Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому»

Қаулы · № 395 · қабылданған 28.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37243/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому» Күшін жойған Қаулы ·№ 395 ·28.12.2007
28.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому»

Күшін жойған Қаулы ·№ 395 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому»
Атауы (қаз.)
«Үйде оқытылып, тәрбиеленген мүгедек балалары материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
395
Қабылданған күні
28.12.2007
Көрсетілген редакция
28.12.2007 37243_372651.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07SL000049
ЭКБ идентификаторы
37243
Редакция идентификаторы
37243_372651
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:19

0 «Үйде оқытылып, тәрбиеленген мүгедек балалары материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1 1. «Үйде оқытылып, тәрбиеленген мүгедек балалары материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық сұрақтары және ауыл шаруашылығы жөнінде аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Үйде оқытылып, тәрбиеленген мүгедек балалары материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу»

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 395 қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Үйде оқытылып, тәрбиеленген мүгедек балалары материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу»

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: «Үйде оқытылып, тәрбиеленген мүгедек балалары материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу».

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.

3

3. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 29 бабы 6 тармағы «Ата-аналарының немесе оқыту мен тәрбиелеудің заңды өкілдерінің еріктерін ескере отырып, мүгедек балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа да оқу орындарында тәрбиелеу мен окытуды іске асырудың мүмкіндігі болмағанда тәрбиелеу және оқыту Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте үйде жүргізіледі»;
2006 жылғы 27 сәуірдегі №13-12-20 Тимирязев ауданының әділет басқармасында тіркелінген «Үйде тәрбиеленіп, оқытылған мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту. туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № 79 қаулысы негізінде.

4 4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:

«Тимирязев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1.

5 5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі): Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау үшін арызданушының жеке ісі.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:

Әлеуметтік көмекті алу құқығына үйде тәрбиеленіп, оқытылған мүгедек баланың ата-анасының біреуі, немесе оның заңды өкілі ие бола алады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1 1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің, мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін электрондық сұрау салу мерзімдері (тіркеу, талон алу күнінен бастап т. б.): 10 күн;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты (тіркеліп талон алған уақыттан бастап т.б.), мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін электрондық сұрау салу мерзімдері: 15 минут;

3 3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты, мемлекеттік қыз көрсетудің нәтижесі ретінде максималды мөлшері: 15 минут.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету «Үйде оқытылып,тәрбиеленген мүгедек балалары материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу» қызметі тегін көрсетіледі.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын «Үйде оқытылып,тәрбиеленген мүгедек балалары материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты аудандық «Нива» газетінде басылады, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, № 3,4 кабинеттер мекен-жайы бойынша орналасқан «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд орналастырылған. Осы мекен-жайда қызмет көрсетіледі.

10 10. Жұмыс кестесі: күн сайын дүйсенбіден жұм күндері, 9.00. дейін 18.00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін.

11 11. Қызмет көрсету орындарының шарттарын «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 3, 4 кабинеттерде, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды тапсырады:

1 1) қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі арыз;

2 2) арызданушының жеке тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме);

3 3) тұрғылықты жері мен отбасының құрамын растайтын құжат;

4 4) мугедектікті анықтау туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (түпнұска және көшірме);

5 5) білім беру уәкілетті органы жанындағы Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогокалық комиссиямен берілген мүгедек баланы үйде оқутудың (тәрбиелеудің) қажеттілігі туралы қорытынды;

6 6) баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

7 7) мектеп бағдарламасы бойынша балаларды нақты оқытуды анықтаушы мектептен анықтама.

Өтінішке қамқоршының (тәрбиешінің) куәлігі немесе қамқоршылық және қамқорлық органының қамқоршылықты (қамқорлықты) анықтау туралы шешімінің үзіндісі қоса беріледі.
Құжаттар растайтык құжаттардың косымшаларымен салыстыру үшін түрнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылып беріледі.

13 13. Бланктар Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1, № 3,4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде немесе сәйкес селолық округінің аппаратында беріледі.

14 14. Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Тимирязев селосы, Уәлиханов, 1, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.

15 15. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану күні жазылған мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрін көрсету арыздың үзінді талоны беріледі.

16 16. Қызмет көрсету хабарлама поштамен жіберіледі немесе, Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 4,6 кабинеттер мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасуда қолына беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін себеп болған негізі тізбесінің толық болып табылмағаны.

3 3. Жұмыс принципі

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:

1 1) Үйде тәрбиеленіп, оқытылған мүгедек балаларға әлеуметтік көмек беру тәртібі туралы толық ақпарат алуға;

2 2) бөлім мамандарының әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;

3 3) белгіленген үлгідегі өтінішті тегін алуға;

4 4) тағайындалған төлемдерді банктік шотқа тоқсансайын аударылып тұруына арқа сүйей алады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану:

Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1 үй, 2 кабинет немесе орынбасарға 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.

2 2) Тимирязев ауданының әкіміне

3 3) Тимирязев аудандық сотқа.

22 22. Шағым түскен мемлекеттік органы:

1 1) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2 кабинет;

2 2) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары – 4 кабинет;

3 3) Тимирязев ауданының әкіміне, Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1;

4 4) Тимирязев аудандық сотқа, Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,9;

23 23. Қабылданған шағым жеке тұлғалардаң түскен шағымдарды тіркеуге алатын журналға тіркеліп 15 күн ішінде қаралады. Үзінді талон беріледі.

6 6. Байланыс ақпарат

24 Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

24. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, электрондық пошта мекен-жайы: ro-timir@mail.online.kz.
мекеме бастығы, телефон 21494, № 2 кабинет;
бастықтың орынбасары, телефон 21649, № 4 кабинет;
әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесінің бастығы - телефон 21673, № 4,6 кабинет;
әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі - 3 кабинет;
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
«Үйде оқытылып,тәрбиеленген мүгедек
балалары материалдық қамтамасыз
ету үшін құжаттар рәсімдеу»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары
95
75
60
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
90
50
40
2. Сапа
2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
70
60
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
95
75
65
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
80
50
40
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
80
30
25
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)
50
30
25
4. Шағымдану үрдісі
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)
0,1
0,4
0,6
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
95
60
50
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
85
70
50
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
95
50
40
5. Сыпайылық
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
70
60

Қолданыстағы