Қолданыстағы ред. 21.12.2007

Ескелді ауданы бойынша суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы от 21.12.2007 г. № 7-42 (Ескелді ауданы бойынша суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы)

0

Ескелді ауданы бойынша
суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз
мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 6 баптың 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында суармалы жерлерді пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер учаскелерінің ең аз мөлшері - 0,23 га мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын тұрақты комиссиясының төрағасы Досанов Қосан Сыдықұлына және аудан әкімінің орынбасары Алпысбаев Қуат Майнұрұлына жүктелсін.

3

3. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.