Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил инвентаризации выбросов парниковых газов и озоноразрушающих веществ

Бұйрық · № 348-п · қабылданған 13.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37093/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил инвентаризации выбросов парниковых газов и озоноразрушающих веществ Күшін жойған Бұйрық ·№ 348-п ·13.12.2007
27.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил инвентаризации выбросов парниковых газов и озоноразрушающих веществ

Күшін жойған Бұйрық ·№ 348-п · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил инвентаризации выбросов парниковых газов и озоноразрушающих веществ
Атауы (қаз.)
Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
348-п
Қабылданған күні
13.12.2007
Көрсетілген редакция
27.04.2016 AI37093_6.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070005094_
ЭКБ идентификаторы
37093
Редакция идентификаторы
AI37093_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:38

0 Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 30-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы»13 желтоқсандағы
N 348-ө бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу тәртібін анықтайды.

2 2. Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеудің негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттардың атмосфералық ауаға әсер ету дәрежесін бағалау және парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының кәсіпорын бойынша тұтастай да, жеке көздер бойынша да жол берілетін шекті нормативтерін белгілеу үшін бастапқы деректерді алу;
парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттардың сандық және сапалы сипаттамаларын анықтау;
мемлекеттік есепке алу;
кәсіпорында шикізат ресурстарын және пайдаланудың және қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімділігін бағалау;
атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.

3

3. Парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтыну көздері бар заңды тұлғалар жыл сайын парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу жүргізеді және оны есептілік жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірден кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

2 2. Парниктік газдар шығарындыларына түгендеу жүргізу тәртібі

4 4. Парниктік газдар шығарындыларына түгендеу жүргізген кезде парниктік газдар шығарындыларының көздерін зерттеу жүргізіледі және парниктік газдардың түрлері мен саны анықталады.

5

5. Парниктік газдар шығарындыларына жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылар парниктік газдарды түгендеу туралы есепті «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

6 6. Алынып тасталды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012.05.25 № 170-Ө (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 3. Озонды бұзатын заттарға түгендеу жүргізу тәртібі

7 7. Түгендеу жүргізген кезде құрамында озон қабатын бұзатын заттар (бұдан әрі - ОҚБЗ) бар өнім зерттеледі, ОҚБЗ түрлері мен саны анықталады.

8 8. ОҚБЗ тұтынуға жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша 2-қосымшаға сәйкес озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға түгендеу паспорты толтырылады.

9 9. Паспорт озонды бұзатын заттарды таза күйінде және құрамында олар бар өнімді тұтынудың жыл сайынғы айналымына жасалады.

10 10. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу паспорты мынадай ережелерді қамтуы тиіс:

1 1) тіркеу нөмірін;

2 2) кімнің меншігінде/иелігінде ОБЗ болатын табиғат пайдаланушы ұйымның атауы;

3 3) ОБЗ түгендеу паспортын жасаған және бекіткен тұлғалардың аты-жөні және лауазымдары;

4 4) ұйымның әкімшілік бірліктерге қалай орналасуы;

5 5) ОБЗ әкелу/шығару туралы деректер;

6 6) құрамында ОБЗ бар өнімді әкелу/шығару туралы деректер;

7 7) қызметтің түрлері бойынша тұтынылған ОБЗ саны;

8 8) объект туралы деректер көздері. Паспортта ұсынылған деректер алынған құжат(тар)дың атауы, күні, авторлары көрсетілсін.

25 Парниктік газдарды түгендеу паспорты

Парниктік газдардың шығарындыларын
және озонды бұзатын заттарды тұтынуды
түгендеу ережесіне 1-қосымша
Парниктік газдарды түгендеу паспорты

26 Озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу паспорты

Парниктік газдардың шығарындыларын
және озонды бұзатын заттарды тұтынуды
түгендеу ережесіне 2-қосымша
Озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу паспорты
Тіркеу нөмірі_____________________________
(уәкілетті орган толтырады)
Ұйым _______________________________________________________
Орындаушы(лар) ___________________________ _______________
аты-жөні, лауазымы               қолы
Ұйымның басшысы ___________________________ _______________
аты-жөні                  қолы/мөр
1. Әкімшілік орналасу (ұйым) (облыс, аудан, қала, кент)
2. ОБЗ әкелу (немесе сатып алу)/шығару (немесе сату)
р/с
ОБЗ ата­уы (хим. заттың ата­уы және хим. фор­му­ла)
Шы­ға­ру­шы ел және өнім бе­ру­ші фир­ма (им­порт ке­зін­де)
Са­ны, кг
ҚР бой­ын­ша өнім бе­ру­ші фир­ма (са­тып алу ке­зін­де)
1
2
3
4
5
3. Құрамында ОБЗ бар өнімді әкелу/шығару
р/сN
Өнім­нің ата­уы
Шы­ға­ру­шы ел және өнім бе­ру­ші фир­ма
Са­ны, кг
ҚР бой­ын­ша өнім бе­ру­ші фир­ма
1
2
3
4
5
4. Қызметтің түрлері бойынша тұтынылған озонды бұзатын заттардың саны
Қыз­мет­тің тү­рі
Тұ­ты­ны­л­ған ОБЗ са­ны, кг
Ел және өнім бе­ру­ші фир­ма
Экс­порт­тал-
ған неме­се
са­ты­л­ған ОБЗ са­ны
Ел және ҚР бой­ын­ша өнім бе­ру­ші фир­ма
6
7
8
9
10
8. Объект туралы деректер көздерінің тізбесі (Паспортта ұсынылған деректер алынған құжат(тар)дың атауы, күні, авторлары көрсетілсін).

Қолданыстағы