Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, приобретению боевого ручного стрелкового оружия и патронов к нему

Қаулы · № 84 · қабылданған 01.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37418/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, приобретению боевого ручного стрелкового оружия и патронов к нему Күшін жойған Қаулы ·№ 84 ·01.02.2008
21.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, приобретению боевого ручного стрелкового оружия и патронов к нему

Күшін жойған Қаулы ·№ 84 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, приобретению боевого ручного стрелкового оружия и патронов к нему
Атауы (қаз.)
Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
84
Қабылданған күні
01.02.2008
Көрсетілген редакция
21.11.2012 AI37418_4.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000084_
ЭКБ идентификаторы
37418
Редакция идентификаторы
AI37418_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:05

0 Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) "Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 635 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 307-құжат) 1-тармағы;

2

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат) 17-тармағы.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 1 ақпандағы
N 84 қаулысымен
бекітілген
Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

7 Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 1 ақпандағы
N 84 қаулысымен
бекітілген
Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3 3) көрсетілген қызмет түріне зерттеу, әзірлеу мен өндіру мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми база;

4 4) жеке меншік құқығындағы, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық база:

арнайы өндірістік ғимарат;
сынақ зертханасы;
жабдық және стенд;
қарулардың және патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;

5 5) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары;

6 6) ұйымның басшысы бекіткен қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарының тәжірибелік моделдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулық;

7 7) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;

8 8) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

9 9) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.

2 2. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3 3) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруын және оның патрондарын өндіру мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база;

4 4) жеке меншік құқығындағы, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

арнайы өндірістік ғимарат;
сынақ зертханасы;
арнайы жабдықталған қойма;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
жабдық және стенд;

5 5) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

6 6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары;

7 7) ұйымның басшысы бекіткен жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

8 8) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;

9 9) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

10 10) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.

3 3. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3 3) жеке меншік құқығындағы, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

арнайы жөндеу-техникалық ғимарат;
сынақ зертханасы;
арнайы жабдықталған қойма;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
жабдық және стенд;

4 4) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары;

5 5) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісімнің;

6 6) ұйымның басшысы бекіткен жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

7 7) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;

8 8) күзет қызметіне лицензияның немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

9 9) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.

4 4. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3 3) жеке меншік құқығында қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сақтауға арналған, арнайы жабдықталған қойма;

4 4) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5 5) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;

6 6) күзет қызметіне арналған лицензия немесе арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

7 7) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.

Қолданыстағы