Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Атауы (қаз.)
- Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 288
- Қабылданған күні
- 14.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2009 · қолданыстағы 37494_186865.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07T0002512
- ЭКБ идентификаторы
- 37494
- Редакция идентификаторы
- 37494_186865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:37
0 Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
27 бабына сәйкес және IV шақырылған облыстық мәслихаттың II сессиясының 2007 жылғы 10 қазандағы N 17-IV "ІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы ХХІІ сессиясындағы N 330-ІІІ "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының кейбір санаттарына: 1,2,3 топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатындарға, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға 2007 жылғы қазан айынан бастап ай сайын 800 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленсін.
2 2. Мыналар белгіленсін:
1 1) әлеуметтік көмекті тағайындап, төлеуді Атырау қаласы мен аудандар әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - қалалық, аудандық бөлімдер) жүзеге асырады;
2 2) әлеуметтік көмек тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді;
3 3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатындарға әлеуметтік көмек олардың арыздары бойынша қалалық, аудандық бөлімдердегі құжаттар негізінде тағайындалып, төленеді;
4
4) 1,2,3 топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аумақтық құрылымдары ұсынған тізімдер негізінде қалалық, аудандық бөлімдермен тағайындалып, төленеді, кейбір жағдайларда көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек олардың арыздары негізінде тағайындалуы мүмкін;