Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов

Қаулы · № 80 · қабылданған 31.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37417/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов Күшін жойған Қаулы ·№ 80 ·31.01.2008
29.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов

Күшін жойған Қаулы ·№ 80 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов
Атауы (қаз.)
Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
80
Қабылданған күні
31.01.2008
Көрсетілген редакция
29.12.2012 AI37417_6.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000080_
ЭКБ идентификаторы
37417
Редакция идентификаторы
AI37417_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:06

0 Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітілсін.

2

2. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1203 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 504-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
N 80 қаулысымен
бекітілген
Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

5 Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
N 80 қаулысымен
бекітілген
Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1 1. Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) мыналарды:

оттегi және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды;
қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сұрыптары бойынша бөлiп сақтауға арналған контейнерлердi немесе алаңдарды;
түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды;
сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндiрiстiк үй-жайларды;
өрт сөндiру құралдарымен жарақтандырылған түстi және қара металдардың жарылу қаупi бар сынықтарына арналған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды;
белгiленген тәртiппен тiркелген кемiнде 50 %-ы электромагниттiк шайбалармен не грейферлiк қапсырулармен жарақталуы тиiс жүк көтергiштiгi кемiнде 5 тонна стационарлық немесе ұтқыр жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздегі жүк көтергiш жабдықты;
қара металдардың сынығын отпен кесуге арналған жабдықты, оның iшiнде қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды;
қара металдардың жеңiл салмақты сынығын пакеттеуге арналған престердi, гидроқайшыларды, жоңқаны сұрыптауға және ұсақтауға арналған қондырғыларды;
олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдарын (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдарын);
салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк немесе радиометрлiк жабдықты қамтитын мамандандырылған жеке меншiк құқығындағы қоршалған өндiрiстiк база;

2 2) қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жеке меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөлiк;

3 3) мынадай мөлшерлерде:

түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м.;
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м. автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесi не оның үлесi;

4 4) заңды тұлғаның басшысы бекiткен түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi нұсқаулық;

5 5) пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы даярлықтан өткен бiлiктi персонал (краншылар, престеушiлер, газбен кесушiлер, пиротехниктер, дозиметршiлер).

2 2. 1-тармақта көрсетiлген талаптар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын филиалды ашқан жағдайда да қойылады.

3 3. Мамандандырылған өндiрiстiк базадан өзге жерде аумақтық орналасқан жеке меншік немесе жалға алу құқығындағы, қоршалған және санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келетiн қабылдау пунктiн ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етіледі:

1 1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай;

2 2) олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары);

3 3) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша;

4 4) кемiнде 200 ш.м алаң.

4

4. Лицензиясы бар заңды тұлғалар жеке тұлғалардан шығу тегi электротехникалық, өнеркәсiптiк, әскери және зымыран-ғарыштық сынықтан, байланыс желiсiнiң кәбiлдерiнен, рельстерден, бұрын қолданыста болған темiр жол төсемi мен жылжымалы құрам элементтерiнен, кәрiз люктерiнiң қақпақтарынан басқа, түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға құқылы.

5 5. Осы бiлiктiлiк талаптары заңды тұлғалардың өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылмайды.

Мұндай заңды тұлғалар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткiзе алады.

Қолданыстағы