Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования

Бұйрық · № 638 · қабылданған 19.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37312/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования Күшін жойған Бұйрық ·№ 638 ·19.12.2007
21.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 638 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования
Атауы (қаз.)
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
638
Қабылданған күні
19.12.2007
Көрсетілген редакция
21.05.2012 AI37312_12.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070005115_
ЭКБ идентификаторы
37312
Редакция идентификаторы
AI37312_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:34

0 Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 11-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері бекітілсін.

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2007 жылғы 25 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

2 2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру бюджеттiк қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Бiлiм беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкiлдерiне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына берiледi.
Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.

3

3. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

4 4. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарының (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектептің бітірушілері, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.

5 5. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

6

6. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшаға сәйкес кешендi тестiлеудiң немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.

7 7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негiзде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
Кәсiптiк жоғары бiлiмi бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

8 8. Екi немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

9

9. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

10 10. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жоғары бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

11 11. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай - шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай - шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

12 12. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтiнiштердi қабылдау мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.

13 13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу.

Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25.
Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

14 14. Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезiнде өтiнiштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.

2 2. Кешенді тестілеуді өткізу

15 15. Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.

16 16. Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылады.

16-1 16-1. Кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін базалық ЖОО-ға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері (бұдан әрі - Министрлік өкілдері) жіберіледі.

17

17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiшін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртекті (квитанция), 3х4 көлемiндегi екi фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

18 18. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

19 19. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс.

20 20. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.

21 21. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

Шығармашылық мамандыққа түсуші талапкерлер үшін тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.

22 22. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

22-1 22-1. Талапкерге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа талапкермен ауыстыруға, көшіріп жазуға, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.

22-2 22-2. Талапкер осы Ереженің 22-1-тармағын бұзған жағдайда Министрлік өкілі:

1 1) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда тыйым салынған заттың тәркіленуі және аудиторияда тәртіп ережелерін бұзған талапкерлерді аудиториядан шығару туралы акт жасайды;

2 2) тестілеу нәтижелерін жою және талапкерді аудиториядан шығару туралы шешім қабылдайды.

23 23. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.

24 24. Тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар коды ілінеді.

25 25. Сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген тест нәтижелерiн мемлекеттік комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды.

26 26. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгiленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейiнгi үш күнтізбелік iшiнде бередi.

27

27. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір базалы ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның талапкерге балдар қосу туралы ұсыныстардың негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, талапкерге балдар қосу туралы Республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оны апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.
Апелляциялық комиссияның негізгі функциялары мен іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 шілдедегі № 350 бұйрығымен бекітілген жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. Білім беру грантын тағайындау тәртібі

4 4. Жоғары оқу орындарына қабылдау

44 44. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткiзедi.

Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.

45 45. Мемлекеттiк бiлiм беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлiк алған азаматтар, куәлiкте көрсетiлген ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бередi және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау туралы куәлiгi барлар өздерi арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

46

46. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.

46-1 46-1. Ұшқыштарды даярлайтын жоғары оқу орнына түсетін тұлғалар үшін дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының ұшқыштарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнына оқуына жарамдылығына медициналық қорытындыны бере отырып медициналық куәландыруы міндетті.

46-2 46-2. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу кезінде тапсырған пәндердің біреуінен 4-балдан төмен балл алған жағдайда, талапкерлер ақылы бөлімге қабылданбайды және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға рұқсат берілмейді.

46-3 46-3. Егер, азамат екінші дәрежелі банктермен берілетін білім беру несиесін ресімдесе, ол құжаттарының сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ЖОО-ға ұсынған жағдайда оқу орнының студенттері қатарына қабылданады.

Осы ретте оған банк білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын соманы төлеу мерзімін ұзартуды ұсынады. Бірақ ол банктен анықтама алған сәттен бастап 4 аптаға жарамды.

47

47. 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткiштерiн ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.

48

48. Меншiк нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгiленген нысанда және белгіленген мерзiмде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейiн 10 күннiң iшiнде қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) бередi.

