Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О "Правилах представления банками второго уровня в Национальный Банк Республики Казахстан формы ежедневного баланса и дополнительных данных для расчета пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов"

Қаулы · № 57 · қабылданған 26.02.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3751/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О "Правилах представления банками второго уровня в Национальный Банк Республики Казахстан формы ежедневного баланса и дополнительных данных для расчета пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов" Күшін жойған 02.07.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О "Правилах представления банками второго уровня в Национальный Банк Республики Казахстан формы ежедневного баланса и дополнительных данных для расчета пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов"

Күшін жойған Қаулы № 57 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О "Правилах представления банками второго уровня в Национальный Банк Республики Казахстан формы ежедневного баланса и дополнительных данных для расчета пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов"
Атауы (қаз.)
Екiншi деңгейдегi банктердiң пруденциалдық нормативтердi және басқа мiндеттi түрде сақтауға тиiстi нормалар мен лимиттердi есептеу үшiн күнделiктi баланс нысандарын және қосымша деректердi ұсыну Ережесi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
57
Қабылданған күні
26.02.1997
Көрсетілген редакция
02.07.1999 AI3751_1.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V970000437_
ЭКБ идентификаторы
3751
Редакция идентификаторы
AI3751_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:11
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Екiншi деңгейдегi банктердiң пруденциалдық нормативтердi және басқа мiндеттi түрде сақтауға тиiстi нормалар мен лимиттердi есептеу үшiн күнделiктi баланс нысандарын және қосымша деректердi ұсыну Ережесi туралы

Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жаңа Жоспары және екiншi деңгейдегi банктердiң күнделiктi балансының жаңа үлгiсiнiң енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:

1. Екiншi деңгейдегi банктердiң пруденциалдық нормативтердi және басқа мiндеттi түрде сақталуға тиiстi нормалар мен лимиттердi есептеу үшiн күнделiктi баланс нысандарын және қосымша деректердi ұсыну Ережесi бекiтiлсiн және ол 1997 жылдың 1 сәуiрiнен бастап iске қосылсын.

2. Есептеу жұмыстары департаментi (Ю.Л. Денисов) пруденциалдық нормативтердi және басқа мiндеттi түрде сақталуға тиiстi нормалар мен лимиттердi есептеумен байланысты мәлiметтердi алудың және өңдеудiң қажеттi технологиясын қамтамасыз етсiн.

3. Банктiк қадағалау департаментi (Б.К. Жұмағұлов) Екiншi деңгейдегi

банктердiң пруденциалдық нормативтердi және басқа мiндеттi түрде сақталуға
тиiстi нормалар мен лимиттердi есептеу үшiн күнделiктi баланс нысандарын
және қосымша деректердi ұсыну Ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына жiберiп, оларға осы
Қаулыны және көрсетiлген Ереженi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi
мiндеттесiн.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкi Төрағасының орынбасары А.Г. Сәйденовке жүктелсiн.

0 Екiншi деңгейдегi банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне пруденциалдық нормативтердiң және басқа да мiндеттi түрде сақталатын нормалар мен лимиттердi есептеуге қажеттi күнделiктi баланс пен қосымша мәлiметтердiң үлгiлерiн беру ЕРЕЖЕСI

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
N 57 Қаулысымен бекiтiлген
26.02.97 ж.
Екiншi деңгейдегi банктердiң Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкiне пруденциалдық нормативтердiң және басқа
да мiндеттi түрде сақталатын нормалар мен лимиттердi
есептеуге қажеттi күнделiктi баланс пен қосымша
мәлiметтердiң үлгiлерiн беру
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

1.1. Екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрiде - банктердiң) қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторлары мен кредиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ мемлекеттiң ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрiде - Ұлттық Банк) пруденциалдық нормативтердi және басқа да мiндеттi түрде сақталатын нормалар мен лимиттердi белгiлейдi, оларды есептеу үшiн екiншi деңгейдегi банктердiң қаржы ақпараттарын берудiң мынадай тәртiбi белгiленедi.

2. Ақпараттар беру тәртiбi және банктердiң жауаптылығы

2.1. Банктер Ұлттық Банкке өздерiнiң барлық филиалдары бойынша 700/Н үлгiсiндегi жиынтық баланстарын күнделiктi берiп отыруы тиiс.

2.2. Банктер ай сайын баланспен бiрге пруденциалдық нормативтер мен мiндеттi түрде сақталатын басқа да нормалар мен лимиттердi (бұдан әрi - нормативтердi) файлдардың құрылымына сәйкес автоматтандырылған есептеулерге қажеттi осы Ереженiң N 1 Қосымшасында көрсетiлгендей қосымша мәлiметтер берiп отыруы тиiс.

