Қала аумағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне қоғамдық көлікте (таксиден баска) жүруге жеңілдік беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Қала аумағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының
студенттеріне қоғамдық көлікте (таксиден баска) жүруге жеңілдік беру
туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 2 ақпандағы № 279 "Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік беру туралы" шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Қала аумағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер беріліп, төмендегідей санаттарына қолданылсын:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарға;
Тармақша 2
2) арнаулы орта оқу орындарында оқитындарға;
Тармақша 3
3) кәсіптік мектептер мен лицейлерде оқитындарға.
Тармақ 3
3. 2 тармақтағы санаттарға сәйкес қалалық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аз қамтылған жанүя есебінде тіркелген, атаулы элеуметтік көмек пен бала жәрдемақысын алушылар отбасындағы тәрбиеленушілер үшін қаладағы қоғамдық колікте (таксиден басқа) тегін жүру енгізілсін.
Тармақ 4
4. Тасымалдау қызметін жүзеге асырушы мекемелерге:
Тармақша 1
1) 2 тармақта көрсетілгендер үшін жол жүру қүнының 40 %;
Тармақша 2
2) 3 тармақта көрсетілгендер үшін жол жүру қүнының 100 % есебінде төлемақы алу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімгері «Қалалық түрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарыбөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылсын және төмендегідей міндеттер жүктелсін:
Тармақша 1
1) жолақы билеттерін дайындау;
Тармақша 2
2) ұсынылған мәліметтер негізінде дайындалған жолақы билеттерін пайдалану үшін жоғары және арнаулы орта оқу орындарына тарату;
Тармақша 3
3) ұсынылған мәліметтер негізінде тасымалдаушылармен келісім шартқа отыру;
Тармақша 4
4) тасымалдаушылардың «р айдың 5 жұлдызына дейін тиісті бөлімге орындалған -жұмыс актісін тапсыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) орындалған жұмыс актісіне сәйкес тасымалдаушыларға қаражат төлемдерін жүргізу;
Тармақша 6
6) өтемақы төлемдері жөнінде есеп жүргізу, бақылау жэне есеп беру.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихаттың
«Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н. Мырзағалиев) жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім Атырау қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.