49 Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының тізбесі

49. Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелердi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне
1-қосымша
Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының тізбесі
N
Жо­ға­ры оқу ор­ны­ның ата­уы
Ор­на­лас­қан же­рі
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі-
гі­нің ака­де­ми­я­сы
Ал­ма­ты қ.
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
Қа­ра­ған­ды заң ин­сти­ту­ты
Қа­ра­ған­ды қ.
3.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі
Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ко­ми­те­ті­нің
Ака­де­ми­я­сы
Қо­ста­най қ.
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі-
нің  Құр­лық­та­ғы әс­кер­лер­дің әс­ке­ри ин­сти­ту­ты
Ал­ма­ты қ.
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі-
нің "Ке­ңес Ода­ғы­ның екі мәр­те ба­ты­ры Т. Я. Бе­гел­ди­нов атын­да­ғы" Әуе қор­ға­ныс кү­ш­те­рі­нің әс­ке­ри ин­сти­ту­ты
Ақ­тө­бе қ.
6.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­но­ми­ка­лық қыл­мысқа және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы кү­рес жө­нін-
де­гі агент­ті­гі­нің Қар­жы по­ли­ци­я­сы ака­де­ми­я­сы
Ақ­мо­ла об­лы­сы
7.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі ми­ни­стр­лі­гі Көк­ше­тау тех­ни­ка­лық ин­сти­ту­ты
Көк­ше­тау қ.
8.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі-
нің Әс­ке­ри ин­сти­ту­ты
Ал­ма­ты қ.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
Іш­кі әс­кер­лер­дің Әс­ке­ри ин­сти­ту­ты
Пет­ро­павл қ.
10.
(алы­нып та­стал­ды - ҚР Бі­лім және Ғы­лым ми­ни­стрі­нің
2009.06.05 N 271 (қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­лу тәр­ті­бін
4-тар­мақ­тан қа­ра­ңыз) Бұй­ры­ғы­мен)
11.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі-
нің Ұлт­тық қор­ға­ныс уни­вер­си­те­ті
Көк­ше­тау қ.
12.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің Ака­де­ми­я­сы
Ал­ма­ты қ.
13.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің Әс­ке­ри ин­сти­ту­ты
Ал­ма­ты қ.
14.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі-
нің Ра­дио­элек­тро­ни­ка мен бай­ла­ныс әс­ке­ри-
ин­же­нер­лік ин­сти­ту­ты
Ал­ма­ты қ.
Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
ережелеріне 2-қосымша
Ауылдық бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген азаматтар үшiн арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы бiлiм және бакалавриат мамандықтарының тiзбесi
Код
Ма­ман­дық­тар топ­та­ры мен ма­ман­дық­тар ата­уы
Ба­ка­лаври­ат ма­ман­дық­та­ры
1. Бі­лім
5В010100
Мек­теп­ке дей­ін­гі оқы­ту және тәр­би­е­леу
5В010200
Ба­ста­уы­шта оқы­ту­дың пе­да­го­ги­ка­сы мен әді­сте­ме­сі
5В010300
Пе­да­го­ги­ка және пси­хо­ло­гия
5В010400
Ба­стап­қы әс­ке­ри дай­ын­дық
5В010500
Де­фек­то­ло­гия
5В010600
Му­зы­ка­лық бі­лім
5В010700
Бей­не­леу өне­рі және сы­зу
5В010800
Де­не­шы­нық­ты­ру және спорт
5В010900
Ма­те­ма­ти­ка
5В011000
Фи­зи­ка
5В011100
Ин­фор­ма­ти­ка
5В011200
Хи­мия
5В011300
Био­ло­гия
5В011400
Та­рих
5В011500
Құқық және эко­но­ми­ка негіз­де­рі
5В011600
Гео­гра­фия
5В011700
Қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті
5В011800
Орыс ті­лі мен әде­би­е­ті
5В011900
Ше­тел ті­лі: екі ше­тел ті­лі
5В012000
Кә­сіп­тік оқы­ту
5В012100
Қа­зақ ті­лін­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер­де­гі қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті
5В012200
Орыс ті­лін­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер­де­гі орыс ті­лі мен әде­би­е­ті
5В012300
Әле­умет­тік пе­да­го­ги­ка және өзін-өзі та­ну
2. Гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар
5В020300
Та­рих
5В020400
Мә­де­ни­ет­та­ну
5В020600
Дін­та­ну
5В020800
Ар­хео­ло­гия және эт­но­ло­гия
3. Өнер
5В040400
Дәс­түр­лі му­зы­ка өне­рі
5В041900
Мұ­ра­жай ісі және ес­керт­кіш­тер­ді қор­ғау
4. Әле­умет­тік ғы­лым­дар және биз­нес
5В050400
Жур­на­ли­сти­ка
5В050500
Ай­мақ­та­ну
5В050600
Эко­но­ми­ка
5В050700
Ме­недж­мент
5В050800
Есеп және аудит
5В051000
Мем­ле­кет­тік және жер­гі­лік­ті бас­қа­ру
5В051100
Мар­ке­тинг
5В051200
Ста­ти­сти­ка
5В051500
Мұ­ра­ғат­та­ну, құ­жат­тар жүр­гі­зу және құ­жат­та­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
5В051900
Ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру және нор­ма­лау
