Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня целевых групп населения

Қаулы · № 92 · қабылданған 15.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37374/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня целевых групп населения Күшін жойған Қаулы ·№ 92 ·15.01.2008
15.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня целевых групп населения

Күшін жойған Қаулы ·№ 92 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня целевых групп населения
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
92
Қабылданған күні
15.01.2008
Көрсетілген редакция
15.01.2008 AI37374_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NA000099
ЭКБ идентификаторы
37374
Редакция идентификаторы
AI37374_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:14

0 Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.

3

3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 85 (тіркеу нөмірі 9-1-66, 2007 жылғы 22 ақпандағы "Қостанай" газеті, "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 85 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 31 шілдедегі № 1925 қаулысымен толықтыру енгізілген, тіркеу нөмірі 9-1-88, 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 71 "Қостанай" газеті) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

4 4. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3070 қаулысының күші жойылсын.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.

7 Қостанай қаласы әкімдігінің

2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 92 қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарының тізбесі

1 1. Табысы аз адамдар.

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

12 12. Елу жастан асқан адамдар.

13 13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.

14 14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.

15 15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

16 16. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).

Қолданыстағы