Қолданыстағы ред. 14.12.2007

Қала аумағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне қоғамдық көлікте (таксиден баска) жүруге жеңілдік беру туралы от 14.12.2007 г. № 38 (Қала аумағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне қоғамдық көлікте (таксиден баска) жүруге жеңілдік беру туралы)

0

Қала аумағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының
студенттеріне қоғамдық көлікте (таксиден баска) жүруге жеңілдік беру
туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 2 ақпандағы № 279 "Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік беру туралы" шешімінің күші жойылсын.

2

2. Қала аумағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер беріліп, төмендегідей санаттарына қолданылсын:

1

1) жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарға;

2

2) арнаулы орта оқу орындарында оқитындарға;

3

3) кәсіптік мектептер мен лицейлерде оқитындарға.

3

3. 2 тармақтағы санаттарға сәйкес қалалық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аз қамтылған жанүя есебінде тіркелген, атаулы элеуметтік көмек пен бала жәрдемақысын алушылар отбасындағы тәрбиеленушілер үшін қаладағы қоғамдық колікте (таксиден басқа) тегін жүру енгізілсін.

4

4. Тасымалдау қызметін жүзеге асырушы мекемелерге:

1

1) 2 тармақта көрсетілгендер үшін жол жүру қүнының 40 %;

2

2) 3 тармақта көрсетілгендер үшін жол жүру қүнының 100 % есебінде төлемақы алу ұсынылсын.

5

5. Бюджеттік бағдарламаның әкімгері «Қалалық түрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарыбөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылсын және төмендегідей міндеттер жүктелсін:

1

1) жолақы билеттерін дайындау;

2

2) ұсынылған мәліметтер негізінде дайындалған жолақы билеттерін пайдалану үшін жоғары және арнаулы орта оқу орындарына тарату;

3

3) ұсынылған мәліметтер негізінде тасымалдаушылармен келісім шартқа отыру;

4

4) тасымалдаушылардың «р айдың 5 жұлдызына дейін тиісті бөлімге орындалған -жұмыс актісін тапсыруын қамтамасыз ету;

5

5) орындалған жұмыс актісіне сәйкес тасымалдаушыларға қаражат төлемдерін жүргізу;

6

6) өтемақы төлемдері жөнінде есеп жүргізу, бақылау жэне есеп беру.

6

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихаттың
«Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н. Мырзағалиев) жүктелсін.

7

7. Осы шешім Атырау қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

8

8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.