5. Жа­ра­ты­лы­ста­ну ғы­лым­да­ры
5В060100
Ма­те­ма­ти­ка
5В060200
Ин­фор­ма­ти­ка
5В060400
Фи­зи­ка
5В060600
Хи­мия
5В060700
Био­ло­гия
5В060800
Эко­ло­гия
5В060900
Гео­гра­фия
5В061000
Гид­ро­ло­гия
5В061200
Ме­тео­ро­ло­гия
6. Тех­ни­ка­лық ғы­лым­дар және тех­но­ло­ги­я­лар
5В070100
Био­тех­но­ло­гия
5В070300
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер
5В070600
Гео­ло­гия және пай­да­лы қаз­ба­лар кен ор­нын бар­лау
5В070800
Мұ­най газ ісі
5В071100
Гео­де­зия және кар­то­гра­фия
5В071300
Кө­лік, кө­лік­тік тех­ни­ка және тех­но­ло­ги­я­лар
5B071500
Те­ңіз тех­ни­ка­сы мен тех­но­ло­ги­я­лар
5В071700
Жы­лу энер­ге­ти­ка­сы
5В071800
Электр энер­ге­ти­ка­сы
5В071900
Ра­дио­тех­ни­ка, элек­тро­ни­ка және те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар
5В072400
Тех­но­ло­ги­я­лық ма­ши­на­лар және жаб­дық­тар (са­ла бой­ын­ша)
5В072500
Ағаш өң­деу және аға­штан бұй­ым­дар жа­сау тех­но­ло­ги­я­сы (қол­да­ны­лу са­ла­сы бой­ын­ша)
5В072600
Же­ңіл өнер­к­ә­сіп бұй­ым­да­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сы және құ­ра­с­ты­ры­луы
5В072700
Азық–тү­лік өнім­де­рі­нің тех­но­ло­ги­я­сы
5В072800
Қай­та өң­деу өн­ді­рі­сте­рі­нің тех­но­ло­ги­я­сы (са­ла бой­ын­ша)
5В072900
Құ­ры­лыс
5В073100
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және өмір тір­ші­лі­гі­нің қа­уіп­сіз­ді­гі
5В073200
Стан­дарт­тау, сер­ти­фи­кат­тау және мет­ро­ло­гия
5В073700
Пай­да­лы қаз­ба­лар­ды бай­ы­ту
5В074500
Кө­лік құ­ры­лы­сы
7.  Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық ғы­лым­да­ры
5В080100
Аг­ро­но­мия
5В080200
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру тех­но­ло­ги­я­сы
5В080300
Аң­шы­лық­та­ну және аң ша­ру­а­шы­лы­ғы
5В080400
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы және өнер­к­ә­сіп­тік ба­лық аулау
5В080500
Су ре­сур­ста­ры және су­ды пай­да­ла­ну
5В080600
Аг­рар­лық тех­ни­ка және тех­но­ло­гия
5В080700
Ор­ман ре­сур­ста­ры және ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы
5В080800
То­пы­рақ­та­ну және аг­ро­хи­мия
5В080900
Же­міс-кө­кө­ніс ша­ру­а­шы­лы­ғы
5В081000
Жер­ді ме­ли­о­ра­ци­я­лау, бап­тау және қор­ғау
5В081100
Өсім­дік қор­ғау және ка­ран­тин
5В081200
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын энер­ги­я­мен қам­та­ма­сыз ету
8.  Қыз­мет көр­се­ту
5В090100
Кө­лік­ті пай­да­ла­ну және жүк қоз­ға­лы­сы мен та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру
5В090300
Жер­ге ор­на­ла­сты­ру
5В090400
Әле­умет­тік-мә­де­ни қыз­мет көр­се­ту
5В090500
Әле­умет­тік жұ­мыс
5В090600
Мә­де­ни–ты­ны­ғу жұ­мысы
5В090900
Ло­ги­сти­ка (са­ла бой­ын­ша)
5В091000
Кі­та­п­ха­на ісі
5В091200
Мей­рам­ха­на ісі және мей­ман­ха­на биз­не­сі
9.  Әс­ке­ри іс және қа­уіп­сіз­дік
5В100100
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі
10. Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету (ме­ди­ци­на)
5В110100
Мей­ір­би­ке­лік ісі
5В110200
Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау
5В110300
Фар­ма­ция
5В110400
Дә­рі­гер­лік ем­деу ісі
Жо­ға­ры ар­найы бі­лім ма­ман­дық­та­ры
1. Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету (ме­ди­ци­на)
5B130100
Жал­пы ме­ди­ци­на
5B130200
Сто­ма­то­ло­гия
2. Ве­те­ри­на­рия
5B120100
Ве­те­ри­нар­лық ме­ди­ци­на
5B120200
Ве­те­ри­нар­лық са­ни­та­рия
Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
ережелеріне 3-қосымша
ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі
Код
Ма­ман­дық­тар топ­та­ры мен ма­ман­дық­тар ата­уы
Таң­дау бой­ын­ша пән­дер
Бей­ін­дік пән
Ба­ка­лаври­ат ма­ман­дық­та­ры
1. Бі­лім
5В010100
Мек­теп­ке дей­ін­гі оқы­ту және тәр­би­е­леу
Био­ло­гия
Ма­те­ма­ти­ка
5В010200
Ба­ста­уы­шта оқы­ту­дың пе­да­го­ги­ка­сы мен әді­сте­ме­сі
Био­ло­гия
Ма­те­ма­ти­ка
5В010300
Пе­да­го­ги­ка және пси­хо­ло­гия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В010400
Ба­стап­қы әс­ке­ри дай­ын­дық
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В010500
Де­фек­то­ло­гия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В010600
Му­зы­ка­лық бі­лім
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В010700
Бей­не­леу өне­рі және сы­зу
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В010800
Де­не­шы­нық­ты­ру және спорт
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В010900
