Құжат мәтініне өту

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 288 · қабылданған 14.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.03.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-37494/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 288 ·14.12.2007
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗХалықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 288 · қабылданған 14.12.2007

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
288
Қабылданған күні
14.12.2007
Көрсетілген редакция
27.03.2009 · қолданыстағы 37494_186865.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07T0002512
ЭКБ идентификаторы
37494
Редакция идентификаторы
37494_186865
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:37

0 Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
27 бабына сәйкес және IV шақырылған облыстық мәслихаттың II сессиясының 2007 жылғы 10 қазандағы N 17-IV "ІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы ХХІІ сессиясындағы N 330-ІІІ "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына: 1,2,3 топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатындарға, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға 2007 жылғы қазан айынан бастап ай сайын 800 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленсін.

2 2. Мыналар белгіленсін:

1 1) әлеуметтік көмекті тағайындап, төлеуді Атырау қаласы мен аудандар әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - қалалық, аудандық бөлімдер) жүзеге асырады;

2 2) әлеуметтік көмек тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді;

3 3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатындарға әлеуметтік көмек олардың арыздары бойынша қалалық, аудандық бөлімдердегі құжаттар негізінде тағайындалып, төленеді;

4

4) 1,2,3 топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аумақтық құрылымдары ұсынған тізімдер негізінде қалалық, аудандық бөлімдермен тағайындалып, төленеді, кейбір жағдайларда көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек олардың арыздары негізінде тағайындалуы мүмкін;

5 5) бір уақытта бірнеше әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаларға, көмек тек бір негіз бойынша төленеді;

6 6) әлеуметтік көмекті төлеу оны тағайындауға негіз жойылған сәттен бастап тоқтатылады.

3 3. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың облыстық филиалына ұсынылсын (келісім бойынша):

1 1) осы қаулының 2-тармағы 4 тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын тұлғалардың тізімін әр айдың 20 күнінен кешіктірмей, жазбаша және электронды нұсқада қалалық және аудандық бөлімдерге тапсырсын;

2 2) қалалық, аудандық бөлімдердің сұраныстары бойынша әлеуметтік көмекті төлеумен байланысты қажетті анықтамаларды, тізімдерді және басқа да құжаттарды уақтылы жолдауға.

4 4. Атырау қаласы және аудандар әкімдері жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен әлеуметтік көмектің уақтылы тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.

5 5. Облыс әкімиятының 2007 жылғы 24 қазандағы N 248 "Әлеуметтік әлжуаз топтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысы жойылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайненовке жүктелсін.

7 7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.