2.3. Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан банктер өздерiнiң өкiмiндегi байланыс құралдары арқылы (Х-400 "alm stаtistiка", Банкаралық Есеп айырысулардың Қазақстандық Орталығы (БЕҚО) арқылы, 010 жәшiгi немесе REMART электрондық почтасының "BALANS" шақыру белгiсi бойынша) тiкелей Ұлттық Банктiң Есептеу жұмыстары департаментiне күн сайын баланстары жөнiнде мәлiмет мәлiмет берiп отырады.
Жиырмадан артық филиалдары бар банктер бес күнтiзбелiк күн iшiнде күнделiктi балансын, ай сайынғы балансын - жетi күнтiзбелiк күн iшiнде Ұлттық Банктiң Есептеу жұмыстары департаментiне берiп отырады.
Басқа банктер үш күнтiзбелiк күн iшiнде күн сайынғы балансын, ай сайынғы балансын - бес күнтiзбелiк күн iшiнде Ұлттық Банктiң Есептеу жұмыстары департаментiне берiп отыруы тиiс.
Банктер сондай-ақ Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне банктiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерiнiң (немесе олардың қол қою құқығы берiлген орынбасарларының) қолдары қойылған, банктiң мөрiмен расталған күнделiктi балансы кем дегенде аптасына бiр рет, ай сайынғы балансын - есеп берiлгеннен кейiнгi айдың 8-шi күнiнен кешiктiрмей берiп отыруға мiндеттi.
Облыс орталықтарында орналасқан банктер мұндай ақпараттарды өздерi орналасқан жерi бойынша Ұлттық Банктiң тиiстi облыстық басқармаларына жоғарыда аталған мерзiмдерде берiп отырады.

2.4. Ұлттық Банктiң облыстық басқармасы банк басшылығының белгiленген тәртiп бойынша қол қойып, растаған баланстарын электрондық почта арқылы жiберiлген баланстармен салыстырып отырады және жұмыс күнi аяқталғанға дейiн өздерiнiң өкiмiндегi байланыс құралдары арқылы Ұлттық Банктiң Есептеу жұмыстары департаментiне ақпараттар берудi жүзеге асырады. Ұлттық Банктiң облыстық басқармасы берiлген ақпараттардың банк құжаттарына сәйкестiгi үшiн жауап бередi және облыстық басқармалардағы көрсетiлген шоттардың банктер мен филиалдардың корреспонденттiк шоттары бойынша қалдықтарын хабарлайды.
Ұлттық Банктiң Есептеу жұмыстары департаментi келесi жұмыс күнгi сағат 16-ға дейiн осы ақпаратты Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнiң ақпарат-статистикалық бөлiмiне жiбередi.
Банктердiң қағазға жазып берiлген күнделiктi баланстары жасалған жерiнде Ұлттық Банктiң тиiстi облыстық басқармаларында ресiмделедi және 5 жыл мерзiмге сақталады.
Банк басшылығы белгiленген тәртiп бойынша қол қойып, растаған ай сайынғы балансы банктерден екi данадан қабылданады, бiреуi почта арқылы Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне жiберiледi.

2.5. Баланстар Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне жiберiледi. Банктiң жетекшiсi берiлген баланстың дұрыстығын тексередi.

Балансқа Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнiң тиiстi лауазымды тұлғалары (банктiң жетекшiсi мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары) қол қояды және жиынтығын жасау үшiн аталған Департаменттiң ақпарат-статистикалық бөлiмiне жiберiледi. Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi ол балансты Ұлттық Банктiң Есептеу жұмыстары департаментiне бередi.

2.6. Ұлттық Банкке берген бұрынғы ақпаратына түзету енгiзгенде банк түзетулердi осындай тәртiппен қағаздағы сияқты электрондық жазбаларда да берiп отыруға мiндеттi.

2.7. Банк мәлiметтердiң мерзiмiнде әрi дұрыс берiлуiне жауап бередi.

3. Қорытынды ереже

3.1. Банк осы Ереженiң 2.1.-2.3. тармақтарында көрсетiлген мерзiмде балансын тапсырмаған немесе оның тапсыру мерзiмiн бұзған жағдайда, банкке резервтiк талаптар шегiнде корреспонденттiк шот бойынша процент төленбейдi және қолданылып жүрген банк заңдарында белгiленгендей шаралар мен санкциялар қолданылуы мүмкiн.

3.2. Резервтiк талаптарды есептеу үшiн күн сайын Ұлттық Банктiң

облыстық басқармаларының Ұлттық Банктiң Есептеу жұмыстары департаментiне
"KORCHET" шақыру белгiсi бойынша берiп отыратын корреспонденттiк шоттар
бойынша қалдықтарының мәлiметтерiн басшылыққа алу қажет.

3.3. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер белгiленген заң тәртiбiмен

шешiледi.

