Құжат мәтініне өту

Об Инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ

Қаулы · № 1823 · қабылданған 26.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37434/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об Инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ Күшін жойған Қаулы ·№ 1823 ·26.12.2007
26.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об Инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ

Күшін жойған Қаулы ·№ 1823 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об Инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ
Атауы (қаз.)
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі Нұсқаулық туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1823
Қабылданған күні
26.12.2007
Көрсетілген редакция
26.12.2007 37434_261118.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07NB009297
ЭКБ идентификаторы
37434
Редакция идентификаторы
37434_261118
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:22

0 Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру

тәртібі және жағдайлары жөніндегі
Нұсқаулық туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғым 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің 11-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі Нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Рудный қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1929, 2003 жылғы 10 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде № 3 болып жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 838 «Әкімдіктің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 2709, 2004 жылғы 1 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 11-12 болып жарияланған қаулысы, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 520 «Әкімдіктің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-58, 2006 жылғы 23 тамызда «Рудненский рабочий» газетінде № 68 болып жарияланған қаулысымен, Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 43 «Әкімдіктің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 854 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі ережелерді бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-76, 2007 жылғы 13 наурызда «Рудненский рабочий» газетінде № 21 болып жарияланған қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) қаулысы күшін жойды деп танылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі Нұсқаулық

Рудный қаласы әкімдігінің
2007 жылғы «26» желтоқсандағы
№ 1823 қаулысымен бекітілді
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
тәртібі және жағдайлары жөніндегі Нұсқаулық

1 1. Осы Нұсқаулықта пайдаланатын негізгі ұғымдар:

1 1) жұмыссыздар – өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы адамдар;

2

2) қоғамдық жұмыстар – атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері;

3 3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты шығындар – қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысы, Қазақстан республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты тқлеу бойынша шығындар.

2 2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасайды.

3 3. Қоғамдық жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылады.

4 4. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың еңбекақысын ай сайын мыналар жүзеге асырады:

1 1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен өтей отырып, жұмыс беруші;

2

2) қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың жеке щоттарына аудару жолымен заңнамамен белгілінген тәртіпте конкурста жеңген, операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі берген лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты шығындар, екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне төлемдер жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

5 5. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жағдайлары қоғамдық жұмыстарды орындау жөніндегі шартта айтылады.

6 6. Жұмыс беруші ай сайын:

1 1) қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздарға еңбекақы есептеуді жүргізеді, тізімдерді қалыптастырады;

2 2) қоғамдық жұмыстарды орындау жөніндегі шартта көрметілген мерзімдерге сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыздардың тізімін, жұмыс уақытын есептеу табелін, орындалған жұмыстардың актісін ұсынады.

7 7. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бюджеттік бағдарламаның паспортына және қаржыландыру жоспарына сәйкес шығындар бойынша міндеттемелерді орындауға ай сайын рұқсат береді.

8 8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлем шоттарының негізінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты шығындарды өтеуді, екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне төлемді жүргізеді.

9 9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді, денсаулыққа келтірілген зақым немесе басқа да зияндардың орнын толтыруды жұмыс беруші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізеді.

10 10. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылауды заңнамада белгіліген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қолданыстағы