Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выделения бюджетных субсидий на покрытие убытков, связанных с обеспечением сохранности, учета, комплектования и реставрации историко-культурных ценностей

Қаулы · № 31 · қабылданған 19.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37283/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил выделения бюджетных субсидий на покрытие убытков, связанных с обеспечением сохранности, учета, комплектования и реставрации историко-культурных ценностей Күшін жойған Қаулы ·№ 31 ·19.01.2008
27.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выделения бюджетных субсидий на покрытие убытков, связанных с обеспечением сохранности, учета, комплектования и реставрации историко-культурных ценностей

Күшін жойған Қаулы ·№ 31 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выделения бюджетных субсидий на покрытие убытков, связанных с обеспечением сохранности, учета, комплектования и реставрации историко-культурных ценностей
Атауы (қаз.)
Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31
Қабылданған күні
19.01.2008
Көрсетілген редакция
27.10.2011 AI37283_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000031_
ЭКБ идентификаторы
37283
Редакция идентификаторы
AI37283_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:12

0 Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 қаңтардағы
N 31 қаулысымен
бекітілген
Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлу тәртібін анықтайды.

2 2. Субсидиялар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік мұражайлардың шығындарын пайыздық өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады.

2 2. Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік мұражайлардың шығындарын жабуға бюджеттік субсидиялар алу тәртібі

3 3. Республикалық бюджеттен субсидиялар бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.

Жергілікті бюджеттен субсидиялар бөлу жергілікті атқарушы орган бекіткен қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.

4

4. Мемлекеттік бюджеттен субсидияларды бөлу сомасы мұражайлардың өздері өз қаражатынан жабатын құнды шегере отырып, мемлекеттік мұражайлардың ағымдағы шығыстарының құнын жабуға жіберу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте субсидиялардың мөлшері мемлекеттік мұражайлардың жалпы ағымдағы шығыстарының 80 %-ынан аспауы тиіс.

5 5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:

1 1) субсидиялардың мөлшерін анықтайды;

2 2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік мұражайларға бөлінетін субсидиялардың көлемі туралы мәліметті жеткізеді;

3 3) ай сайын субсидияларды бөлу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын береді.

6 6. Аумақтық қазыналық бөлімшесіне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жауапты болады.

7 7. Мемлекеттік мұражайлар алатын субсидиялар екінші деңгейдегі банктерде ашылатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде арнаулы мақсаты бойынша жұмсалады.

8 8. Мемлекеттік мұражайлар субсидиялар алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне:

1 1) жыл сайын ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес алынған субсидиялар көлемінің негізінде алдағы жылға көрсетілетін қызметтер бойынша кірістер мен шығыстардың бекітілген есептемелерін;

2 2) ай сайын айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес алдағы айға шығындарды жабу есептемелерін ұсынады.

9 9. Мемлекеттік мұражайлар есептемелердің анықтығы мен дұрыс жасалуына жауапты болады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

10 10. Мемлекеттік мұражайларға субсидияға бөлінген бюджет қаражатының тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар жауапты болады.

20 кіріс жоспары

Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және реставрациялануын
қамтамасыз етуге байланысты
шығындарды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу ережесіне
1-қосымша
__________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_________
кіріс жоспары
Р/
c
N №
Көр-
ме­лер
са­ны
Экс­кур-
си­я­лар
са­ны
Ке­лу­ші-
лер
са­ны
(мың
адам)
Кі­рі­стер
(мың тең­ге)
Ес­керт­пе
Би­лет
са­ту-
дан
Жал­ға
бе­ру-
ден
Өзге-
лер
1
2
3
4
5
6
7
8

21 шығыс жоспары

Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және реставрациялануын
қамтамасыз етуге байланысты
шығындарды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу ережесіне
2-қосымша
__________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_________
шығыс жоспары
мың теңге
Р/с
N №
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Со­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
4

22 мемлекеттік мұражайлардың шығындарын жабу есептемесі

Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және реставрациялануын
қамтамасыз етуге байланысты
шығындарды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу ережесіне
3-қосымша
__________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_____ айына
мемлекеттік мұражайлардың шығындарын жабу есептемесі
мың теңге
Са­ты­ла­тын
қыз­мет­тер­дің
өзін­дік құ­ны
Мен­шік­ті
кі­рі­стер
со­ма­сы
Суб­си­ди­я­лар
со­ма­сы
1
2
3

Қолданыстағы