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В011000
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В011100
Ин­фор­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В011200
Хи­мия
Хи­мия
Хи­мия
5В011300
Био­ло­гия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В011400
Та­рих
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
5В011500
Құқық және эко­но­ми­ка негіз­де­рі
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
5В011600
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В011700
Қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті
Қа­зақ әде­би­е­ті
Қа­зақ ті­лі
5В011800
Орыс ті­лі мен әде­би­е­ті
Орыс әде­би­е­ті
Орыс ті­лі
5В011900
Ше­тел ті­лі: екі ше­тел ті­лі
Шет ті­лі
Шет ті­лі
5В012000
Кә­сіп­тік оқы­ту
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В012100
Қа­зақ ті­лін­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер­де­гі қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті
Қа­зақ әде­би­е­ті
Қа­зақ ті­лі
5В012200
Орыс ті­лін­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер­де­гі орыс ті­лі мен әде­би­е­ті
Орыс әде­би­е­ті
Орыс ті­лі
5В012300
Әле­умет­тік пе­да­го­ги­ка және өзін-өзі та­ну
Био­ло­гия
Био­ло­гия
2. Гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар
5В020100
Фи­ло­со­фия
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
5В020200
Ха­лы­қа­ра­лық қа­ты­на­стыр
Шет ті­лі
Шет ті­лі
5В020300
Та­рих
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
5В020400
Мә­де­ни­ет­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Қа­зақ­стан та­рихы
5В020500
Фи­ло­ло­гия
Әде­би­ет
Ана ті­лі
5В020600
Дін­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
5В020700
Аудар­ма ісі
Шет ті­лі
Шет ті­лі
5В020800
Ар­хео­ло­гия және эт­но­ло­гия
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Қа­зақ­стан та­рихы
5В020900
Шы­ғы­ста­ну
Шет ті­лі
Шет ті­лі
5В021000
Ше­тел фи­ло­ло­ги­я­сы
Шет ті­лі
Шет ті­лі
5В021100
Тео­ло­гия
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Қа­зақ­стан та­рихы
5В021200
Тюр­ко­ло­гия
Шет ті­лі
Ана ті­лі
3. Құқық
5В030100
Құқық­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
5В030200
Ха­лы­қа­ра­лық құқық
Шет ті­лі
Шет ті­лі
5В030300
Құқық қор­ғау қыз­ме­ті
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
5В030400
Ке­ден ісі
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
4. Өнер
5В040100
Му­зы­ка­та­ну
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В040200
Ас­пап­тық орын­да­у­шы­лық
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В040300
Во­кал­дық өнер
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В040400
Дәс­түр­лі му­зы­ка өне­рі
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В040500
Ди­ри­жер­леу
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В040600
Ре­жис­су­ра
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В040700
Ак­тер­лік өнер
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В040800
Эст­ра­да өне­рі
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В040900
Хо­рео­гра­фия
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041000
Сце­но­гра­фия
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041100
Ком­по­зи­ция
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041200
Опе­ра­тор­лық өнер
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041300
Кес­кін­де­ме
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041400
Гра­фи­ка
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041500
Мү­сін
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041600
Өнер­та­ну
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041700
Сән өне­рі
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В041900
Мұ­ра­жай ісі және ес­керт­кіш­тер­ді қор­ғау
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Қа­зақ­стан та­рихы
5В042000
Сәу­лет
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В042100
Ди­зайн
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В042200
Бас­па ісі
Әде­би­ет
Әде­би­ет
5В042300
Арт-ме­недж­мент
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5. Әле­умет­тік ғы­лым­дар, эко­но­ми­ка және биз­нес
5В050100
Әле­умет­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Қа­зақ­стан та­рихы
5В050200
Са­я­сат­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Қа­зақ­стан та­рихы
