Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги «Выдача справок в нотариальную контору для разрешения обмена или продажи жилой площади, принадлежащей несовершеннолетним детям» государственным учреждением «Кызылжарский районный отдел образования»

Қаулы · № 488 · қабылданған 22.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37318/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги «Выдача справок в нотариальную контору для разрешения обмена или продажи жилой площади, принадлежащей несовершеннолетним детям» государственным учреждением «Кызылжарский районный отдел образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 488 ·22.12.2007
22.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги «Выдача справок в нотариальную контору для разрешения обмена или продажи жилой площади, принадлежащей несовершеннолетним детям» государственным учреждением «Кызылжарский районный отдел образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 488 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги «Выдача справок в нотариальную контору для разрешения обмена или продажи жилой площади, принадлежащей несовершеннолетним детям» государственным учреждением «Кызылжарский районный отдел образования»
Атауы (қаз.)
«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нотариалды кеңсеге кәмелетке толмаған балалардың меншігіндегі тұрғын алаңының сатуға және айырбастауға рұқсат анықтамасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
488
Қабылданған күні
22.12.2007
Көрсетілген редакция
22.12.2007 37318_362616.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07SH000051
ЭКБ идентификаторы
37318
Редакция идентификаторы
37318_362616
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:28

0 «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нотариалды кеңсеге кәмелетке толмаған балалардың меншігіндегі тұрғын алаңының сатуға және айырбастауға рұқсат анықтамасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңының 9-1 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымындағы №561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізімі туралы» қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымындағы №588 «Мемлекеттік қызмет көрсету Типтік стандартын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нотариалды кеңсеге кәмелетке толмаған балалардың меншігіндегі тұрғын алаңының сатуға және айырбастауға рұқсат анықтамасын беру» мемлекетік қызметін көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулы бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми түрде жарияланғаннан 10 күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енеді.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы В.В.Тарановқа жүктелсін.

4 Нотариалды кеңсеге кәмелетке толмаған балалардың меншігіндегі тұрғын алаңының сатуға және айырбастауға рұқсат анықтамасын беруге мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Қызылжар ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «22» желтоқсан
№ 488 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Нотариалды кеңсеге кәмелетке толмаған балалардың меншігіндегі тұрғын алаңының сатуға және айырбастауға рұқсат анықтамасын беруге мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1 1. Жалпы ереже

1 1. Мемлекеттік қызметің анықтамасы: Нотариалды кеңсеге кәмелетке толмаған балалардың меншігіндегі тұрғын алаңының сатуға және айырбастауға рұқсат анықтамасын беру (мемлекеттік қызметтің нормативтік-құкықтық анықтамасы)

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нұсқасы:

жартылай автоматтандырылған
(толық автоматтандырылған, жартылай автоматтандырылған, автоматтандырылмаған)

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет ненің негізінде көрсетілетін нормативтік құқықтық актінің атауы және бабы (тармағы) (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің акті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің акті).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі №1346 «Қазақстан Республикасындағы қамқоршы және қамқоршылық органдары жөніндегі Ережені және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орталықтандырылған түрде есепке алуды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2 тарауының 10 тармағы- қамқоршы және қамқоршылық органдары берілген заңнамалық тәртіпке құқығы бар: қамқорлықтағының азайуына қамқорлыққа алуға рұқсат беру, мәміле жасасу, (мәміле жасасуға келісім беру), қамқорлыққа алынған дардық мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе атынан кепілдікке келісім беруге, жалға беруге, өтусіз қолданысқа немесе кепілдікке беруге, мүлкін бөлуге немесе үлесін бөліп беруге, сонымен қатар басқа да мәміле жасау.

4 4. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа субъектінің атауы:

«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (толық атауы)
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, kyzylsharoo@rambler.ru (қызмет көрсетілетін орын, сайт)

5 5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):

нотариалды кеңсеге кәмелетке толмаған балалардың меншігіндегі тұрғын алаңының сатуға және айырбастауға рұқсат анықтамасын беру (анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік және т.б.)

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың

санаты.

1

1) Қорғаушы мен қамқоршысы 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қорғаушы мен қамқоршысы 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар Қазақстан Республикасының үнемі тұрғындары және тұрып қайту рұқсаттары бар азаматтар, азаматтығы жоқ тұрғындар, оралмандар, шетелдіктер

2 2) ата -ананың қамқорынсыз қалға, кәмелетке толмаған қорғаушы және қамқоршы болатын Қазақстан Республикасының азаматтары

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) Тұтынушы қажет құжаттарды тапсырған сәттен мемлекеттік қызметті көрсетуге дейінгі уақыт мерзімі (есепке түру сәті, талон алуы және т.с.с.), мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұраным жасағаннан бастап - 10 күнге дейін;

2 2) қажет құжаттарды тапсыру кезегінде барынша рауалы күту уақыты (тіркелуде, талон алуда және т.с.с.); 40 минут

3 3) дайын құжаттарды алу кезегінде барынша рауалы күту уақыты; 40 минут

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет корсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Бұл стандартты ресми жариялау көзіне, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің сайтына немесе мемлекеттік қызмет көрсететін органдарының мекен-жайларына сілтеме болуға тиіс.
Стандарт республикалық, облыстық немесе аудандық газеттерде жарық көреді. Қызметті «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, электрондық мекен-жайы kyzylsharoo@rambler.ru.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы селолық округ әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері көрсетеді.

10 10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет корсету бар ма (шарттары мен талаптарын корсету).

Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00. сағаттан 18.00. сағатқа дейін, үзіліс 13.00. сағаттан 14.00. сағатқа дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жылдамдатып қызмет көрсетілумен жүргізіледі.

11 11. Қызмет көрсететін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған) және т.с.с).

