Об утверждении Правил оказания жилищной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания жилищной помощи
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 28.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2008 37054_325927.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NL000070
- ЭКБ идентификаторы
- 37054
- Редакция идентификаторы
- 37054_325927
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:55
0 Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Ресңубликасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы" Заңы 6 бабының 1 тармағының 11) тармакшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңының 97 бабына сәйкес Қарабалык аудандык мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2 2. Мәслихаттың бұрын қабылданған 2007 жылғы 30 наурыздағы № 308 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-43, аудандық «Айна» газетінде арнайы шығарылымда 2007 жылғы 24 сәуірде № 6 санында жарияланды, күші жойылды деп саналсын.
3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Түрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Мәслихаттың
2008 жылғы 28 ақпандағы
№ 46 шешімімен
бекітілді
Түрғын үй көмегін көрсету Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) «Қарабалық ауданының жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы төленетін тұрғын үй жәрдемақысы ретінде тұрғын жайды ұстауға коммуналдық қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көрсетіледі (әрі карай- уәкілетті орган).
2 2. Түрғын үй жәрдемақысын алушылар
2
2. Түрғын үй жәрдемақысын алушылар табысы аз қамтылғандар санатынан, Қарабалық ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйді пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын отбасылар (азаматтар). Тұрғын-үйді ұстауға және коммуналдық қызмет тұтынуға төленетін шығындардың үйғарынды шегінің үлесі отбасының
жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде, жалғыз тұратын зейнеткерлерді және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында 10 пайыз мөлшерінде бекітіледі.
3 3. Жеке мейшігінде біреуден артық үй-жайы бар немесе тұрғын үй-жайын жалға тапсыратын (жалға) отбасылар (азаматтарға), түрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
4 4. Егер отбасында еңбекке қабілеті бар адам бола тұра, жұмыс істемейтін күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында болмаған және жұмыссыз ретінде әлеуметтік қорғау органында тіркелмеген тұлғалар болса, отбасының тұрғын үй жәрдемақысын алуға қүқығы жоқ.
Ерекше ескерулер құрайды:
1 1) мүгедектерге (негіздеме - медиңиналық қорытындысы) күтімді жузеге асыратын тұлғалар, III топтағы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар;
2 2) медициналык көрсеткіштері бойынша 7 жаска дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;
3
3) үш жаска дейінгі балалары бар аналар, және жаңа туған қызды немесе ұлды асырап алған, 2007 жылғы 15 мамырдағы № 252-ІІІ Қазақстан Республикасының еңбек Кодексіне сәйкес баланы күту бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысты ресімдеген әйел (ер кісі) немесе үш жасқа дейінгі балаларды күту бойынша олардың орнын ауыстыратын тұлғалар;
4 4) туберкулез диспансерінде стаңионарлык немесе амбулаториялық емдеуде үзақ уақыт болған тұлғалар;
5 5) босқын мәртебесі бар түлғалар; шетел азаматтары; азаматтығы жоқ түлғалар және Қазақстан Республикасындағы үнемі тұратын тұлғалар;
6 6) үш жасқа дейінгі балалары бар және жұмыс істемеген, бала туғанға дейін уәкілетті органда есепте тұрмаған әйелдер.
5 5. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канал жүргізу, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару), нақты тұтынуды негізге алып бекітіледі, бірақ шекті шамадан артық емес.
6 6. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтердің және байланыс қызметтерінің тарифтері және олардың өзгерістері қызмет көрсетушілермен ұсынылады.
3 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
7 7. Тұрғын үй жәрдемақысын алу кезінде есепке көлем мөлшері қабылданады:
1 1) отбасының әр мүшесіне - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр отбасына, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
2 2) жалғыз басты тұратын азаматтарға - тұрғын алаңына қарамастан 50 шаршы метр шегінде, бірақ нақтыдан артық емес.
Жәрдемақы тағайындау объектісі болып нормативті көлем шегінде отбасы қолданысындағы тұрғын үй жайы, қызмет көрсетушілермен, ауданның пәтер меншіктерінің кооперативтерімен ұсынылытын нақты коммуналдық шығындар табылады:
жылу;
ыстық су, бір адам басына норма бойынша;
суық су, бір адам басына норма бойынша;
канал жүргізу, бір адам басына норма бойынша;
электр қуаты бір адам басына 50 киловаттан артық емес;
газды пайдалану кезінде бір адам басына норма бойынша және бір адам басына 6,7 кг артык емес газ балонын пайдалану кезінде;
бекітілген тарифынан артық сома мөлшерінде телефон үшін абоненттік төлем.
Аталмыш ережелермен белгіленген мөлшерден тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну ақы төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
8 8. Өкілетті органдардың шешімі бойынша, отбасының біреуі баланың қорғаншысы болып табылатын, отбасыларына ата-анасының табысын есептемей жиынтық кірісі есептеп шығарылады.