5В050300
Пси­хо­ло­гия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В050400
Жур­на­ли­сти­ка
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В050500
Ай­мақ­та­ну
Шет ті­лі
Шет ті­лі
5В050600
Эко­но­ми­ка
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В050700
Ме­недж­мент
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В050800
Есеп және аудит
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В050900
Қар­жы
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В051000
Мем­ле­кет­тік және жер­гі­лік­ті бас­қа­ру
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В051100
Мар­ке­тинг
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В051200
Ста­ти­сти­ка
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В051300
Әлем­дік эко­но­ми­ка
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В051400
Қо­ғам­дық бай­ла­ныс
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В051500
Мұ­ра­ғат­та­ну, құ­жат­тар жүр­гі­зу және құ­жат­та­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Қа­зақ­стан та­рихы
5В051900
Ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру және нор­ма­лау
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
6. Жа­ра­ты­лы­ста­ну ғы­лым­да­ры
5В060100
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В060200
Ин­фор­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В060300
Ме­ха­ни­ка
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В060400
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В060500
Яд­ро­лық фи­зи­ка
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В060600
Хи­мия
Хи­мия
Хи­мия
5В060700
Био­ло­гия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В060800
Эко­ло­гия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В060900
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В061000
Гид­ро­ло­гия
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В061100
Аст­ро­но­мия
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В061200
Ме­тео­ро­ло­гия
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
7. Тех­ни­ка­лық ғы­лым­дар және тех­но­ло­ги­я­лар
5В070100
Био­тех­но­ло­гия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В070200
Ав­то­мат­тан­ды­ру және бас­қа­ру
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В070300
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В070400
Есеп­теу тех­ни­ка­сы және бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В070500
Ма­те­ма­ти­ка­лық және ком­пью­тер­лік мо­дель­деу
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В070600
Гео­ло­гия және пай­да­лы қаз­ба­лар кен ор­нын бар­лау
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В070700
Тау-кен ісі
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В070800
Мұ­най газ ісі
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В070900
Ме­тал­лур­гия
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В071000
Ма­те­ри­ал та­ну және жа­ңа ма­те­ри­ал­дар тех­но­ло­ги­я­сы
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В071100
Гео­де­зия және кар­то­гра­фия
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В071200
Ма­ши­на жа­сау
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В071300
Кө­лік, кө­лік­тік тех­ни­ка және тех­но­ло­ги­я­лар
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В071400
Авиа­ци­я­лық тех­ни­ка және тех­но­ло­ги­я­лар
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5B071500
Те­ңіз тех­ни­ка­сы мен тех­но­ло­ги­я­лар
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В071600
Ас­пап жа­сау
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В071700
Жы­лу энер­ге­ти­ка­сы
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В071800
Электр энер­ге­ти­ка­сы
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В071900
Ра­дио­тех­ни­ка, элек­тро­ни­ка және те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В072000
Бей­ор­га­ни­ка­лық заттар­дың хи­ми­я­лық тех­но­ло­ги­я­сы
Хи­мия
Хи­мия
5В072100
Ор­га­ни­ка­лық заттар­дың хи­ми­я­лық тех­но­ло­ги­я­сы
Хи­мия
Хи­мия
5В072200
По­ли­гра­фия
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В072300
Тех­ни­ка­лық фи­зи­ка
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В072400
Тех­но­ло­ги­я­лық ма­ши­на­лар және жаб­дық­тар (са­ла бой­ын­ша)