«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі орналасқан ғимаратта, онда екі есік бар. Құжаттарды ресімдеу үшін фойе мен кабинетте үстел мен орындық бар, өтініштердің үлгілері, күту залы бар.

2 2. Мемлекеттік қызмет корсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы), көрсету:

1 1) Жеке тұлғаның өтініші;

2 2) Жеке куәлігін растайтын құжат (көшірмесі)

3 3) Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі)

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары және т.с.с.) көрсету.

«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, электрондық мекен-жайы kyzylsharoo@rambler.ru.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы селолық округ әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері.

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін корсету.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, электрондық мекен-жайы kyzylsharoo@rambler.ru тапсырылады.

15 15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын корсету.

Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды көрсеткеннен кейін, мемлекеттік қызметті тұтынушыға орындалу күні мен мерзімін көрсетумен талон беріледі.

16 16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету - электрондық почта, сайт арқылы, жеке бару, курьер және т.е.с.

Жеке бару.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесіне жауапты тұлганың сайтына сілтеме, немесе мекен-жайы мен кабинет нөмірі.
«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, электрондық мекен-жайы kyzylsharoo@rambler.ru

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету.

1 1) Осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген, өтініш берушінің құжаттарды беруі

2 2) Берілген құжаттардың сәйкес болмауы.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18

18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуде тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы толық ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгілеген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).

1 1) Нотариалды кеңсеге кәмелетке толмаған балалардың меншігіндегі тұрғын алаңының сатуға және айырбастауға рұқсат анықтамасын беру туралы шартқа тұру тәртібі туралы толық және егжей-тежгейлі ақпаратты алу;

2 2) Тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы және конфиденциалдығы, бекітілген уақытта тұтынушы алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

3 3) Мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және профессионалдығы.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субьектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құралған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (саll-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
Лауазымдық тұлғаның іс-әрекетіне мына құралдар арқылы шағымдануға болады:

1 1) «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, электрондық мекен-жайы kyzylsharoo@rambler.ru бастығына.

2 2) «Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменті» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, телефоны 8 (715)- (2)-46-34-32, электрондық мекен-жайы obldosko@mail.kz

«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Гагарин көшесі, 11, электрондық мекен-жайы kyzylshar-akimat@ sko.kz беріледі.

3 3) Тартысты мәселелер азаматтық сот өндірісі тәртібімен реттеледі.

22 22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.

Шағым:

1 1) «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, №1 кабинеті, байланыс телефондары 8-(715)- (38)- 2-036-69, электрондық мекен-жайы kyzylsharoo@rambler.ru бастығына.

2 2) жоғары тұрған ұйымдарға

«Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменте мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, телефоны 8 (715)- (2)-46-34-32, электрондық мекен-жайы obldosko@mail.ru
«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Гагарин көшесі, 11, электрондық мекен-жайы kyzylshar-sko@kz беріледі.

3 3) Тартысты мәселелер азаматтық сот өндірісі тәртібімен реттеледі.

23 23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету.

Өтінішқті қабылдау талоны, азаматтардыың өтініштерін тіркеу журналы.
Өтінішке жауап алу орны: «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, №1 кабинеті,байланыс телефондары 8-(715)- (38)- 2-36-69, 8-(715)- (38)- 2-11-63. Электрондық мекен-жайы kyzylsharoo@rambler.ru

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субьект басшысының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары).

«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы Молодежная көшесі, 2, №1 кабинеті, байланыс телефондары 8-(715)- (38)- 2-03-69, электрондық мекен-жайы kyzylsharoo@rambler.ru бастыгы.
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00. сағаттан 18.00. сағатқа дейін, үзіліс 13.00. сағаттан 14.00. сағатқа дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жылдамдатып қызмет көрсетілумен жүргізіледі.
Жоғары тұрған ұйым
«Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменте мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, телефоны 8 (715)- (2)-46-34-32, электрондық мекен-жайы obidoko@mail.kz.

25 Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің маңызы

25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды іздеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.)
Мемлекеттік қызмет көрсету
Типтік стандартына қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің маңызы
Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік маңызы
Келесі жылы көрсеткіштің мақсатты маңызы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштің ағымдық маңызы
1
2
3
4
1. Уақтылығы
1.1. құжат тапсырылған сәттен бастап бекітілген уақытта қызметтің көрсетілмеу жағдайының (үлесі)%
100%
100%
100%
1.2. 40 минуттан артық емес кезекте тұрып, қызмет алуды күткен тұтынушылардың (үлесі) %
100%
100%
100%
2. Сапасы
2.1. Көрсетілген қызмет үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың (үлесі) %
100%
100%
100%
2.2. Лауазымдық тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу(есептеу жүргізу, есептеу) жағдайының (үлесі) %
100%
100%
100%
3. Қолжетімділігі
3.1. Көрсетілген қызмет үрдісінің сапасына және ақпарат алу тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың (үлесі) %
100%
100%
100%
3.2. Тұтынушының құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайының (үлесі) %
100%
100%
98%
3.3. Интернет арқылы мүмкіндігі бар, ақпараттық қызмет корсету (үлесі) %
100%
100%
100%
4. Шағым беру үдерісі
4.1. Берілген қызмет көрсету түрі бойынша жалпы тұтынушыға негізделген шағымнің (үлесі) %
0%
0%
0%
4.2. Белгіленген мерзінде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымның (үлесі) %
0%
0%
0%
4.3. Шағым беру ережесінің болуына қанағаттанған тұтынушының (үлесі) %
100%
100%
100%
4.4. Шағым беру мерзімінің болуына қанағаттанған тұтынушының (үлесі) %
100%
100%
100%
5. Әдептілік
5.1. Қызметшінің әдептілігіне қанағаттынған тұтынушының (үлесі) %
100%
100%
100%

Қолданыстағы