4 4. Тұрғын үй жәрдемақысын ғағайындау үшін эшеуметтік қамсыздандыру орғанына азаматтардың өтініш беру тәртібі
9 9. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін талапкер уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынуы тиіс:
тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш (осы Ережеге қосымша);
жұмыс істеуші азаматтар - өткен тоқсанғы жалақысы туралы анықтаманы;
неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, немесе некені бұзу туралы соттың шешімі;
жылжымайтын мүліктің бар болуы туралы анықтаманы, жылына бір рет: /
жеке куәлігінің көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғындарды есебінің кітабы,
зейнетақы куәлігінің көшірмесі,
әділет органдарының 4 нысан анықтамасы/азаматтық жай-күйі ақтылардың жазбасы/ жалғызілікті аналар үшін.
Комуналдық қызмет тұтыну туралы мәлімет/өткен тоқсан бойынша/
Қалыпсыз газ плиталары бар үйлер үшін газ баллондарын сатып алу туралы анықтама /өткен тоқсан бойынша/.
10 10. Тұлғаларға, тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін, уәкілетті органға мыналар ұсынылады:
уәкілетті органмен - жұмыссыз ретінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарында тіркелген адамдар туралы мәліметтер және материалдық көмек көрсетілген сомалар;
Қарабалық ауданының Әділет басқармасымен - бірінші, екінші топтағы мүгедектер, сексеннен асқан және денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысы бар зейнеткерлерге жылжымайтын мүлік болуы туралы мәліметтер;
қызмет көрсетушілермен, ауданның пәтер меншіктерінің кооперативтерімен - төленген коммуналдық төлемдер, эксплуатациялық шығындар туралы мәліметтер - ай сайын.
11 11. Азаматтар тұрғын - үй жәрдемакысын тағайындау туралы өтінішпен уәкілетті органға тоқсан сайын өтініш жолдайды.
Себепсіз жағдайлармен тоқсан ішінде кайта тіркелмеген тұлғалар, тұрғын үй жәрдемақысын алуға кұкықты жоғалтады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде отбасы құрамындағы өзгерту туралы 10 күн ішінде хабар бермеген тұлғаларға тоқтатылады.
5 5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
12 12. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде есепке өткен тоқсанның табысы қабылданады.
13 13. Тұрғын үй жәрдемақысы толығымен ағымдағы токсанға тағайындалады. Азаматтардан арыз тоқсан ішінде қабылданады.
14 14. Бірінші рет өтініш еткен азаматтарға өтініш еткен айдан бастап тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады, басқа жерден көшіп келген он сегіз жастан асқан тұлғаларға бұрынғы орнынай тұрғын үй жоқтығы туралы мәлімет беруге тиіс.
15
15. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері осы Ереженің 7-тармағымен белгіленген аудан мөлшері шекті және осы мақсатқа Ереженің 8-тармағында көзделген аталмыш отбасының табыстың мүмкін болатын деңгейі шекті түрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты төлемі арасындағы айырмашылық түрінде анықталады.
16
16. Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде отбасының (азаматтардың) жиынтық табысына тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік балалар жәрдем ақысы, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына, жерлеуге және бала туылғанда берілетін біржолғы төлем, тұрғын үй жәрдемі турады өтініш берілген тоқсан алдындағы тоқсан ішінде қосалқы шаруашылықтан және саяжай жерлерінен алынған нақты табыстардан басқа табыстардың барлық түрлері есептеледі:
1 1) еңбек ақы/түріндегі табыстар (табыстардың барлық түрлері, және де сыйақы, үстеме ақы, үстеме сыйақы, ақшалай және заттай нысан түрлерінде әлеуметтік жеңілдіктер, жұмыскерлерге заңнамаларға сәйкес негізгі жұмыс орнынан және қоса атқарушылық бойынша төленетін ақша сомаларын қоса;
2
2) зейнетақының барлық түрлері, стипендия, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуына және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемакылар, заңмен және басқа нормативтік актілермен және де жергілікті басқару органдарының және жұмыс берушілердің шешімдерімен бекітілген тәртіп бойынша тағайындалатын өтемдік төлемдер;
3 3) балаларға және басқа асыраудағы жандарға алименттер;
4 4) зақымдану және басқа денсаулыққа зақым келтіру себебінен алынған зиянды өтеу ретінде алынған біржолғы сомалар;
5 5) кәсіпкерліктен және басқа қызметтерден алынған табыстар;
6 6) азаматтардың өз еріктерімен мәлімдеген басқа табыстары;
17 17. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде қабылданатын табыстар туралы жорта күмән келтіретін акпарат берген жағдайда, өтініш беруші күнтізбе жылының ішінде жәрдемақы алу қүқығын жоғалтады.
Артық төленген сомалар ерікті жолымен қайтарылады, бас тарту жағдайында - сот тәртібімен.