О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 02.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2009 AI37421_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000089_
- ЭКБ идентификаторы
- 37421
- Редакция идентификаторы
- AI37421_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:05
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 ақпандағы
N 89 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 44-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. "Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 246-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі" деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 1.14-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3
4
4. "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанында:
"2008 жылғы ақпан" деген сөздер "2008 жылғы сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2008 жылғы сәуір" деген сөздер "2009 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 49-жолдың 3-бағанында:
"2008 жылғы қазан" деген сөздер "2009 жылғы қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2008 жылғы желтоқсан" деген сөздер "2009 жылғы наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 240-жолдың 3-бағанында "2008 жылғы қаңтар" деген сөздер "2008 жылғы ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын.
5 5. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
"3-шара. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы" деген 3.5.3-кіші бөлімнің алтыншы және сегізінші абзацтарындағы "Өңірлік" деген сөз алынып тасталсын.