Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по назначению и выплате помощи для дополнительного питания гражданам больным активным туберкулезом

Қаулы · № 353 · қабылданған 26.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37252/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по назначению и выплате помощи для дополнительного питания гражданам больным активным туберкулезом Күшін жойған Қаулы ·№ 353 ·26.12.2007
02.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по назначению и выплате помощи для дополнительного питания гражданам больным активным туберкулезом

Күшін жойған Қаулы ·№ 353 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по назначению и выплате помощи для дополнительного питания гражданам больным активным туберкулезом
Атауы (қаз.)
Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үлгі стандартын бекіту жөнінде
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
353
Қабылданған күні
26.12.2007
Көрсетілген редакция
02.11.2009 37252_206351.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07SG000071
ЭКБ идентификаторы
37252
Редакция идентификаторы
37252_206351
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:22

0 Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үлгі стандартын бекіту жөнінде

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау" бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған үлгі стандарты бекітілсін.

2 2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" бастығына осы қаулыны бөлімнің қызметкерлері оқып білсін және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

5 Жамбыл ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 353 қаулысымен бекітілді
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тіс протездеуге әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі СТАНДАРТЫ

1 1. Жалпы ереже

1 1. Бұл үлгі стандарты белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (ілгеріде – мемлекеттік қызмет).

2 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: жарым-жартылай автоматтандырылған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 2 мамырдағы № 89 қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1623 тіркелген) белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау Ережесінің 4, 10-тармақтары негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызметті «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі көрсетеді, орналасқан жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат).

5 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нышаны тұтынушы алатын талон, хабарлау (хат) болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызметті белсенді туберкулезбен ауыратын, туберкулезге қарсы мекемелерде диспансерлік есепте тұрған азаматтар алуға құқылы.

7 7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:

1 1) мемлекеттік қызметті тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен: 30 күн;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут;

3 3)мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут.

8 8. Осы мемлекеттік қызмет ақысыз жүргізіледі.

9

9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және және қажетті құжаттар туралы ақпараттар, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері “Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” Мемлекеттік мекемесінің стендінде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 үйде орналасқан (бірінші қабат).

10 10. Мемлекеттік қызметті аптасына бес рет дүйсенбіден жұмаға дейін ұсынады, жергілікті уақытпен сағат 9 00-дан 1800-ге дейін, 1300-ден 1400-ге дейін түскі үзіліс.

11

11. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратында күту залы, құжаттарды толтыратын орындар, қажетті құжаттардың тізбесі мен олардың толтырылған үлгілері бар стенд ұйымдастырылған, мүмкіндігі шектелген азаматтарға пандус, отыратын орындықтар бар.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші

1 1) белгіленген нысандағы өтінішін;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы);

4 4) сақтау кітапшасы немесе өтемақы беру бойынша уәкілетті органнан шартты;

5 5) белсенді топ бойынша диспансерлік есепте тұрғандығы жайлы туберкулезге қарсы мекемеден анықтама.

Құжаттарды растайтын қосымшаларымен салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері ұсынылады, кейіннен өтініш иесіне құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

13 13. Бланкілер «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде беріледі. Мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), № 8 кабинет.

14.Қажетті құжаттардың толық қоржыны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат), № 8 кабинет.

15 15. Қажетті құжаттарды тапсырған өтініш иесіне қабылданған күні мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.

16 16. Хабар пошта арқылы жіберіледі немесе мына мекен-жайға: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» Мемлекеттік мекемесі Дружба көшесі № 6, № 8 кабинетте тұтынушының жеке өзінің қабылдауда болғанында ғана беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1 1) өтініш берушінің ұсынған мәліметтерінің дұрыс болмаған жағдайында;

2 2) құжаттар мәліметінің дәйексіздігінде.

3 3. Жұмыс принціпі

18

18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің қызметі адамның конституциялық құқығын, мемлекеттік міндетін орындау заңдылығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін сақтағанда және сыпайылық, жан- жақты толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық принциптерінде жүзеге асады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша орын алған дағуа әрекеттеріне шағымдану «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығына, «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына, «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығының атына ұсынылады.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісімен шешіледі.

22 22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электронды пошта немесе қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері шабарман арқылы қабылданады.

23 23. Қабылданған шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым иесіне шағымын қабылдағандықтары туралы жыртпалы талон беріледі, онда қабылданған күні мен уақыты көрсетілген.

Қаралған шағымдарының нәтижелерін шағымданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарланады.

6 6. Байланыс ақпарат

24 24. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 1 кабинет, телефон 2-13-38 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail.online.kz.

25

25.«Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 4 кабинет, телефон 2-26-09 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail.оnline.kz.

26 26.“Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті” Мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қаласы Абай көшесі 64, телефон 46-56-48, № 213 кабинет, электрондық поштаның мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz

«Белсенді туберкулезбен ауыратын
азаматтарды қосымша тамақтандырумен
қамтамасыз ету үшін әлеуметтік
көмекті тағайындау» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсетудің үлгі стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің
мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік
көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің
мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы
көрсеткіштердің
ағымдағы
мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты
тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер
көрсетудің %(үлесі) жағдайлары
98
98
98
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
85
85
85
2. Сапа
2.1. қызмет
көрсетулер үрдісінің сапасына
қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)
85
85
85
2.2. лауазымды
тұлғалармен
құжаттарды
дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
99
99
99
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы
ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар %
(үлесі)
88
88
88
3.2. тұтынушылармен
дұрыс толтырылған
және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
77
77
77
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын
ақпараттар қызметі % (үлесі)
47
47
47
4. Шағымдану үрдісі
4.1. іс бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына негізделген
шағымдар % (үлесі)
0,4
0,4
0,4
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
99
99
99
4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)
90
90
90
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар %
(үлесі)
90
90
90
5. Сыпайылық
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
89
89
89

Қолданыстағы