Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите.

Өзге акт · № 190 · қабылданған 25.07.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3726/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении порядка установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите. Күшін жойған 25.07.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении порядка установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите.

Күшін жойған Өзге акт № 190 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите.
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік қорғуға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орнындарына (квота) белілеудің тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
190
Қабылданған күні
25.07.1999
Көрсетілген редакция
25.07.1999 3726_261563.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99M000121_
ЭКБ идентификаторы
3726
Редакция идентификаторы
3726_261563
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Әлеуметтік қорғуға мұқтаж

адамдарды жұмысқа қабылдау үшін
ұйымдарға ең
аз жұмыс
орнындарына
(квота)
белілеудің тәртібін
бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 04.05.2004 № 41 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ылғы 5 маусымдағы № 855 Әлеуметтік қорғуға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін
ұйымдарға ең
аз жұмыс
орнындарына
(квота)
белілеу меселелері” туралы қаулысын жүзеге асыру, әлеметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмыспен қамтуға және оларды жұмысқа қабылдауға жәрдем мақсатында шешім етемін:

1. Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау

үшін ұйымдарға ең aз жұмыс орындарын (квота) тертібі бекітілсін (жалғанды).

2. Қалалық және аудандық әкімдер әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, меншіктік нысанына қарамастан, ұйымдарда ең, aз жұмыс орындарының санын (квота) және оны енгізу мерзімін жыл сайын белгілеп отырсын.

3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А. Баужанова) әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ең аз жұмыс орындарының санын (квота) жыл сайынғы жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасына енгізіп отырсын.

4. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің біріншІ орынбасары Ж. Р. Аманқұловқа жүктелсін.

5 Облыс әкімінің

1999 жылғы 26 шілдедегі
№ 190 шешімімен бекітілген
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеудің
тәртібі

1. Қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж тұрғындар жігінің мүддесін есепке ала отырып, жұмысшы күшіне деген сұранысты болжау және талдау негізінде, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардағы ең, аз жұмыс орындары (квота) жөніндегі нақты ұсыныстарын қалалық, аудандық әкімдерге тапсырады.

2. Қалалық, аудандық әкімдер қалалық,аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері ұсынған ұсыныстардың негізінде жыл сайын шешімдерімен ұйымдарға әлеуметтік аса мұқтаж адамдарды қабылдау үшін жұмыс орындарына квота және енгізу мерзімін белгілейді.

Квоталарды белгілеу кезінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж адардың жасы және жыныстық құрамы, мамандығы мен біліктілік деңгейі, сондаи-ақ ұйымдардағы қызмет түрі, режимі, сипаты мөн әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайы ескеріледі.

3. Қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері қабылдаған шешім туралы жұмыс берушілерді квотаны енгізуден бір ай бұрын хабардар етеді.

4. Квота ұйымда жұмыс істейтін адамдар санының 5%-ікен аспайтын мөлшерде белгіленеді.

5. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес азаматтардың Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы

туралы
"
Заңындағы 5
тармағында
көрсетілген
санаттарын жұмысқа орналастыру үшін қажетті жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.

6. Квота бойынша жұмыс орындарына еңбекке орналастыру қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту жене әлеу- меттік қорғау бөлімдерінің жолдамасы бойынша жұргізіледі.

7. Жұмыс берушілер қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қату және әлеуметтік қорғау бөлімдері жіберген азаматтарды әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарға арналған квотаға cәйкес жұмысқа қабылдауға міндетті.

8. Белгіленген квоталардың шеңберінде құрылған немесе бөлінген, босаған жұмыс орындары туралы ақпаратты жұмыс берушілер ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес, олар пайда болған күннен бастап үш күн мерзім ішінде қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдеріне ұсынуға міндетті.

9. Жұмыс берушілер тоқсан сайын қалалық,аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

бөлімдеріне квотаның есебіне белінген жұмыс орындарының толығуы жөнінде ақпарат ұсынады.

10. Қала, аудан әкімдерінің жұмыс орындарын квоталау туралы шешімін орындамаған немесе әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастырудан жалтарған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

11. Квотаның есебінен бөлінген жұмыс орындарының толығуын бақылауды қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері жүзеге асырады.