Некоторые вопросы санитарно-эпидемиологической службы Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы санитарно-эпидемиологической службы Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің кейбір мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 02.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI37317_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000072
- ЭКБ идентификаторы
- 37317
- Редакция идентификаторы
- AI37317_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:13
0 Қазақстан Республикасы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) қарамағындағы аумақтық бөлімшелер мен ұйымдар қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелері қайта аталсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Аумақтық бөлімшелер» деген бөлімде:
1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1 «1. Көліктегі аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті:
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Алматы бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Атбасар бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Атырау бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Жамбыл бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Жаңаарқа бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Защита бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Қарағанды бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Көкшетау бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Қостанай бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Қызылорда бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Маңғыстау бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Павлодар бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Семей бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Орал бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Шымкент бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.»;
2-тармақта:
1 1) тармақшаның жиырмасыншы абзацындағы «Щучье» деген сөз «Бурабай» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21, 22, 23, 24, 25-жолдар алып тасталсын;
3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
5 5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
12 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 ақпандағы
№ 72 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Көліктегі орталық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Солтүстік-Батыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемелері «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік-Шығыс өңіраралық темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік-Шығыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемелері «Алматы бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
3
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Солтүстік-Батыс өңірлік әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Солтүстік-Орталық темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен.
4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік-Шығыс өңірлік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік-Шығыс өңірлік әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен.
5
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Батыс өңірлік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен.
18 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 ақпандағы
№ 72 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс өңіраралық темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып.
2
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің Щучье ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып.