Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан

Бұйрық · № 659 · қабылданған 27.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37307/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 659 ·27.12.2007
28.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 659 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
659
Қабылданған күні
27.12.2007
Көрсетілген редакция
28.09.2010 AI37307_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070005096_
ЭКБ идентификаторы
37307
Редакция идентификаторы
AI37307_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:21

0 Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі бекітілсін.

2 2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

4 Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы»27 желтоқсанда
N 659 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін реттейді.

2 2. Шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға білім берудің конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге кепілдік беріледі.

2 2. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдау және оқытуды ұйымдастыру тәртібі

3

3. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды оқуға қабылдау, олардың оқуын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарымен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады.

4 4. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар балаларының ата-анасы немесе заңды өкілі білім беру ұйымдарына өз баласын оқуға берген кезде тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығы бар құжатын ұсынуы тиіс:

шетелдіктер - Қазақстан Республикасында тұру түрі;
азаматтығы жоқ тұлғалар - азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі.

5

5. Ата-аналарымен Қазақстан Республикасында тұратын шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларының тұлғасын куәландыратын ұлттық паспорты (алыс шетелдер үшін) немесе туу туралы куәлігі болуы керек. Он алты жасқа келген балалар ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен бірге ішкі істер органдарында тіркеледі.

6 6. Білім беру ұйымдары міндетті түрде алғашқы кезеңде оралмандардың балалары үшін оларды қазақ әліпбиіне үйрету мақсатында екі апталық курстарды өткізеді.

7 7. Білім беру ұйымдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын олардың шетелде алған білімінің деңгейіне сәйкес тиісті сыныптарға бөледі.

Қолданыстағы