Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын және «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік корғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңын басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы от 25.12.2007 г. № 35 (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы)
1. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы» Ережесі бекітілсін.
2. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 12 шілдедегі кезекті XXIII сессиясының №212 «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына,Чернобыль апатын жоюшы азаматтарға,Ауған соғысының мүгедектеріне жергілікті бюджеттен коммуналдық қызмет есебінен көмек беру туралы» (Әділет басқармасында 03.08.2006ж. Мемлекеттік тіркеу №10-8-32 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
аудандық Мәслихаттың, кезекті
III сессиясының № 35
шешімімен бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-дағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған азаматтарға (бұдан әрі карай-әлеуметтік төлемдер алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер көрсету тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік төлемдер-әлеуметтік төлемдер алушылардың коммуналдық шығындарын төлеу бойынша жүргізіледі.
3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау және оларды төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
4. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын келесі түрлер бойынша тағайындалады:
1) әлектр жарығы 1 адамға 1 айға 45 квт/сағ 234 теңге 45 тиын квт /сағ 5,21 теңге);
2) қатты отын (көмір алу)немесе жылу қызметі (кыс айлары 15 қазаннан қараша,желтоқсан,қаңтар және 15 наурызға дейін 0,5 тонна 2500 тенге);
3) ауыз су қызметтері 1 адамға 1 айға 45 теңге;
4) телефон қызметтері 1 айға 440 теңге;
5) газ қызметтері 1 айға 1000 теңге;
Барлығы 1 айға 1 адамға коммуналдық шығындар мөлшері жылумен- 4219 теңге 45 тиын, жылусыз -1719 теңге 45 тиын.
3. Қаржыландыру және төлеу.
5. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
6. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер «Аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» ай сайынғы ұсынылған тізімінің негізінде
төленеді.
7. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
8. Әлеуметтік көмектер тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген негіздерге сәйкес тоқтатылады.