Об оказании дополнительного вида социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительного вида социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/3
- Қабылданған күні
- 18.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2008 37466_330218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BP000070
- ЭКБ идентификаторы
- 37466
- Редакция идентификаторы
- 37466_330218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:13
0 Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасының, 16 бабының, 29 баптың 6, 7 тармақтарының негізінде, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын, мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрі, мүгедек баланың әрқайсысына, тоқсанына алты айлық есептеу көрсеткішінің мөлшерінде көрсетілсін.
2 2. Әлеуметтік көмек туған, асырап алынған, сонымен бірге қамқорлыққа (қамқоршылыққа) алынған мүгедек балаларға, толық мемлекеттің қамқорлығына алынған мүгедек балалардан басқа мүгедек балаларға тағайындалатындығы және төленетіндігі;
әлеуметтік көмекті алуға үйінде тәрбиелентін және оқытылатын, мүгедек баланың ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің құқығы барлығы;
әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар, тұлғалар «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттардың тізбесін тапсыратындығы:
1 1) өтініш-тоқсан сайын;
2 2) өтініш берушінің куәлігі, құжаты (түпнұсқа және көшірме);
3 3) отбасының құрамы туралы анықтама (түпнұсқа) немесе азаматтарды
тіркеу кітабі (түпнұсқа және көшірме)-тоқсан сайын;
4 4) мүгедектігін белгілеу туралы (түпнұсқа және көшірме) дәрігерлік әлеуметтік сараптаудың (белгіленген үлгідегі) анықтамасы;
5 5) мүгедек баланы үйінде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы Ақмола облысының білім департаментінің психолого-дәрігерлік-педагогикалық кеңесінің қортындысы;
6 6) баланың тууы туралы анықтама:
7 7) үйінде оқу деректігін растайтын оқу орнынан анықтама (түпнұсқа)-тоқсан сайын;
8 8) қамқоршының (қамқорлыққа алушының) өтінішіне қамқорлықты белгілеу туралы қамқоршы және қамқорлық органы шешімінен жазба;
әлеуметтік көмек көмекке құқығы қозғалғаннан кейін әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаған айдан бастап, Ақмола облысының білім департаментінің психолого-дәрігерлік-педагогикалық кеңесімен берілген, мүгедек баланы үйінде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қортындысында көрсетілген кезеңге.тағайындалатындығы және оны алуға құқығы бар тұлғаның жеке шоттарына тағайындалған сомманы аудару жолымен төленетіндігі анықталсын.