Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц города

Қаулы · № 1215 · қабылданған 26.12.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37013/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О переименовании улиц города Қолданыста 24.12.2007 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О переименовании улиц города

Қолданыста Қаулы № 1215 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц города
Атауы (қаз.)
Қала көшелерінің аттарын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1215
Қабылданған күні
26.12.2007
Қолданысқа енгізілген күні
10.02.2008
Көрсетілген редакция
24.12.2007 37013_189072.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08GA000065
ЭКБ идентификаторы
37013
Редакция идентификаторы
37013_189072
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:21
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қала көшелерінің аттарын өзгерту туралы

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы және қалалық ономастика және терминология жөніндегі комиссиясының оң қорытындысының негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. "Бұрыл" алқабындағы Әбден Сатыбалиев көшесі Тараз қаласының Құрметті азаматы, теміржол көлігінің Құрметті қызметкері Сәдуақас Әліпшеевтің есіміне өзгертілсін.

2. "Бұрыл" алқабындағы Жүнісбек Дүрімбетов көшесі Қазақ Кеңестік социалистік Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған Айтбай Назарбековтың есіміне өзгертілсін.

3. Саманта Смит көшесі "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған сауда саласының Құрметті қызметкері Жақан Сабалақовтың есіміне өзгертілсін.

4. Осы бірлескен акт әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.