1 Екiншi деңгейдегi банктердiң Қазақстан

Республикасының Ұлттық Банкiне
пруденциалдық нормативтердiң және басқа
да мiндеттi түрде сақталатын нормалар
мен лимиттердi есептеуге қажеттi
күнделiктi баланс пен қосымша
мәлiметтердiң үлгiлерiн беру Ережесiне
N 1 Қосымша
РR   RS  BS
                           Атаулар
8    00  001   Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
               22.07.94 ж. N 826 қаулысының негiзiнде
               орталықтандырылған кредит ресурстарының есебiнен
               берiлген кредиттер
8    00  002   Теңге түрiндегi қолма-қол ақшаға және шетел
               валютасына, мемлекеттiк бағалы қағаздар мен
               аффинаждалған бағалы металдарға және алтын тындарға
               кепiлдiкке берiлетiн кредиттер
8    00  003   Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiмен
               берiлетiн кредиттер
8    00  004   Бiр клиентке немесе өзара байланысты клиенттер
               тобына несие, факторинг және берiлген қаржы лизингi
               бойынша жиынтық қарыздар, оған осы клиентке немесе
               өзара байланысты клиенттер тобына қатысты берiлген
               баланстан тыс мiндеттемелер сомасы қосылады,
               қолма-қол ақша қаражаты, мемлекеттiк бағалы қағаздар
               және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiктерi
               түрiнде клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету
               сомасы алынып тасталады (банктермен ерекше
               қарым-қатынастар арқылы байланысты емес клиенттер
               жөнiнде)
8   00  005    Бiр клиентке немесе өзара байланысты клиенттер
               тобына несие, факторинг және берiлген қаржы
               лизингi бойынша жиынтық қарыздар, оған осы клиентке
               немесе өзара байланысты клиенттер тобына қатысты
               берiлген баланстан тыс мiндеттемелер сомасы қосылады,
               қолма-қол ақша қаражаты, мемлекеттiк бағалы қағаздар
               және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiктерi
               түрiнде клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету
               сомасы алынып тасталады (банктермен ерекше
               қарым-қатынастар арқылы байланысты емес клиенттер
               жөнiнде)
8   00  006    Стандартты кредиттер бойынша негiзгi қарыз сомасы
8   00  007    Стандартты емес кредиттер бойынша негiзгi қарыз
               сомасы
8   00  008    Қанағаттандырылмаған кредиттер бойынша негiзгi
               қарыз сомасы
8   00  009    Тәуекелдiгi жоғары күмәндi кредиттер бойынша
               негiзгi қарыз сомасы
8   00  010    Үмiтсiз кредиттер бойынша негiзгi қарыз сомасы
8   00  011    Құрастырылмаған провизиялар сомасы
8   00  012    Провизиялардың қажеттi мөлшерi
8   00  013    Стандартты емес кредиттер бойынша құрастырылған
               провизиялар сомасы
8   00  014    Қанағаттандырылмаған кредиттер бойынша
               құрастырылмаған провизиялар сомасы
8   00  015    Тәуекелдiгi жоғары күмәнді кредиттер бойынша
               құрастырылған провизиялар сомасы
8   00  016    Үмiтсiз кредиттер бойынша құрастырылған провизиялар
               сомасы
8   00  017    Капиталға қосылған бөлiгiндегi өтеу мерзiмi
               5 жылдан артық субординарлық қарыздар
8   00  018    Ағымдағы жылдың кiрiстерi минус ағымдағы жылдың
               шығыстары
8   00  019    Өз капиталына қосылмайтын банк қызметiнен келген
               шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер
               (провизиялар)
8   00  020    1052, 1252, 1253, 1254, 1255, 1256, 1257 шоттардағы
               қаржы сомасы (Экономикалық Ынтымақтастық және Даму
               Ұйымына (ОЭСР) мүше елдердiң банктерiндегi)

8   00  021    1052, 1252, 1253, 1254, 1255, 1256, 1257 шоттардағы
               қаржы сомасы (резидент-банктердегi және Экономикалық
               Ынтымақтастық және Даму Ұйымына (ОЭСР) мүше емес
               елдердiң банктерiндегi)

8   00  022    0 - ақпарат жоқ;
               1- ақпарат қосымша базада
               Корреспондент-банктерге қатысты 1052 баланстық шот
               қалдықтарының шифрын ашу
8   00  023    0 - ақпарат жоқ;
               1- ақпарат қосымша базада
               Клиент-банктерге қатысты 1252, 1253, 1254, 1255,
               1256, 1257 баланстық шот қалдықтарының шифрын ашу
8   00  024    Қарсы кепiлге және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
               кепiлдiгiне берген банк кепiлдерi мен кепiлдiгi
               бөлiгiне қатысты 6555 шот