды жерлеу және баланың тууына байланысты берілетін бір жолғы төлемдерден басқа барлық табыс түрлері есепке алынады:
Тармақша 1
1) еңбекақы түрінде алынған табыстар;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыстар;
Тармақша 3
3) зейнетақының барлық түрлері; шәкіртақылар; мүгедектігі, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; заңмен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіп бойынша, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының шешімдерімен тағайындалған жәрдемақылық төлемдер;
Тармақша 4
4) балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға төленетін алименттер;
Тармақша 5
5) жарақат алу немесе денсаулыққа басқа да зардаптар алғанда шығынның орнын толтыру тәртібінде алынған біржолғы сомалар;
Тармақша 6
6) қалалық және ауылдық елді мекендерде тұратын отбасы үшін жеке қосалқы шаруашылығынан түскен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі кірістер (үй малы);
Тармақша 7
7) азаматтардың өз еріктерімен көрсеткен басқа да табыстары.
Тармақ 28
28. Еңбекақы түріндегі табыстарға төмендегі аталғандар жатады: еңбекақының барлық түрлері, соның ішінде: сыйақы, қосымша ақы, ақшалай заттай түрдегі әлеуметтік жеңілдіктер мен қосымша ақылар, сондай-ақ негізгі және қосалқы жұмыс орындарында заңнамаға сәйкес жұмыс істеген уақытқа жұмыскерлерге төленген ақша сомасы енгізіледі; төлемдердің басқа түрлері (жеке еңбек шарты бұзылған кезде пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін, жұмыскерді басқа жерге ұйымымен бірге ауыстырған кезде төленетін өтемақылар, оқу демалыстарына ақы төлеу).
Тармақ 29
29. Кәсіпкерлік қызметтен, мүліктік және жер жарналарынан түскен табыстар арызда көрсетілген деп есептеледі.