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В072500
Ағаш өң­деу және аға­штан бұй­ым­дар жа­сау тех­но­ло­ги­я­сы (қол­да­ны­лу са­ла­сы бой­ын­ша)
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В072600
Же­ңіл өнер­к­ә­сіп бұй­ым­да­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сы және құ­ра­с­ты­ры­луы
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В072700
Азық–тү­лік өнім­де­рі­нің тех­но­ло­ги­я­сы
Хи­мия
Хи­мия
5В072800
Қай­та өң­деу өн­ді­рі­сте­рі­нің тех­но­ло­ги­я­сы (са­ла бой­ын­ша)
Хи­мия
Хи­мия
5В072900
Құ­ры­лыс
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В073000
Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­рын, бұй­ым­да­рын және құ­ра­с­ты­ры­лым­да­рын өн­ді­ру
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В073100
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және өмір тір­ші­лі­гі­нің қа­уіп­сіз­ді­гі
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В073200
Стан­дарт­тау, сер­ти­фи­кат­тау және мет­ро­ло­гия
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В073300
То­қы­ма ма­те­ри­ал­да­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сы және жо­ба­ла­нуы
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В073700
Пай­да­лы қаз­ба­лар­ды бай­ы­ту
Хи­мия
Хи­мия
5В073800
Ма­те­ри­ал­дар­ды қы­сым­мен өң­деу тех­но­ло­ги­я­сы
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5B074300
Ұша­тын ап­па­рат­тар мен қоз­ғалт­қы­штар­ды ұшу­да пай­да­ла­ну
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В074500
Кө­лік құ­ры­лы­сы
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В074600
Ға­рыш тех­ни­ка­сы және тех­но­ло­ги­я­ла­ры
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В074800
Фар­ма­цев­ти­ка­лық өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сы
Хи­мия
Хи­мия
8. Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық ғы­лым­да­ры
5В080100
Аг­ро­но­мия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В080200
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру тех­но­ло­ги­я­сы
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В080300
Аң­шы­лық­та­ну және аң ша­ру­а­шы­лы­ғы
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В080400
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы және өнер­к­ә­сіп­тік ба­лық аулау
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В080500
Су ре­сур­ста­ры және су­ды пай­да­ла­ну
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В080600
Аг­рар­лық тех­ни­ка және тех­но­ло­гия
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
5В080700
Ор­ман ре­сур­ста­ры және ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В080800
То­пы­рақ­та­ну және аг­ро­хи­мия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В080900
Же­міс-кө­кө­ніс ша­ру­а­шы­лы­ғы
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В081000
Жер­ді ме­ли­о­ра­ци­я­лау, бап­тау және қор­ғау
Био­ло­гия
Ма­те­ма­ти­ка
5В081100
Өсім­дік қор­ғау және ка­ран­тин
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В081200
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын энер­ги­я­мен қам­та­ма­сыз ету
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
9. Қыз­мет көр­се­ту
5В090100
Кө­лік­ті пай­да­ла­ну және жүк қоз­ға­лы­сы мен та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В090200
Ту­ризм
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В090300
Жер­ге ор­на­ла­сты­ру
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В090400
Әле­умет­тік-мә­де­ни қыз­мет көр­се­ту
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В090500
Әле­умет­тік жұ­мыс
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В090600
Мә­де­ни–ты­ны­ғу жұ­мысы
2-шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
1-ші шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
5В090700
Ка­дастр
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
5В090800
Ба­ға­лау
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В090900
Ло­ги­сти­ка (са­ла бой­ын­ша)
Гео­гра­фия
Ма­те­ма­ти­ка
5В091000
Кі­та­п­ха­на ісі
Әде­би­ет
Әде­би­ет
5В091200
Мей­рам­ха­на ісі және мей­ман­ха­на биз­не­сі
Гео­гра­фия
Гео­гра­фия
10. Әс­ке­ри іс және қа­уіп­сіз­дік
5В100100
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
5В100200
Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік жүй­е­ле­рі
