Об утверждении стандарта оказания государственной услуги «Постановка на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилье из государственного жилищного фонда» государственным учреждением «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Есильского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандарта оказания государственной услуги «Постановка на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилье из государственного жилищного фонда» государственным учреждением «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Есильского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 414
- Қабылданған күні
- 25.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2007 37401_359499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SF000077
- ЭКБ идентификаторы
- 37401
- Редакция идентификаторы
- 37401_359499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:24
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысымен бекітілген «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі», «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2 тармағы негізінде және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру нақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық акпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Р.Жүсіповке жүктелсін.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Есіл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «21» желтоқсан № 414
каулысымен бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Казақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы).
«Тұрғындық қарым катынас туралы» ҚР Заңының 67 бабы орындаушы орган арызданушыден өтініштерін қосымша құжаттарымен алады және оларды алған күннен бастап он бес күн ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды азаматтар кезігіне қою және есепке алу қойлымы туралы немесе қабылдауы туралы қарастырады.
4 4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі (толық атауы)
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 9, байланыс телефоны (8) - (715) - (43)-2 -26-14 (қызмет көрсету орны, сайт).
5 5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):
хат
(анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік және т.б..).
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды түлғалардың санаты:
Қазақстан Республикасының азаматтары, үнемі Қазақстан Республикасында тұратын және тұруға рұқсаты бар.
7 7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзім ішінде көрсетіледі:
1 1) арыз беруші талон алған кезден мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 15 күн.
2 2) мемлекетік кызмет көрсетуде қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте тұрудық максималды уақыты - 10 минут.
3 3) Қорғаншылық және қамқоршылык жөнінде анықтама алу үшін кезекті тосудың максималды уақыты - 10 минут.
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысанын, мемлекеттік қызметтің құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету:
мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнына көрсету. Бұл стандартты ресми жариялау көзіне, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің сайтына немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен- жайларына сілтеме болуға тиіс.
Стандарт республикалық немесе облыстық, аудандық газеттерде жарияланады. Қызметті «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді,
Заңды мекен- жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 9, байланыс телефоны (8) - (715) - (43)-2 - 26 -14.
10 10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету).
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Алдын-ала жазылусыз жүзеге асырылады.
11 11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың колайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған тақта және т.с.с).
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі орналасқан ғимаратта кабинет, құжаттар ресімдеу үшін үстел және орындык бар, стендте өтініштер үлгісі бар.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы), көрсету:
1 1) Есепке алу туралы өтініш.
2 2) Азаматтарды тіркеу кітабы, қажетінше өтінушінің басқа тұлғаларды өз жанұясының мүшесі деп тануы туралы жергілікті орындаушы органдардың анықтамасын береді, Қазақстан Республикасының «Тұрғындық қарым қатынас туралы» Заңына сәйкес.
3 3) Анықтама өтінішінің және онымен үнемі бірге тұратын жанұя мүшелерінде тұрғын үйдің жоқтығы, жеке меншік құқығымен иелік ететін.
4 4) Өтініушінің (жанұясының) әлеуметті қорғау азаматтарға жататының растайтын қорғау органының анықтамасы немесе жеке мемлекеттік кызметтердің, бюджеттік ұйымның жұмысшысының, әскери қызметшінің жұмыс орнын ананықтамасы.
5 5) Қажетінше қосымша тұрғын бөлмесіне құқылы аурудың ауру формасымен қайғырып жүрген адамның жанұяда болуы туралы денсаулық сақтандыру мемлекеттік мекемесінің анықтамасы.
13 13. Сайтқа нұсқау ету, немесе бланкілер беру орны (өтініштер формалары т.с.с), яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін толтыруға керек.
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңды мекен жайы:
Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 9, байланыс телефоны (8) –(715)-(43)-2-26-14
14 14. Сайтқа нұсқаулар, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін керек басқа құжаттар мен өтініштер, формалар, толтырылған бланкілер берілетін жауапты адамның кабинет нөмірін және мекен жайын көрсету.
Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңды мекен жайы:
Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 9, №№ кабинеттердің 7 және 8, байланыс телефоны (8) - (715) - (43)-2 - 26 -14.
15 15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету:
Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттардың барлығы тапсырылғаннан кейін, тұтунышысының өтініші заңды және жеке тұлғалар жазбаша өтініші көрсеткен соң, мемлекеттік қызметтің тұтынушысына қабылданған күні мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16 16. Қызмет корсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету-электрондық пошта, сайт арқылы, жеке бару, курьер және т.с.с.
жеке бару, пошта
17 17. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не жауапты адамның мекен- жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету.
Заңды мекен-жай: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин кошесі 9, №7,8 кабинеттері.
18 18. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету:
- Нақты қалыптың 12 тармағында көрсетілген құжаттар пакетің өтінушінің әкелмеуі
- Берілген құжаттардың сәйкес келмеуі
3 3. Жұмыс қағидаттары
19
19. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
1 1) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу және тіркеу тәртібі туралы толық ақпарат алу
2 2) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы акпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушының белгіленген мерзімінде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету
3 3) мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі мен кәсіптілігі
4 4. Жұмыс нәтижелері
20 20. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа косымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді (қосымша).
21 21. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5 5. Шағымдану тәртібі
22
22. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, электрондық поштасының мекен-жайын, шақыруларды өндеу орталықтарының (саll- орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету:
Лауазымды адамның әрекетіне шағымдану:
1 1) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына, заңды мекен- жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі 9, №7 кабинет, телефоны:8-(71543)- 2-26-14
2 2) жоғары тұрған ұйымдарға:
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы әкімдігі. Мекен- жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі,10 телефоны 8-(71543)- 2-15-01
электрондық адресі esil-akimat@mail.ru
3 3) талас сұрақтар сот тәртібімен реттеледі
23 23. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық поштасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
Шағым беріледі:
1 1) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына, заңды мекен- жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі 9, №7 кабинет, телефоны:8 (71543)- 2-26-14
2 2) жоғары түрған ұйымдарға: Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы әкімдігі. Мекен- жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 10, телефоны 8-(71543)- 2-15-01 электрондық адресі esil-akimat@mail.ru
3 3) талас сұрақтар сот тәртібімен реттеледі.
24 24. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымга жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету:
Азаматтардың шағымдарын тіркеу журналы.
Шағымға жауапты алу орны: күжаттарды «СолтүстІк Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен- жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 9, № 7 кабинет, телефоны: 8-(71543)- 2-26-14
6 6. Байланыс ақпараты
24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрган ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт, электрондық поштасының мекен- жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары): «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин іөшесі, 9, №8 кабинет, телефоны: 8-(71543)- 2-26-14
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9-00-ден 18.00-ге д
25 Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
25. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы әкімдігі. Мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі,10, телефоны 8-(71543)- 2-15-01
электрондық адрес: esil-akimat@mail.kz
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9-00 ден 18-00 дейін, үзіліс сағат 13-00 ден- 14-00 ге дейін, алдын-ала жазылусыз және көздетілген қызмет көрсетусіз.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке алу және кезекке қою
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына косымша
Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Уақтылығы
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
100
100
100
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткені тұтынушылардың п% (үлесі)
100
100
100
2. Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үдірісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100
100
100
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайлдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалары) % (үлесі)
100
100
100
3. Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100
100
100
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
100
100
100
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
0
0
0
4. Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
0
0
0
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)
100
100
100
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100
100
100
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100
100
100
5. Сыпайлық
5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушыларың % (үлесі)
100
100
100