Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін ұйымдастыру туралы
Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін үйымдастыру туралы от 14.01.2008 г. № 14 (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін үйымдастыру туралы)
1. Сырдария ауданында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлері ұйымдастырылсын.
2. Аймақтағы қоғамдық жұмыстардың түрлері 1 қосымшаға, қоғамдық жұыстардың көлемі мен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысы, әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы мен осы қаулыдан туындайтын талаптардың орындалуын қаматамасыз етіп, қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ақпарат берсін.
4. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы №7 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы «14» 01 №14
аудан әкімдігінің қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстың түрлері
Қоғамдық жұмыстар мынадай негізгі түрлер бойынша ұйымдастырылды:
1. Коммуналдық-тұрғын үй шаруашылық мекемелеріне елді-мекендер айналасын тазартуға көмектесу;
2. Жергілікті деңгейде жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, кәріз және басқа инженерлік коммуникациялар салу;
3. Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік мәдени объектілер салу, қайта жаңғырту және жөндеу;
4. Тарихи - сәулеттік ескерткіштер мен кешендерді қалпына келтіру, архелогиялық жұмыстар;
5. Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын айналаны көгалдандыру мен көркейту, орман шаруашылығын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамыту;
6. Көктемгі дала, егін жинау жұмысын өткізу кезінде ауылдық округтерде жерді паспорттау;
7. Республикалық және аймақтық науқандарын (қоғамдық пікірді сұрау, әр түрлі санақтар) өткізуге қатысу;
8. Қарулы күштер қатарына шақыруын өткізуге көмектесу;
9. Орта қаржыландыру шарты негізінде қосалқы шаруашылығы бар ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезеңінде дала жұмыстарын өткізу, мал бордақылау, мал төлін өсіру, мал бағу мен қорғау;
10. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға және атаулы әлеуметтік көмек алуға ұсыныс берген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеуді жүргізу үшін учаскелік комиссиялардың жұмысына көмек көрсету;
11. Елді-мекендерде құқықтык тәртіп сақтауға көмектесу;
12. Қайта есептеу кезінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымдарға көмектесу және халықтың мақсатты топтарына (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжаттар рәсімдеу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету;
13. Мұрағат мекемелеріне, кітапханаларға көмектесу, кітаптарды қайта қалпына келтіру;
14. Жергілікті бюджет есебінен жасалатын тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй қорын қайта жаңғыртуға қатысу, ол жұмыстар үшін қажетті қосалқы материалдар (құрылыс тастар, қиыршық тастар, плиталар, құм) дайындау;
15. Әлеуметтік қызметтер көрсету (балалардың спорт және ойын аландарын салу, каникул кезінде жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын сауықтыру лагеріне балалардың демалуын қамтамасыз ету);
16. Елді-мекендерде газеттерді уақытылы жеткізіп тұруда көмек көрсету;
17. Техникалық қызметтер (маусымдық жұмыстарда мекемелерде бу қазандығына от жағу, тазалықты сақтау жұмыстарына көмектесу, хатшы-машинистқа т.т.б);
18. Мал тұқымын асылдандыру, мал қолдан ұрықтандыру жұмыстарына көмектесу;
2008 жылғы «14» 01 №14
аудан әкімдігінің қаулысына 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер тізімі
1. Аудан әкімі аппараты
2. Тереңөзек кенті әкімі аппараты
3. Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты
4. Шаған ауылдық округі әкімінің аппараты
5. Н.Ильясов ауылдық округі әкімінің аппараты
6. Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің аппараты
7. А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты
8. Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты
9. Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты
10. Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты
11. Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты
12. Қалжан Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты
13. С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты
14. Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты
15. Жетікөл ауылдық округі әкімінің аппараты
16. Аудандық әкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
17. Аудандық қаржы бөлімі
18. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі
19. Аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі
20. Аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
21. Аудандық құрылыс бөлімі
22. Аудандық білім бөлімі
23. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
24. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
25. Аудандық ішкі саясат бөлімі
26. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
27. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
28. Аудандық жер қатынастары бөлімі
29. Аудандық «Қайнар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
30. Жалағаш аудандық біріккен әскери комиссариаты
31. Аудандық маслихат аппараты
32. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы
33. Аудандық өкпе ауруларына қарсы күрес ауруханасы
34. Аудандық әуез мектебі
35. Аудандық №10 кәсіптік мектеп
36. И.Тоқтабаев атындағы №35 қазақ орта мектебі
37. Ә.Тәжібаев атындағы №36 орыс орта мектебі
38. О.Абдулпаттаев атындағы №210 қазақ орта мектебі
39. №37 қазақ орта мектеп
40. №131 қазақ орта мектеп
41. Т. Айтбаев атындағы № 132 қазақ орта мектебі
42. А. Тоқмаганбетов атындағы №135 қазақ орта мектебі
43. № 137 орта мектеп
44. Ә.Жәмішов атындағы №129 орта мектеп
45. № 126 орта мектеп
46. Қ.Баймағанбетов атындағы №42 орта мектеп
47. №44 орта мектеп
48. № 191 орта мектеп
49. №174 орта мектеп
50. А.Құнанбаев атындағы №130 қазақ орта мектебі
51. №139 орта мектеп
52. № 147 орта мектеп
53. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
54. Аудандық Әділет басқармасы
55. №1 «Қызғалдақ» балалар бақшасы
56. №2 «Балдәурен» балалар бақшасы
57. №6 «Ботагөз» балалар бақшасы
58. Аудандық орталық аурухана
59. Аудандық емхана
60. Аудандық мұрағат
61. Аудандық ішкі істер бөлімі
62. Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі
63. Аудандық «Жалын» тынығу лагері
64. Аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
Әлеуметтік жұмыс орындары үйымдастырылатын мекемелер тізімі
1. Тереңөзек кенті, «Тереңөзек» селолық тұтыну кооперативі
2. Айдарлы ауылы, «Ынтымақ» селолық тұтыну кооперативі
3. Қоғалыкөл ауылы, «Жамбыл» селолық тұтыну кооперативі
4. С.Сейфуллин ауылы, «Қамқор» селолық тұтыну кооперативі
5. Ақжарма ауылы, «Бірлік» селолық тұтыну кооперативі
6. Амакелді ауылы, «Аманкелді» селолық тұтыну кооперативі
7. Шаған ауылы, «Шаган» селолық тұтыну кооперативі
8. «Сымбат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
9. «Жасұлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
10. «Ремстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
11. Жеке кәсіпкер «Жалғасова»
Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысы
Қогамдық жұмыстар жұмыс беруші мен жұмыссыздар арасында келісім-шарт арқылы үйымдастырылады. Келісім шарттың шекті мерзімі 6 ай. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартқа, орындалған жұмыстың көлемі, сапасы мен күрделігіне байланысты Қазақстан Республикасы заңдамасына сәйкес реттеледі. Еңбекақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбекақыдан кем емес көлемде нақты орындалған жұмыстың көлеміне төленеді.
Ескерту: Әлеуметтік жұмыс орындары тиісті ұсыныстар негізінде бекітілді.