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
11. Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету (ме­ди­ци­на)
5В110100
Мей­ір­би­ке­лік ісі
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В110200
Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5В110300
Фар­ма­ция
Хи­мия
Хи­мия
5В110400
Дә­рі­гер­лік ем­деу ісі
Био­ло­гия
Био­ло­гия
12. Ве­те­ри­на­рия
5B120100
Ве­те­ри­нар­лық ме­ди­ци­на
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5B120200
Ве­те­ри­нар­лық са­ни­та­рия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
Жо­ға­ры ар­найы бі­лім ма­ман­дық­та­ры
1. Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету (ме­ди­ци­на)
5B130100
Жал­пы ме­ди­ци­на
Био­ло­гия
Био­ло­гия
5B130200
Сто­ма­то­ло­гия
Био­ло­гия
Био­ло­гия
Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік ережесіне
4-қосымша
Аудиторияда тәртіп ережелерін бұзған талапкерлерді аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы акті
______________________________________________________________
(Базалық ЖОО атауы)
«__» _______20_____ж.                         _______сағ._____мин.
Министрлік өкілі _________________________________________________
(аты-жөні)
Аудитория кезекшісі ______________________________________________
(аты-жөні)
Талапкерден: Аты-жөні ____________________________________________
ТЖК_________, аудитория №_____, орын №_____, нұсқа № _____________
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
Ұйымдарына оқуға қабылдауын үлгілік ережесінің 22-1 және 22-2 тармағының
бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:
___________________________________________________________________
(ұялы телефонның маркасы, саны және мәліметтері бар шпаргалка және т.б.)
Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:
Емтихан материалдарын алу;
Бітірушіні: Аты-жөні ______________________________________________,
ТЖК_____№______ аудиториядан шығару және емтихан материалдарын жою.
___________________________________________________________________
(осы актіні құрған тұлғалардың аты-жөні және қолдары)
Актімен таныстым:__________________________________________________
(бітірушінің аты-жөні, қолы)
Актімен таныстым:__________________________________________________
(Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысының аты-жөні, қолы)
М.О.
(Базалық ЖОО мөрі)
Мерзімі:_________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілер тізбесі

1

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2000 жылғы N 6 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;

2

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1514 тіркелген бұйрығының;

3

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2002 жылғы N 30 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;

4

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2003 жылғы 22 ақпандағы N 116-1 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1118 тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2211 тіркелген бұйрығының;

5

5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 наурыздағы N 241 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1118 тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2808 тіркелген бұйрығының;

6

6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 149 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3559 тіркелген, 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 174»"Юридическая газета" газетінде жарияланған бұйрығының;

7

7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 353 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3681 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2005 жылғы қыркүйек N 18 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;

8

8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 95» "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4133 тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы«"Юридическая газета" газеті N 109-110 жарияланған бұйрығының;

9

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 150» "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4638 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымдағы»"Юридическая газета" газеті N 90 жарияланған бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Қолданыстағы