Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по выдачи справок безработным гражданам

Қаулы · № 354 · қабылданған 26.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37253/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по выдачи справок безработным гражданам Күшін жойған Қаулы ·№ 354 ·26.12.2007
02.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по выдачи справок безработным гражданам

Күшін жойған Қаулы ·№ 354 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по выдачи справок безработным гражданам
Атауы (қаз.)
Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту жөнінде
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
354
Қабылданған күні
26.12.2007
Көрсетілген редакция
02.11.2009 37253_208180.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07SG000072
ЭКБ идентификаторы
37253
Редакция идентификаторы
37253_208180
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:22

0 Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту жөнінде

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған үлгі стандарты бекітілсін.

2 2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" бастығына осы қаулыны бөлімнің қызметкерлері оқып білсін және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтікмәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

5 Жамбыл ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 354 қаулысымен бекітілді
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі СТАНДАРТЫ

1 1. Жалпы ереже

1 1. Бұл үлгі стандарты жұмыссыз азаматтарға анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (ілгеріде – мемлекеттік қызмет).

2 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: жарым жартылай автоматтандырылған.

3 3. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 8) тармақшасының негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызметті «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі көрсетеді, орналасқан жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат).

5 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нышаны тұтынушы алатын анықтама болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызметті жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар алуға құқылы.

7 7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі.

1 1) мемлекеттік қызметті тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен: - 5 күн;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут

8 8. Осы мемлекеттік қызмет ақысыз жүргізіледі.

9

9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы ақпараттар, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің стендінде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 үйде орналасқан (бірінші қабат).

10 10. Мемлекеттік қызметті аптасына бес рет дүйсенбіден-жұмаға дейін ұсынады, жергілікті уақытпен сағат 9 00-дан 1800-ге дейін, 1300-ден 1400-ге дейін түскі үзіліс. Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылмайды және жылдам қызмет көрсетілмейді.

11

11. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратында күту залы, құжаттарды толтыратын орындар, қажетті құжаттардың тізбесі мен олардың толтырылған үлгілері бар стенд ұйымдастырылған, мүмкіндігі шектелген азаматтарға пандус, отыратын орындықтар бар.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші

1 1) жеке куәлігін (төлқұжат);

2 2) еңбек қызметін растайтын құжатын

3 3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында бір жерде тұратын белгі қағазын және ішкі істер органында теркелгені туралы белгісімен азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін;

4 4) оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен берілген оралман куәлігін ұсынады.

Құжаттарды растайтын қосымшаларымен салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері ұсынылады, кейіннен өтініш иесіне құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

13 13. Бланкілер (өтініштер және т. б.) «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде беріледі. Мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), № 7 кабинет.

14 14. Қажетті құжаттардың толық қоржыны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат), № 7 кабинет.

15 15. Қажетті құжаттарды тапсырған өтініш иесіне қабылданған күні мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.

16 16. Хабар пошта арқылы жіберіледі немесе мына мекен-жайға: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Дружба көшесі № 6, № 7 кабинеттерде тұтынушының жеке өзінің қабылдауда болғанында ғана беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе бас тарту үшін негіздер:

1 1) өтініш берушінің ұсынған мәліметтерінің дұрыс болмаған жағдайында;

2 2) ұсынған құжаттарының сәйкессіздігі;

3 3) толымсыз құжаттар тізбесін ұсынғанда.

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмесе.

3 3. Жұмыс принціпі

18

18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің қызметі адамның конституциялық құқығын, мемлекеттік міндетін орындау заңдылығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін сақтағанда және сыпайылық, жан- жақты толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық принциптерінде жүзеге асады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті ұсыныу сапасы бойынша орын алған дағуа әрекеттеріне шағымдану «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығына, «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына, «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығының атына ұсынылады.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісімен шешіледі.

22 22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электронды пошта немесе қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері шабарман арқылы қабылданады.

23 23. Қабылданған шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым иесіне шағымын қабылдағандықтары туралы жыртпалы талон беріледі, онда қабылданған күні мен уақыты көрсетілген.

Қаралған шағымдарының нәтижелерін шағымданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарланады.

6 6. Байланыс ақпарат

24 24. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 1 кабинет, телефон 2-13-38 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail.online.kz.

25

25. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 4 кабинет, телефон 2-26-09 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail.online.kz.

26 26. «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қаласы Абай көшесі 64, телефон 46-56-48, № 213 кабинет, электрондық поштаның мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz

48 «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік
көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің
мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы
көрсеткіштердің
ағымдағы
мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты
тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер
көрсетудің %(үлесі) жағдайлары
100
100
100
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
95
95
95
2. Сапа
2.1. қызмет
көрсетулер үрдісінің сапасына
қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)
90
90
90
2.2. лауазымды
тұлғалармен
құжаттарды
дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
100
100
100
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы
ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар %
(үлесі)
90
90
90
3.2. тұтынушылармен
дұрыс толтырылған
және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
85
85
85
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын
ақпараттар қызметі % (үлесі)
80
80
80
4. Шағымдану үрдісі
4.1. іс бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына негізделген
шағымдар % (үлесі)
0,5
0,5
0,5
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
100
100
100
4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)
90
90
90
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар %
(үлесі)
90
90
90
5. Сыпайылық
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағат- танған тұтынушылар % (үлесі)
95
95
95

Қолданыстағы