Құжат мәтініне өту

О согласовании перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

Өзге акт · № 28 · қабылданған 25.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37120/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О согласовании перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки Күшін жойған Өзге акт ·№ 28 ·25.12.2007
25.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О согласовании перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

Күшін жойған Өзге акт ·№ 28 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О согласовании перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки
Атауы (қаз.)
Жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін келістіру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28
Қабылданған күні
25.12.2007
Көрсетілген редакция
25.12.2007 37120_301137.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07NT000065
ЭКБ идентификаторы
37120
Редакция идентификаторы
37120_301137
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:24

0 Жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін келістіру туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабыньш 3-тармағын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес «Ауылдық (селолық) мекендерде жұмыс істейтін және 2008 жылғы аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес пайыздан кем емес көтерілген лауазымдық жалақыларға және тарифтік ставкаларға құқығы бар, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізімін белгілеу туралы» Федоров ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 320 қаулысын қарап, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. 2008 жылғы аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес келістірілсін.

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ауылдық (селолық) мекендерде жұмыс істейтін және 2008 жылғы аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізімі

Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 28 шешіміне
қосымша
Ауылдық (селолық) мекендерде жұмыс істейтін және 2008 жылғы аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізімі

1 1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

1 1) интернат директоры;

2 2) барлық мамандықтардағы дәрігерлер;

3 3) медициналық бике;

4 4) зертханашы;

5 5) диеталық бике;

6 6) үйдегі әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

7 7) күтім бойынша әлеуметтік жұмыскер;

8 8) жұмысшыларды даярлау нұсқаушысы.

2 2. Білім мамандарының лауазымдары:

1 1) кәсіптік мектептің, жалпы білім беру мектебінің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымдардың және барлық түрлер мен үлгісіндегі интернаттық ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері;

2 2) кәсіпқой мектептің, жалпы білім беру мектебінің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымдардың және интернаттық ұйымдарының барлық түрлер мен үлгісіндегі директоры (меңгерушісі);

3 3) балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорысыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының, балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана директоры (меңгерушісі);

4 4) дене тәрбиелеу басшысы;

5 5) алғашқы әскери дайындық басшысы;

6 6) ғылым, оқу, оқулық-өндіру, оқу-тәрбиелік, тәрбиелеу жұмысы бойынша, профильдік оқыту, жалпы білім беру мектебінің, мектеп-интернаттарының және орта бастауыш және орта кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының ақпараттық технологиялары бойынша;

7 7) білім беру ұйымдарындағы бөлімшелердің меңгерушісі;

8 8) әлеуметтік мұғалім;

9 9) ұйымдастырушы-мұғалім;

10 10) қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімі;

11 11) психолог-мұгалім;

12 12) орта кәсіпқойлық оқу орындарының мұғалімі;

13 13) аға тәрбиеші, тәрбиеші;

14 14) музыкалық басшы;

15 15) аға жетекші;

16 16) дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы;

17 17) психологтық-медициналық-педагогикалық кеңес меңгерушісі;

18 18) лагерь (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектептік ,еңбек және демалыс) бастығы;

19 19) оқушылардың кәсіптік тәжірибе басшысы;

20 20) оқу-өндірістік (оқулық) шеберханасының меңгерушісі;

21 21) зертхана, кабинет меңгерушісі;

22 22) еңбек нұсқаушысы;

23 23) мәдени ұйымдастырушы;

24 24) аға әдіскер, әдіскер;

25 25) өндірістік оқыту шебері;

26 26) аға шебер;

27 27) сүйемелдеуші;

28 28) концертмейстер;

29 29) студия басшысы;

30 30) медициналық бике;

31 31) диеталық бике;

32 32) кітапханашы;

33 33) кітапхана меңгерушісі;

34 34) дәрігер;

35 35) ымдау тілінің педагогы;

36 36) тифлопедагог;

37 37) психолого-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;

38 38) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;

39 39) балетмейстер;

40 40) хормейстер;

41 41) жаттықтырушы-мұгалім;

42 42) жүзу бойынша нұсқаушы-әдіскер;

43 43) туризм бойынша нұсқаушы;

44 44) алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы-мұгалім;

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) ұйымның бастығы, басшысы, директоры;

2 2) бөлімше жетекшісі;

3 3) бастықтың, басшының, директордың орынбасары;

4 4) сектордың, бөлімнің, қор меңгерушісі;

5 5) сектор, үйірме басшысы;

6 6) мәдени ұйымдастырушы;

7 7) аккомпаниатор;

8 8) концертмейстер;

9 9) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;

10 10) балетмейстер;

11 11) хормейстер;

12 12) аға кітапханашы, кітапханашы;

13 13) кітапхана меңгерушісі;

14 14) суретші-рәсімдеуші, жаңғыртушы-суретші, қоюшы-суретші;

15 15) бейнеоператор;

16 16) аға ғылым қызметкері, кіші ғылым қызметкері, жетекші ғылым қызметкері, ғылым қызметкері;

17 17) мұражайлардағы бас сақтаушы, қор сақтаушысы;

18 18) экскурсия жетекшісі;

19 19) қараушы, мұражай қараушысы;

20 20) сақтау маманы;

21 21) әдіскер, аға әдіскер, жетекші әдіскер.

Қолданыстағы