Ескелді ауданы бойынша суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ескелді ауданы бойынша суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 6 баптың 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында суармалы жерлерді пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер учаскелерінің ең аз мөлшері - 0,23 га мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын тұрақты комиссиясының төрағасы Досанов Қосан Сыдықұлына және аудан әкімінің орынбасары Алпысбаев Қуат Майнұрұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.