Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын және «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік корғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңын басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы» Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 12 шілдедегі кезекті XXIII сессиясының №212 «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына,Чернобыль апатын жоюшы азаматтарға,Ауған соғысының мүгедектеріне жергілікті бюджеттен коммуналдық қызмет есебінен көмек беру туралы» (Әділет басқармасында 03.08.2006ж. Мемлекеттік тіркеу №10-8-32 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 4
2007 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық Мәслихаттың, кезекті III сессиясының № 35 шешімімен бекітілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-дағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған азаматтарға (бұдан әрі карай-әлеуметтік төлемдер алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлемдер-әлеуметтік төлемдер алушылардың коммуналдық шығындарын төлеу бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау және оларды төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын келесі түрлер бойынша тағайындалады:
Тармақша 1
1) әлектр жарығы 1 адамға 1 айға 45 квт/сағ 234 теңге 45 тиын квт /сағ 5,21 теңге);
Тармақша 2
2) қатты отын (көмір алу)немесе жылу қызметі (кыс айлары 15 қазаннан қараша,желтоқсан,қаңтар және 15 наурызға дейін 0,5 тонна 2500 тенге);
Тармақша 3
3) ауыз су қызметтері 1 адамға 1 айға 45 теңге;
Тармақша 4
4) телефон қызметтері 1 айға 440 теңге;
Тармақша 5
5) газ қызметтері 1 айға 1000 теңге; Барлығы 1 айға 1 адамға коммуналдық шығындар мөлшері жылумен- 4219 теңге 45 тиын, жылусыз -1719 теңге 45 тиын.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу.
3. Қаржыландыру және төлеу.
Тармақ 5
5. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
Тармақ 6
6. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер «Аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» ай сайынғы ұсынылған тізімінің негізінде төленеді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмектер тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген негіздерге сәйкес тоқтатылады.